Жарнама

авторы: nazi89 (25 мам, 22:05 жарияланды)
1-жүргізуші:
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қостайық,
Кешіккендерді тоспайық
Ғылымдардың ғылымы,
Физикамыз жайында
Кешімізді бастайық.

2-жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.
Тәрбиелі,білімді боп әрқашан
Өс,өркенде, қанат жайып кемелден.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!
Баршаңыз да «Қызықты физика» атты сайыс кешіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Біз бүгінгі кешімізді 7 –ші, 8 -шы сыныптардың арасында сайыс
түрінде жүргізуді ұйғардық. Бұл ойынға әрбір сыныптан бір-бір командадан қатынасып отыр. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз:
« » командасы, « » командасы,
« » және « »командасы. Ойыншыларымызға қол соғып, қошемет көрсетіп қояйық.

1-жүргізуші: Ал,қазір ойын шартымен таныстырып өтейік. Жалпы ойынымыз 5 турдан турады.

1. Таныстыру рәсімі.
2. Қас қағым сәт!
3. Тапқыр болсаң - тауып көр.
4. Ойлан, тап!
5. Капитандар сайысы.

2-жүргізуші:
Армысыздар,қымбатты төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздерде әділ баға берерсіздер-
дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:
1.
2.
3.

1-жүргізуші:
Кезек келіп,өжеттеніп,сөз аппын,
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн!
Тегіміз бір - батырақ та,байда емес,
Емеспіз бе, азаматы қазақтың!- демекші

1-тур Командалардың танысу рәсімі.
Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, әділ қазыларға, көрермендерге
және қарсыластарына сәлем береді. Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға
берейік.

2-жүргізуші: Міне, біз ойыншыларымызбен таныстық. Осы таныстыру рәсімінің бағасын беріңіздер. Ең жоғарғы ұпай – 5 балл. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.

1-жүргізуші: 2-тур. «Қас қағым сәт»
Әр командаға 1 минут ішінде сұрақтар оқылады, әрбір дұрыс жауап үшін бір ұпайдан беріледі. Сонымен команда капитандары ұяшықтардың біреуін таңдап алсын.

1 – сұрақтар тобы
1. Жылудың сұйық немесе газ ағыны арқылы берілуі(конвекция)
2. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал?(барометр)
3. Жылу берудің неше түрі бар?(3)
4. Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы?(жылу мөлшері)
5. Ғылымға физика сөзін енгізген кім?(Аристотель)
6. Сұйықтың буға айналу құбылысы?(кебу)
7. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы?(электр тогы)
8. Энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен азырақ қызған бөлігіне қарай таралуы. – Жылу өткізгіштік
9. Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы – Қатаю, кристалдану.
10.Тұтас алғанда бүкіл атом заряды-Бейтарап
11. Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал-Амперметр
12. Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама.-Кернеу.
13. Қуат бірлігі-Ватт (Вт)
14. Бойымен жарық таралатын сызық-Сәуле
15. Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын физикалық шамаларды басқаша қандай шамалар деп атайды?- Векторлық
16. Материяның ажырамас қасиеті?-Қозғалыс
17. ХБЖ жылдамдық бірлігі-(м/с)
18. ненің графигі ? – Парабола
19. Жол қандай шама ? – Скаляр
20. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)



2 – сұрақтар тобы
1.Жұмыс істемей – ақ дененің ішкі энергиясының өзгеру процесі – Жылу берілу
2.Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы – Балқу
3.Дененің электрленгенің анықтауға арналған прибор – Электроскоп
4.Атомдағы теріс зарядталған бөлшек – Электрон
5.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы – Электр тогы
6.Кернеу бірлігі – Вольт (В)
7.Тоқ күші кернеуге тура кедергіге кері пропорционал.Бұл кімнің заңы ?- Ом заңы
8.Қарастырылып отырғын жағдайда өлшемі мен пішінін ескермеуге болатын дене ?- Материалық нүкте
9.Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
10.ХБЖ үдеудің бірлігі ?- (м/с2)
11.Орын ауыстыру қандай шама ? –Векторлық
12.Уақыт қандай прибормен өлшенеді ? – Сағат
13. Дененің басқа денелер әсер етпегенде өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы?(инерция)
14. Бірлік ауданға түсірілген күш?(қысым)
15. Температураны өлшейтін құрал(термометр)
16. Қысымның өлшем бірлігі ( Па)
17. Жылуды ең нашар өткізетін орта, ауасыз бос кеңістік? (вакуум)
18. Денелерді құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы(ішкі энергия)
19. Ток күшін өлшейтін құрал?
20. Денелердің қозғалыс энергиясы(кинетикалық)

3- сұрақтар тобы
1.Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы – Жылу мөлшері
2.Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы – Кебу
3.Электр зарядының бірлігі – Кулон (Кл)
4.Ядродағы бейтарап бөлшек – Нейтрон
5.Кернеуді өлшейтін прибор – Вольтметр
6.Қозғалысқа қарама-қарсы бағытталған күш: ( үйкеліс күші)
7. Қозғалыс траекториясының бойымен дененің жүріп өткен арақашықтығын не дейді ? – Жол
8. Диффузия құбылысы заттың қандай күйінде тез өтеді? ( газ )
9. Дененің электрленуін анықтайтын аспап ( электроскоп )
10. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
11. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытың сипаттайтың физикалық векторлық шама – Жылдамдық
12. Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім? (Архимед)
13. Қайсысы артық, 1 кг мақта ма, әлде 1 кг темір ме? (бірдей)
14. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шама: (меншікті кедергі)
15. Дененің орнын қандай үш тәсілмен анықтайды ?- Векторлық, координатолық және траекториялық
16. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі: ( Ом*м )
17. Зат өте ұсақ бөлшектерден тұратынын болжаған: ( Демокрит )
18. Күшті өлшейтін аспап: ( динамометр )
19. 20. Қуаттың өлшем бірлігі ( Ватт )
20. Тоғы бар өткізгіштен бөлініп шығатын жылудың мөлшері тоқ күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісі және уақыттың көбейтіндісіне тең –( Джоуль-Ленц заңы)

4- сұрақтар тобы
1. Алғаш рет « элект тогы » түінігін енгізген ғалым ( Ампер )
2. Энергияның өлшем бірлігі: ( Джоуль )
3. Мұз қандай температурада ериді? (0 0С)
4. Зат неден тұрады? ( молекула )
5. Ең алғаш қыздыру шамын ойлап тапқан кім? ( Лодыгин )
6. Сұйықтың тығыздығын өлшейтін аспап: ( ареометр )
7. Динамика заңдарын ашқан ғалым: ( Ньютон )
8. ХБЖ уақыттың бірлігі – (с)
9. Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ?-Спидометр
10. Дененің ішкі энергиясын өзгертудің неше тәсілі бар? (2)
11. Термометр нені өлшейді? ( температура )
12. Дененің көлемін өлшейтін цилиндр: ( мензурка )
13. Дененің массасы неғұрлым көп болса, оны қыздыруға кететін жылу мөлшері соғұрлым.... ( көп болады )
14. Массаны өлшейтін құрал ( таразы)
15. Күннен жылу қай тәсілмен беріледі? ( сәуле шығару )
16. Кг/м3 қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі? ( тығыздық )
17. Меншікті жылусыйымдылығының өлшем бірлігі: ( Дж/ кг ∙ 0С)
18. Энергия жойылмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір күйден екінші күйге өтеді. Бұл қай заң? ( Энергияның сақталу заңы )
19. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
20. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)

3-тур «Тапқыр болсаң-тауып көр!»
Әр командаға физикалық құбылыстарды іс-қимыл арқылы бейнелеу беріледі. Қалған команда оның қандай құбылыс екенін анықтауы тиіс.
Ең жоғары балл – 5ұпай.
1 топқа: өткізгіштерді тізбектей жалғау(амперметр, шам)
2 топқа: инерция құбылысын бейнелеу
3 топқа: серіппенің созылуы
4 топқа: шардың үрілуі

Ойыншыларымыз дайындалып болғанша жанкүйерлерге сұрақтар қоялық.

«Жұмбақтар әлемінде»
1-жұмбақ 2- жұмбақ. 3- жұмбақ.
Көп болса, асықпайсың, Жердің жүзін шарлайсың, Қозғалысқа келтіріп,
Мезеттен қашықтайсың. Онсыз еш жерге бармайсың. Жылдамдығын береді.
Асықсаң аз болады, Көлікпен де, жаяу да, Өлшемдерін қарасаң,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт) Саралайсың, таңдайсың. (Жол) Ньютонға ол келеді.(Күш)



4- жұмбақ. 5- жұмбақ.
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты, Жылдамдықты өзгертеді,
Тағы да бір белгісіз шама шықты. Қозғалысты тездетеді.
Ол болмаса денелер қозғалмайды, Қарсы шықса қозғалысқа,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?(Жылдамдық) Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)

6- жұмбақ. 7- жұмбақ. 8- жұмбақ.
Бірдей көлемдегі масса кейде көп, Мұз жарғыш жүзіп келеді Барлық денелерге тән,
Аз болса да кейде дөп. Бауыры қызып келеді Онсыз болмайды сән.
Делінеді бұл шама, Абайла ойып түсер Әр затта болады әр түрлі,
Аталуын тапшы тек. (Тығыздық) Ондайлар бұзық келер. ( үтік) Өлшеуге болады дәл. (Масса)

9 - жұмбақ. 10 - жұмбақ.

Шам, плита жұмысын жасай қалды Пайдаланар мені жұрт
Ал, оның есептен – ақ басы айналды. Отын менен жарыққа
( Электр есептегіш) Қызмет етем әрқашан
Түсіне білген халыққа ( Ток)

4тур «Ойлан, тап!.»
Әр команда берілген құралдар бойынша тәжірибе жасайды. Себебін түсіндіреді.

1) Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан,
бірнеше қасық ас тұзы
1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.
Не байқалады?
Себебі?
2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр.
Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.
Не байқалады?
Себебі?

2) Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз
Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.
1. Бетін қағазбен жап.
2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.
3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.
4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.
Не байқалады?
Себебі?

3) Қажетті заттар: Стақан, тиын, жайпақ табақта су, сіріңке.
Тапсырма: Қолды су қылмай, тиынды табақтан қалай алуға болады? Көрсету керек.
Не байқалады?
Себебі?

4) Қажетті заттар: Стақан, су, шүмегі бар ыдыс, мензурка
Тапсырма: Дұрыс емес формадағы дененің көлемін анықта.
Не байқалады?
Себебі?

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік,олар соңғы үш турдың бағасын айтады.

5-тур «Капитандар сайысы».
Әр команданың капитандары берілген ғалымдардың суретіне қарап, кім екенін, ғылымда қандай еңбек сіңіргенін айтып шығулары тиіс. Бұған қойылатын жалпы ұпай саны 20 балл. Үш қосымша көмек бере аламыз, әрбір көмек үшін 5 балл шегеріліп отырады.
1) Архимед
2) Ньютон
3) Ом
4) Ампер
Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз.
Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Бүгінгі кешімізде жеңіске жеткен командамызды құттықтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
  • 0
 қаралды: 321
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Наурыз 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама