авторы: nazi89 (25 мам, 22:05 жарияланды)
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, топқа бөлу(әр топтан топ басшысы шығып, карточка суырады).
1 к: Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшын физигі (Исаак Ньютон(1643-1727)).
2 к: Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысын ашқан италияның атақты ғалымы(Галилео Галилей(1564-1642)).
3 к: «Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі» деген қағиданы ұсынған француз ғалымы(Блез Паскаль(1623-1662)).
II. Өткен материалды пысықтау. Үлестірілген әріптер бойынша физикалық ұғымдар құрастыру және олардың мағынасын ашу.
1 т: (13 әріп): жылдамдық, тығыздық, қысым
2 т: (12 әріп): манометр, барометр, динамометр
3 т: (13 әріп): көлем, мензурка, молекула.
III. Жаңа сабақты түсіндіру. Қызығушылықты ояту(тірек белгілер бойынша жұмыстанайық)
1. Архимед кім?
2. Проблемалық сұрақтар:
Неге ауыр денелерді суда көтерген жеңіл?
Ағаш бөрене мен шегені көлге тастасақ қайсысы батады? Неге?
(Оқушылардың жауабынан соң):
Демек, сұйыққа батырылған денеге сұйық тарапынан кері итеруші күш әсер етеді екен. Бұл күштің мәнін тұңғыш рет көне грек ғалымы Архимед есептеп шығарған болатын. Сондықтан бұл күшті Архимед күші деп те атайды. Архимед туралы аңызды еске түсірейік, ол туралы сәлден соң көріністі тамашалаймыз.

IV. Мағынаны тану.
Ал енді ығыстырушы күштің, яғни Архимед күшінің мәнін анықтайық, ол қандай шамаларға тәуелді екен?
Сұйықтың қысымы туралы білімімізге сүйеніп, биіктігі h , табан ауданы S болатын параллелепипед тәрізді денені тығыздығы сұйық толы ыдысқа батырайық. Дененің бүйір жақтарына сұйық тарапынан қысым күші әсер етіп, оларды теңгереді. Бұл күштің әсерінен дене тек сығылады.
Мұндағы:

болса,
Архимед күшінің сан мәнін анықтайтын
негізгі формула
екені белгілі, олай болса

Сұйыққа батырылған денеге осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әсер етеді.
Бұл тұжырымдама Архимед заңы деп аталады.
V. Практикалық бөлім(тәжірибе):
Архимед ашқан жаңалығын түсіну үшін тәжірибе жасап көрейік(1-сурет):
Алдымен динамометр 1 серіппесіне кішкентай шелек 2 және цилиндр формалы денені 3 ілейік. Штативтегі көрсеткіш-тілшенің орнын белгілейміз (1, a-сурет) де, денені су құйылған ыдысқа төгілетін түтікке дейін батырамыз. Бұл кезде суйықтың біраз бөлігін дене ығыстырып шығарады да ол стаканға төгіледі (1, б-сурет), оның көлемі дененің көлеміне тең. Осы кезде сұйыққа батырылған дененің салмағының азайғандығын серіппенің көрсеткішінің жоғары көтерілуі білдіреді.
a б В
1-сурет
Біз жоғарыда сұйыққа батырылған дененің салмағы, кері итеруші архимед күшіне тең шамаға азаятындығын білеміз. Бұл шама дене ығыстырып шығарған сұйықтың мөлшеріне байланысты ма? Бұны анықтау үшін стакандағы сұйықты 2 шелекке құяйық. Көрсеткіш-тілшенің алғашқы орнына қайтып келгенін көреміз (1, в-сурет). Бұл дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағы, сұйыққа батырылған дененің қанша салмақ жоғалтқанына тең екендігін көрсетеді. Сондықтан біз қорытындылай келе мынадай тұжырымға келеміз:
Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш, осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең болады.
Бұл заңды Архимед ашқан, сондықтан оның есімімен — Архимед заңы деп аталады.
Сонымен FA= Рс тең екені дәлелденді.
VI. Жаңа сабақты қорытындылау.
Архимед туралы аңыздан қысқаша көрініс.
Оқушыларымыз дайын болғанша қалғандарымыз сабақты бір-екі ауыз сөзбен түйіндейік:
1) Архимед күшінің әрекеті қалай байқалады?
2) Архимед күші неге тең?
3) Архимед күші қандай шамаларға тәуелді?

Көрініс: Архимед туралы аңыз
Патша:-Бүгін -өте қуанышты күн.Бүгін бізді қан жылатқан римдіктердің құрсауынан бостандық.Бүгін жеңіс күні.Жеңіс күні жасасын!
Патша:- Бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Жеңіске жету жолында математиктер, механиктер, астрономдар аянбай еңбек етті: Бірақ аяулы ғалым Архимедтің білгірлігі мен ақылдылығының бұл жеңіске қосқан үлесі ерекше.
Шебер: Уа, тақсыр, жеңіс құрметіне жасалған алтын тәжді беруге рұқсат етіңіз.
Уәзір: Тәжді қолына алып, Уа, тақсыр патша сен шеберге 2 қадақ алтын беріп едің. Осы алтын толығымен жұмсалды ма, байқап көрейік.
Патша:- Тексеріп көр.
Уәзір: (1 пружиналы таразы алып, тәжді өлшейді). Иә, бұл жерде тәждің салмағы 2 қадаққа тән. Бірақ ол таза алтыннан жасалған ба? Жоқ, әлде қоспа ма? Жұмбақ?.. Шебер алтынның бір бөлігін өзіне қалдырып күміс қосып жібермесін кім білген. Бұл Зевс құдайының ашу ызасын тудырары анық.
Патша: ( Архимедке бұрылып) – О, дана Архимед, бұл күдіктің шешімін тек сен ғана таба аласың. Тәжді бұзбай, оның құрамында қоспа барма жоқ па, соны анықта(Тәжді Архимедке береді)
Барлығы музыка үнімен шығып кетеді. Архимедтің ванна бөлмесі.
Архимед: ( қолына тәжді алып ойланып жүр). Қандай әдемі тәж! Қандай күрделі етіп жасалған! ( пауза). Ал, маған тәждің көлемін білу керек. Алтын ауыр металл, ал күміс одан жеңілдеу. Егер тәж алтын таза алтыннан жасалған болса, салмағы дұрыс болғанмен, тәждің көлемі үлкен болуы керек. Олай болса, көлемін қалай табуға болады?
Моншашы: - Су суып қалады.
Архимед: - Бара жатырмын.
Моншашы Архимедтің халатын ашып, үстіне тәж қояды.Архимед суға түседі.
Архимед: Қара, мен суға түсіп едім, судың деңгейі көтерілді. Ал мен өзімді жеңіл тартқандай сезіндім. (моншашыға бұрылып): Маған тәжді және пружиналы таразыны әкеп берші.( Моншашы тәжді әкеліп береді)
Архимед: Тәжді ауада өлшейін. Міне, мұнша болды. Енді суға түсемін. Ол жеңіл тартты. Тәжге су тарапынан кері итеруші күш әсер етеді. Мұның шамасы ығыстырылып шығарылған сұйықтың салмағына тән. Судың тығыздығы белгілі. Енді тәждің көлемін табамын. Таптым! ТаптымІ Зврика! Эврика!Архимед ваннадан жалаңаш атып шығып, жүгіре жөнелді. Жолда тоқтай қалып, маңдайын салып жібереді. - Ә, жоқ жалаңаш бармаймын. Өмір бойы мектеп оқушылары Архимед жаңалықты жалаңаш ашты деп күліп жүрер ( Халатын киеді).
Моншашы: Зврика! Эврика! Бұл заң менің арқамда ашылды. Мен болмасам, ванна болмаса, су болмаса заңның ашылуы екі талай еді.
Архимед пен моншашы бірінен соң, бірі «Зврика! Эврика!» деп айқайлай патшаның алдына келеді.
Тақ қойылған бөлмеге музыка үнімен ілесе патша, патшайым, уәзір кіреді.Архимед: - Уа, тақсыр, мен тәжде күміс қоспа бар екенін анықтадым.
Шебер – ұры!
Патша: - Шеберді шақырыңдар. ( шебер келеді)
Күзетші, ұрыны ұстаңдар! ( Шебер есінен танып құлап түседі. Күзетшілер оны алып кетеді)
Архимед: - Көптеген тәжірибелердің нәтижесінде мен мынандай қорытындыға келдім: Сұйыққа батырылған дене өзінің көлеміне тең сұйықты ығыстырып шығарады. Бұл қорытындының дұрыстығы сонша, оны заң ретінде қолдануға болады.
Барлығы Архимедті қоршап тұрып «Жаңа заң ашылды. Ол Архимед заңы» дейді. Сөйтіп барлығы қосылып Архимед заңын айтады.
VII. Үй жұмысы: §45. Архимед күші тақырыбын мазмұндау, 29-жаттығу есептерін қарау.
VIII. Рефлексия. Оқушылардың өзін - өзі бағалауы. Мұғалімнің қорытынды бағасы.
  • 0
 қаралды: 570
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    мам 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама