авторы: marzhuha (23 мам, 00:05 жарияланды)
Сабақтың тақырыбы:Септіктерді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың септіктер жайлы алған білімдерін тереңдете түсу. Зат есімнің септелуі туралы жалпы түсінік беру.Алған білімдерін тиянақтау.
2.Дамытушылық:Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, алған білімдерін қолдана білуге, сөздік қорларын молайтып, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.Сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
3.Тәрбиелік:Шапшаңдыққа, уақытпен жұмыс жасай білуге,оқуға, білімге деген құштарлықтарын арттыруға және адамгершілікке, тапқырлыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:ойын,сұрақ –жауап,логикалық, СТО технологиясының элементтері,интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, семантикалық карта,ребус,жетондар,ноутбук, электронды оқулық 4-сынып.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі,музыка, музыка, дүниетану.
Сабақтың барысы: -Ұйымдастыру.
1.Психологиялық сәт.
Балалармен сәлемдесу.-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар, келген қонақтармен сәлемдесіп және жақсы тілектерімізді білдіріп қоялық
Еңбектеріңізге жеміс Өмірдегі бар жақсылықты

Зор денсаулық Ашық аспан

-Балалар бүгін бізде ерекше сабақ, оның ерекшелігі бүгін біздің сабағымызға көптеген ұстаздар келіп отыр, сол себепті де,біз өз білімімізді аянбай көрсетіп және сабағымызды қызықты өткізейік.Біліміміздің нәтижесін мына жұлдызшалар саны арқылы анықтаймыз.Мен қолымдағы жұлдызшаларды тапсырманы дұрыс орындап, дұрыс жауап берген оқушылардың алдына қоямын. Сабақ соңында жұлдызшалар саны саналып, ең көп жұлдызша жинаған оқушы өте жақсы бағаға ие болады.
Оқушыларды түгендеу.
2.Үй жұмысын тексеру.
Балалар, қандай көңіл күйдеміз?
-Онда осы жақсы көңіл-күймен сабағымызды, үй жұмысын тексеруден бастайық.
-Үйге не тапсырылып еді кім айтады?
Оқушыларға үйге берілген жаттығуды оқыту.
3.«Бәйге» ойыны
20 20 20
30 30 30
40 40 40

Бұл ойында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар беріледі. Балалар жауап берген соң, дұрыс жауаптары интерактивті тақтаға шығып отырады
4.Шифрограмма шешу
Шарты: мына амалды орындап, сонда шыққан нәтиженің керекті әрпін төмендегі сан арқылы анықтаймыз.
5*6+50 120:4+20 180:2-20 600:10-30 200:5+30 400:200 1000:10-10 42:7+2 (20:5)*8
1-әрпі 1-әрпі 4-әрпі 2-әрпі 5-әрпі 2-әрпі 1-әрпі 2-әрпі 3-әрпі
С Е П Т І К Т Е Р
-Қандай сөз шықты?(Септіктер)
Сұрақ - жауап
-Сендер септіктер жайлы қандай ертегіні білесіңдер?
-Зат есімнің елінде кім деген қария болыпты?
-Септік атаның неше ұлы болыпты?
-Септіктердің атауларын атай қойыңдаршы.
-Яғни біз септіктер жайлы алған білімдерімізді әрі қарай дамытамыз және қайталаймыз.
5.Интерактивті тақтамен жұмыс
Сұрақ-жауап.
Септіктердің атауы берілген,сендер сол септіктердің сұрағы мен жалғауларын айтасыңдар.Сендер айтқан соң дұрыс жауабы шығып отырады.
Септіктердің атауы Сұрақтары Жалғаулары
Атау Кім? Не?
Ілік Кімнің? Ненің? -ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің
Барыс Кімге? Неге? Қайда? -ға,-ге,-қа,-ке
Табыс Кімді? Нені? -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті
Жатыс Кімде? Неде? -да,-де,-та,-те
Шығыс Кімнен? Неден? -нан,-нен,-тан,-тен,-дан,-ден
Көмектес Кіммен? Немен? -мен,-бен,-пен

-Жарайсыңдар балалар, сендер жақсы жауап бердіңдер.
Ой қозғау (Оқушылар алдарындағы ноутбуктарымен жұмыс істейді)
-Оқимыз пернесін басып ,сөйлемдегі сөздің қай септікте тұрғанын табу
-Жазамыз пернесіндегі тапсырманы орындау.
6.Оқулықпен жұмыс
-Балалар, оқулық және дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді жазып қоямыз.
Бүгін қаңтардың нешесі?
Оқулықтағы 86-жаттығуды орындаймыз.
-Кәне, тапсырмасын оқи қойшы.
(Сөйлемдерді тақтада орындату және көшіріп алу.)
-Қай септік жалғауын жалғадың?
Зат есім қай септікте тұр?
7.Сергіту сәті:«Қара жорға» биінің элементтері
8. 88-жаттығуды орындау
Ребус шешу.

Кім жылдам?
-Қандай сөз шықты?(күйші)
-Күйші деп кімді айтамыз? (күй тартатын адамды)
-Қандай күйшілерді білесіңдер?(Дина Нүрпейісова, Құрманғазы,)
-Ана тілінен қандай мәтінді өтіп едік?
-Енді жаңағы күйші деген сөзді кім тез септей қояр екен?
Атау – кім?- күйші
Ілік –кімнің?-күйшінің
Барыс –кімге?-күйшіге
Табыс –кімді?-күйшіні
Жатыс –кімде?-күйшіде
Шығыс –кімнен?-күйшіден
Көмектес –кіммен?-күйшімен
Оқушылар «Мен саған, сен маған» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмыстарын тексереді.
Ал, дұрыс септелген жазуды интерактивті тақтада көреді.
9.Сабақты қорытындылау:
Семантикалық карта
-Ал, енді балалар бізалған білімдерімізді қорытындылау үшін мына семантикалық картамен жұмыс жасайық.
-Сөздер берілген, сендер сол сөздерің қай септікке жататынын
анықтап ,жұлдызшамен белгілейсіңдер.
Сөздер Атау септік Ілік септік Барыс септік Табыс септік Жатыс септік Шығыс септік Көмектес септік
Бөлмеде,
құмда,
Айданада

*
Суретшінің,
ағаштың,
оқушылардың
*
Доппен,
кемемен,
түйемен

*
Оқушы,кітап,
ағаштар
*
Шеңберді,
саңырауқұлақ-ты,Әсемді
*
Шелектен,
дорбадан,
жарықтан
*
Ауылға,
мектепке,
Сәулеге
*


10. Тест
Енді алдарымыздағы оқулықтарымызды жинап, компьютермен жұмыс жасаймыз.Ондағы берілген тесті орындаймыз.
Орындап болған соң кім қанша балл жинағандарын айтады.
-Әр оқушыға жинаған жұлдызшаларын санау тапсырылады.
11.Бағалау.
12.Үйге тапсырма:87-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме жазып келу.
  • 0
 қаралды: 356
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Тамыз 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама