авторы: Зинаида (5 наурыз, 11:03 жарияланды)
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты:
а)Сөйлем мүшелері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
1. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
4. Лепті сөйлем дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлем мүшелері дегеніміз –сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер.

Сөйлем мүшелері құрамына қарай үшке бөлінеді.
Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені дара мүше Күрделі сөзден, тұрақты тіркестен,шылаулы тіркестен болған мүшені күрделі мүше Кемінде екі не одан көп сөзден құралып,бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын,бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы үйірлі мүше болады.

Жаттығумен жұмыс: 34-жаттығу.Әр сөзді сөйлем мүшесіеің белгілерінен қарастырып,сөйлем мүшесі болып тұрғанын немесе сөйлем мүшесі болмай тұрғанын анықтаңдар.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай саласы қарастырады?
2. Сөйлем мүшелерін нешеге бөлеміз?
3. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
4. Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 35-жаттығу..
  • 0
 қаралды: 457
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Қаңтар 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама