авторы: Nazok (7 қаңтар, 16:01 жарияланды)
әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Н. Айтов «Атам туралы»
Сабақтың мақсаты: Өлең мазмұнын толық меңгерту.
Сабақтың міндеті: 1 Оқушыларға Н.Айтов туралы жалпы мағлұмат беру. Өлеңдегі автордың берген ойын, идеясын ашу
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, мәнерлеп, сауатты оқуларын жетілдіру. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
3. Оқушылардың атаға сүйіспеншілігін арттыра отырып, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі:СТО стратегиялары пікір алысу, топтастыру , бес жолды өлең, эссе
Сабақтың көрнекілігі: автордың, атаның суреттері,оқулық

Сабақтың барысы:
I.Үй тапсырмасын сұрау.«Ханзаданың достығы» Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты бекіту
II.Қызығушылықты ояту
- Балалар, сендендің аталарың бар ма? Ата деген кім? деп сауал тастау арқылы оқушылардың назарын өзіме қаратамын, оқушылардың пікірін тыңдаймын."
Ата" сөзіне кластер құрады.
III.Мағыныны тану кезеңі
1) Автор туралы қысқаша мәлімет беру
Айтұлы Несіпбек - 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. Н. Айтов –ақын .Біз бүгін ақынның «Атам туралы » өлеңімен танысамыз.
2) Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқып беремін,әр топ әр шумаққа талдау жұмысын жүргізеді.Өлең мазмұнын ашады. (топтық жұмыс)
3) Өлеңді іштей және тізбектей оқыту
4) Дәптермен жұмыс Сөздікпен жұмыс
Шежіре-өткен өмір тарихы.
Фашист – неміс басқыншылары
5) Өлеңдегі ата қандай адам? Ата туралы оқып білгендерін топтастырып жазады.
6) Бес жолды өлең .
Зат есім : Ата
Сын есім: ақылды , кемеңгер
Етістік :айтты,қорғады.
Сөйлем: Атам маған ақыл айтты.
Мәндес сөз: қария
IV. Ой-толғаныс «Менің атам» тақырыбында оқушыларға өз аталары туралы эссе жаздырамын.
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Ата туралы мақалдарды дәптерге жазып келу.
  • 0
 қаралды: 5642
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    мам 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама