Жарнама

авторы: Уля (6 қаңтар, 16:01 жарияланды)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту амалдары бойынша білімдерін жүйелеу, толықтыру және бекіту;
Дамытушылық: Ойлау,есте сақтау қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру,оқушылардың шығармашалықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.
Тәрбиелік: Алдарына қойған мақсатқа жетуге, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі. Саяхат сабақ, білімді бекіту, жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, жеке, жұптық жұмыс, танымдық ойын.
Қолданылатын көрнекіліктер: интербелсенді тақта, таратпалар, деңгейлік тапсырмалар,өз-өзін бағалау парағы, мультфилм, нақыл сөздер
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (Қызығушылықтарын ояту, саяхатқа шығу мультфилм көрсетіледі). Біз де бүгінгі сабағымызда:
1. «Ондық бөлшектер еліне» саяхатқа шығамыз. Саяхат барлығымызға ұнайма?
2. Кемені қозғау үшін үй тапсырмасын тексеріп алайық балалар.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ( №1086, № 1090 ауызша тексеру)
№ 1086
Жауаптары: 1. 25,7 2. 26 3. 8,4 4. 2,7
№ 1090 s = 53,29 cм2 V = 941,192 cм3
Кемеге билет сатып алмасақ, бізді тегін апара ма?Апармайды, ендеше билет алу үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
Сұрақтар.
1. Жай бөлшекті қалай ондық бөлшекке айналдырамыз?
2. Ондық бөлшек дегеніміз не?
3. Ондық бөлшектер алғаш қайда пайда болған, қолданысқа кім енгізген?ық
4. Ондық бөлшектер қалай салыстырылады?
5. Ондық бөлшектерді қосу ережесі
6. Ондық бөлшектерді азайту ережесі
7. Ондық бөлшектерді көбейту ережесі
8.Ондық бөлшектерді күнделікті өмірде кездестіруге бола ма?
ІІІ. Сабақтың барысы: Негізгі бөлім. (сабақтың тақырыбы мен мақсатын тайту)
Енді билетті алып, саяхатқа шығамыз. Балалар, сәт сапар!
Теңізде келе жатқанда қатты толқын болып, кеме істен шығады.Сөйтіп көмек 3 күннен кейін келеді. 3 күнде аш қалмау үшін

1 – күні «Балық аулау». (Балықты аулау үшін айтқан есептерін шығару керек)
№1 Қабырғалары 3,2 см және 1,7 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын тап:
Ш: (3,2+1,7)*2=9,8 Ж: 9,8 см2
№2 Ақмарал ойлаған санын 3 есе кемітіп, нәтижесінде 18,25 санын азайтқанда 13,95 саны шықты. Ақмарал қандай сан ойлады?
Ш: х : 3 -18,25 = 13,95 Ж: 99,6 саны
№3 1 га жерден 54,3 ц өнім алынса, 7 га – дан қанша өнім алынады?
Ж: 380,1 га
2 – күні «Құс ату» Оқулықпен жұмыс (Құс ату үшін есептерін дұрыс шығаруымыз керек).
В – деңгей
1 – құс. № 1091
1 л бензиннің массасы 0,71 кг. Машинаның бензин багының сыйымдылығы 40 л. Оның 0,75 литрінде бензин бар. Бактағы бензиннің массасы неше килограмм?
Ш: , Ж: 21,3 кг.
2 – құс. № 1096
7 литрлік және 4 литрлік ыдыспен 5 литр суды қалай құйып алуға болады?

7 л 0 3л 3л 0л 7 л 6 л 6 л 2 л 2 л 7 л 5л 5л
4 л 0 4л 0л 3л 3 л 4 л 0 л 4 л 0 л 2 л 4л 0л

Ж: 7 л ыдыста 5 л су құйылып алынды.
3 – құс. № 1097
Банкке 540 мың теңге салынды. Оның бір жылдық өсімі алғашқы ақшаның 0,05 – індей. Банкке салынған ақша бір жылдан кейін қанша ақша болады?
Ш: ; 27000+540000=567000 Ж: 567 мың теңге.
3 – күні «Жабайы жыртқыш аңға кездесеміз Оқулықпен жұмыс (Оның да айтқан тапсырмасын орындамай, жібермейтіні айтылады).

№1089 Аралас сандарды ондық бөлшекке айналдырып алып, амалдарды орындаңдар:

1. Ж: 1. 32,6*5,25=171,15
2. 1,2*8,5=10,2
3. 171,15+10,2=181,35
3. Ж: 1. 13,6*4,8=65,28
2. 147-65,28=81,72
3. 3,5*6,8=23,8
4. 81,72+23,8=105,52

Қайтып келе жатқан кезде алдымыздан үлкен шаян шығады: «Балалар, менің тапсырмамды орындасаңдар, мен сендерді жіберемін» - дейді.


«Шаянның тапсырмасы»

№ 0,5+2,5 19-4,5 2,25*5 5,5*6 7,2*1,2 1,25*4
3 Н К Т О В Е
14,5 А А Ұ Д Ы П
11,25 Д Р У О Б Ю
33 Я М Т Р М Б
8,64 О П А В Ы Г
5 Е Л У Н Э З

Қандай сөз шықты? Ендеше Баршаңызды алда келе жатан Қазақ елінің жаңа жыл «Наурыз» мерекесі құтты болсын!
Ура! Балалар! Аман –есен елімізге жеттік! Қиындықтың бәрін артта қалдырып, ойымызды сергітейік.

ІV. Сергіту сәті . Энерджайзер «Балықты қолмен аулау»
V. «Ойтолғаныс» (логикалық тапсырма)
1. Екі бестік цифрының арасына қандай таңбай қойғанда 5 – тен үлкен 6 – дан кіші сан шығады.
Ж: (үтір, запитой, сoma )
2. Ойлан да, тап:
алма алма алма алма 28 теңге
алма алма банан банан 30 т
банан шие құлпынай алма 20 т
Құлпынай - ? құлпынай шие банан 16 т
25 т 19 т 20 т 30 т
Ж: құлпынай - 3 теңге


1. Сіріңкенің 3 шырпысына 2 шырпыны қосып қалай 8 рим цифрын шығаруға болады?
Ж: VІІІ (сегіз, восемь, eight)
2. Мына фигураның қандай бөлігі боялған ?


А) В) 0 С) Д) Е)
1. Атаның 5 түйесі бар. Жылқысы одан 9 бас артық, ал қойы жылқысынан 42 бас артық. Атаның барлығы қанша малы бар?
Ж: 75 малы бар. (семьдесят пять, seventy five)
2. Сандармен жаз:


А) 2 1 3 В) 2 3 4 С) 3 1 4 Д) 1 3 4
1 2 2 3 2 2 1 3 3 3 1 3
3 3 2 4 4 3 4 3 3 4 4 1
Балалар біз математика сабағын жақсы оқығанымыз үшін барлығын жеңдік!
VІ. Үйге тапсырма.
№ 1093 , №1095 , № 1089 (4)
VІІ. Бағалау. «Оқушылардан бүгінгі сабақта сұрақтарға нақты, есепті қатесіз шығарған оқуш ылар кім деп ойлайсыңдар?» - деп оқушылардан сұрап бағалау.
  • 0
 қаралды: 1142
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Наурыз 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама