авторы: Merlan (30 наурыз, 01:03 жарияланды)
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Мақсаты:Мұқағали Мақатаевтың өмірімен таныстыру,ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу,өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру;тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасына насихаттау,ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу.
Тәрбиелік мәні:Оқушыларды шығармашылыққа,өлеңді тыңдай,түсіне білуге,рухани жан-жақты болуға,әндерін сүйіспеншілдікке орындауға тәрбиелеу.
Кіріспе сөз.Мұқағали... Бүгінде бұл есім әркімнің көңілінде күллі қазақ даласының образын оятып,оның ұланғайыр кендігін,көкмұнар таулары мен жан баспаған жапандағы қара орманның, түпсіз терең тұңғиық көлдерінің көрінісін көз алдыңа әкеледі.Ол туған халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,Жаратушы иесі тумысынан бөлекше дарынмен даралаған ақиық ақын.Өмір атты бір нәзік сәулеге деген шексіз іңкәрлікке,жарық пен жақсылыққа атаулыға үңілген әркімнің жансарайын кеңіп сала беретіні анық.
1-оқушы:Мұқағалиға арнау.Үзілдік Елеубайқызы.
2-оқушы: «Өзімнің есебімде...»
1-жүргізуші:Мұқағали Мақатаевтың жан сырын бүкпесіз жайып салған күнделігін парақтай отырып оның нәзік жүректі ұлы ақын ғана емес,тағдырынан теперіш көрген,жаны жалғызілікті қарапайым пенде екенін сезінесің.
«Пай-пай өмір»
2-жүргізуші: «Қаласа да,қаламаса да жұрт мені ақын ретінде түсінеді,ал адам ретінде кім түсіне қояр дейсің?»деп күрсінеді.Күнделіктерінде,кейбір өлең-жырларында мұңға бой алдырған сыңай танытқанымен,бәрібір М.Мақатаевтың атар таңға,жарық күнге деген ынтызарлығы,сенімі басым.
«Мен үйсінмін»
1-жүргізуші:
Мұқағали –сөз құдіретінің мән-мағынасын терең түсініп,сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелеген ақын.» Иә,бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны М.Мақатаев ұрпақтарға ұланғайыр мұра қалдырып кетті.
«Өлең деген тумайды жайшылықта»
2-жүргізуші:Бүгінгі таңда,егер ақын ортамызда жүрсе,ақынның өзі айтқандай, өмірді жырлап, бізге өлең өлкесінде тағы бір жаңа қырынан танылары анық еді.
«Өмір жайлы»
1-жүргізуші:Иә,Мұқағали-ғажайып,ақиық,сыршыл,гуманист ақын.Ақын өлендерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух,сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
2-жүргізуші:Иә,ақын мұңы бізге жетті.Оның тілегін орындау-біздің парызымыз.Аламан бәйгеге оза шауып,өлең жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйірік,талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан.Оны біріміз білсек,біріміз білмейміз.Олай болса қыран тағдырлы ақын Мұқағали ақынның өмір жолынан дерек тыңдап көрейік.(интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы баяндалады).
1-жүргізушы:Осы орайда ақынның «Менің анкетем» атты өлеңі айтылғандарды нақтылай түседі деп ойлаймыз.
«Менің анкетам», «Бүгін менің туған күнім»
2-жүргізуші:Туған жерге,елге,халқына,досына,Отанына ,әкесіне,әжесіне,ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді.
Өлең: «Әке аманаты», «Әке мен сені сағынғанда»
1-жүргізуші:
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын?!
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан ағызбайын?!- деп өзі жырлағандай ,кезекті ақын өлеңдеріне берейік.
«Сыр», «Тоқта ботам».
2-жүргізуші:Нұрғиса Тілендиев ақынның ауылы Қарасазға Мұқағалимен бірге демалуға барады.Екеуі жайлау төрінде отырады. «Неге мына жасыл жайлау туралы ән шырқамасқа!Нағыз Саржайлау дегеніміз мына жатқан Шалкөденің кең төсі емес пе?»деп таңдалған.Содан ағамыз лезде «Саржайлауға» арнап егілдіріп,төгілдіріп,құлпыртып өлең жазды.Сөйтіп «Саржайлау» әні өмірге келді.
Ән: «Саржайлау».
1-жүргізуші:Кір жуып,кіндік қаны тамған туған жері,ғажайып өлкесі туралы толғанысы еркеше болатын.Қарсазға деген махаббатын сөзбен жеткізу мүмкін емес еді.
(«Қарасаз»өлеңі оқылады).
2-жүргізуші:
Ән салып бер,
Әніңмен жан сал маған.
Жаңғырығып жасыл тау жөнелсін бір,
Жатсын ұлып жапанда дел-сал далам.
Ән: «Күрең күз».
1-жүргізуші:Мұқағали-адамдар арасындағы,өмірдегі,табиғаттағы жастық пен келісімнің жыршысы.Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.
....Махаббат бүгін және қарамады.
Қарамады...
Жанымды жаралады.
Шәміл-ау,
Білесің бе?
Шын махаббат
Осылай қарамаудан жаралады!
Иә,нәзік жанды ақынның жүрегінің шынайы іңкәрлік сезімі махаббатқа ұласады.
«Мен сені сағынғанда», «Фаризаға» өлеңдері оқылады.
2-жүргізуші:
Ән сал,жаным,
Әніңмен тербет мені,
Бір сәтке
Тынсын тірлік жер-көктегі,-деп ақын жырлағандай кезекті әнге берейік.
Ән: «Бақыт деген»
2 жүргізуші: Ана-өмір сыйлаушы,бала бағбаны.Ару-асыл жар,ер азамат тағдырының иегерлері,тәрбиешісі.Ал бала –ата-ана өмірінің жалғасы.Оларға деген махаббат,сүйіспеншілдік сезімі-жырдың алтын арқауы.
Өлең: «Шеше сен бақыттысың», «Әйелдер-ай»
1-жүргізуші:Ақын шығармаларының үлкен бір саласы-оның поэмалары.Ең асылы,ең биігі- «Аққулар ұйықтағанда».
1-жүргізуші:Символ-метафора сияқты тілдік тұлғаның ұлттық мәдениетінің көрсеткіші.Осы орайда,Мұқағали тіліндегі сөз символдар мәні таңғаларлық . Суреткер тілінде құстар символистикасының орны ерекше. Әсіресе аққу әдеміліктің,тектіліктің,махаббатқа адалдықтың рәмізі ретінде бейнеленеді . Оған дәлел-ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы аққу образы.
(Нұрғисаның «Аққу» күйі ойнап тұр)
2-жүргізуші:
Өзен де жоқ сыймаған арнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай
Қалай біткен мына көл тау басына?
Ортаймаған «Жетімкөл» толмаған да,
Болған өмір ұқсайды болмағанға.
Сызат та жоқ бетінде,сызық та жок,
Айдынына аққуы қонбаған ба?!
...Аққулар...
Аққу мойын,сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
Айдынның еркелері,білмей тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге аманат?!
Жаны сұлу ақ еркем,ары сұлу!
Бір мамығы майысса ауырсынып,
Тарақ етіп тұмсығын тарайды кеп,
Тарайды кеп,тарайды қауырсынын,
Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,
Жаны сұлу ақ еркем,ары сұлу!
Ақ қанатын сабалап,асыр салып,
Бірде суға сүңгейді басын малып.
...Ойнасыншы,ойнасын ерке құстар,
Тыныштығын олардың қашырмалық.
(Сахнаға биші қыздар шығып «Аққу» биін билейді)
(Сахнаның шетінде бесіктің жанында ана мен әке отыр)
1-жүргізуші:
Бала жатыр төсекте албыраған,
Әке жатыр еденде қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр,қос жанары
Шарасыздан шаршаған,жаудыраған.
Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,
Баласының ана отыр күйін бағып.
Қайдағы бір қатыгез,сұрқай ойлар
Миын қарып барады, миын қарып.
«Сарқытындай өлімнің қалған қарға,
Екеу болса,дүние-ай,арман бар ма!...»
Аракідік назарын аударады
Төрт бүктеліп еденде қалған жарға.
Қауіптеніп түндерге,таңдарға да,
Үн шығармай ішқұса,зарлауда ана.
«Мана,күндіз,тәуіп шал не деп кетті?!
Әлде өтірік,әлде шын демеп кетті...
«Аққуменен баланы аластаңдар»
Деді-дағы жәйімен жөнеп кетті...
-Тұрсаңшы,таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?!
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі
Ұмытылып кетті ме санатыңнан?
-Айналайын аққудың қанатынан, Қайтеміз ,ол да адамға бола туған...
«Жетімкөлге» барып қайт таң жамылып,
Таң атқанша қалайда тауға ілік.
Біреулердің көзіне түсіп қалып,
Дүрліктірме жұртыңды,салма бүлік!
Кім білсін,мүмкін,бәрі жалған үміт...
-Апыр-ай,қалай барам,қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?!
Айдынның аққулары ұйықтағанда
Өрген мал,өскен шырша абайлаған,
Барлығы қасиетке қарайлаған.
Оқ атам қасиетке қалай ғана?..
Бармаймын,бара алмаймын,қалай барам?!
Адуынды жан екен алған жары:
-Жалғыз ұлдан артық па,жалған бәрі!
Балам өлсе,бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап несіне армандадың?!
Құрысын онсыз сенің жанған бағың!
Мылтықты әкел!
Атты ертте!
Жалған бәрі!
Қысқа таң.
Бұлбұл үні.
Көл бетінде
Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.
Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,
Таңданып тәкәппар құс келбетінде.
Сұлулыққа сұқтанып,қашып әлі,
Ана-жүрек солқ етіп басылады.
Қызғанып қызғыш байғұс шыр айналды,
Абыржып ана-көңіл мың ойланды.
Сусып түсіп су моншақ арқасынан,
Қарайды ана шыршаның қалқасынан.
«Сірә,сорлы жоқ шығар менен өткен,
Құлынымның қасынан неге кеткем?!
Ошақ қасы,от басы,көрмеппін ғой,
Дүние-ау,сен осындай керемет пе ең?
Ана отыр.Озбыр ойлар қамалауда,
Қамалауда,әлдекім табалауда.
...Аққулар ақ айдынды қалдырды да,
Тартты кеп ана отырған жағалауға.
Көзі тұнған бейбағың,топ аққуға
Білмей қалды мылтықтың атылғанын.
Көздің алды көк түтін,ақыл жарым,
Білмей отыр жаңағы тыныштықтың
Сүт ұйыған тегешін сапырғанын!...
Ию-қию көл маңы,астан-кестен,
Жер айналып,тау құлап,аспан көшкен.
Жаңғырып,жер салып,жартастар тұр,
«Жетікөлдің» қайғысын бастан кешкен,
Көл бетінде көлбеңдеп жаралы аққу,
Ұша алмайды,ұшпақ боп күш қылады...
Сыңар қанат сынық құс байлауда тұр,
Тағы бірі айдында жайрап жатыр.
Қан аралас қалқыған мамығымен
«Жетімкөлдің» толқыны ойнап жатыр.
«Жетімкөлдің» басында жылқы жатқан,
Дөңге шығып қарт тұрған жылқы баққан.
«..Апыр-ай,бұл кім болды,таңсәріде,
Көргенсіз,көл басында мылтық атқан?!
Құстардың зәре-құтын шарқыратқан,
Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!
Мылтықты атарлықтай көлге келіп,
Апыр-ай,жоқ еді ғой елде желің...»
Мылтық даусы,құстардың шулағаны
Шыдамын алды қарттың,бермеді ерік.
«Бұл маңның адамы емес,сірә-дағы,
Білейін,табайын да бір амалын.
Қаруы бар кәззапқа құрықпенен
Ұмтылса,қалай қайрат қыла аламын?!
Жөн болар алыс тұрып сұрағаным...
-Ей!
Кімсің ?
Тірісің бе?
Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың,арың бар ма?
Тастағын қаруыңды,келгін бері,
Келгін бері кеудеңде жаның барда!
Байғұс әйел үн-түнсіз жылап тұрды,
Қарттың үні мең-зең ғып құлаққа ұрды.
Қолындағы мылтығын құлаштап кеп,
Бөгелмей «Жетімкөлге»лақтырды.
Қартқа қарай ақырын аяңдады,
Қарусызға қарт келді,аянбады.
...Көзінен жас,көңілінен зер төгіліп,
Болған жәйітті келіні баяндады.
-Әй,балам!...
Болмады ғой,болмады ғой...
Қасиет кетті көлден,сорлады ғой!
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін,ауылға қайт,олжаны қой!..
....
Бар өмірден көңілі шайлығуда,
Байғұс ана еркінен айрылуда.
Әлденеден сұм жүрек сескенеді,
Аракідік әлдене ес береді.
... Абыр-сабыр,үй маңы дүбірлең-ді,
Алғаш ана абыржып білмеген-ді.
Жиылған жұртқа қарап алақтады.
Күледі,бірде жылап зарланады,
Көкке қарап бекерге қарманады.
Бірде үнсіз,мелшиіп тың тыңдайды,
Құлағында аққудың арман-әні.
«Қазір,ботам...
Мінеки,таң атады...
Қазір,ботам,аққумен ұшықтаймын...
Жазыласың құлыным...балапаным!
Қасиет!..
О,қасірет!
Осындай ма ең?!
Сорымның қалындығы шашымдай ма ең!..
Қасиет!..
Қасиеттер ұшып кетті,
Қасірет!..
Қасымдағы досымдай ма ең!..
Қасиет...Қасірет...
Қасірет...қасиет...
Эпилог
....Сол кеткенен мол кеттім,оралмадым,
Жерді аңсаймын...
Жалғыз-ақ сол-арманым.
Қиын екен,қимасың екі бірдей
Көз алдыңда ғажайып боп жоғалғаны...
...Оралмады аққулар осы маңға,
Жылдар өтті,байғұстар шошыған ба?
«Жетімкөл»жетімсіреп қала берді,
Арман-ай,аққуымен қосылар ма?!
1-жүргізуші: «Өлмес өнері-өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзенттің ұрпаққа ұран болған жырларын елі ешқашан есінен шығармасы шындық»
«Тірігінде шекпен кимей,шен алмай,.
Еңбегінің қызығында көре алмай,
От боп жанып өтіп кеткен ақынға
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай» деп Айтақын жырлағандай еліне қуаныш сыйлаған ақиық ақынның өлеңдері халық жүрегінде мәңгі сақталмақ.
  • 0
 қаралды: 488
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Тамыз 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама