авторы: ayazhan2017 (27 ақпан, 01:02 жарияланды)
Сабақтың тақырыбы: Ұяң дауыссыздар
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білуге үйрету, ұяң дауыссыз дыбыстар туралы түсінулеріне нұсқау беру, Н.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша дыбыстық талдау жасауды меңгерту;
ә) дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін және ынталарын арттыру, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, оқушылардың тіл байлықтарын дамыту;
б) тәрбиелік: тақырып арқылы оқушыларды адамгершілікке, кішіпейіл болуға, достыққа, ұжымдасуға, бірлікке тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ Типі:
Әдісі: «Ыстық орындық», «Сатылай кешенді талдау» технологиясы, сын тұрғысынан ойлау
Көрнекілігі: тақырыпқа сай кестелер, сызбалар, плакаттар,т.б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
 Сәлемдесу; сабаққа дайындықтарын тексеру; назарларын сабаққа аудару.
 Туылған айларына байланысты оқушыларды екі топқа бөлу
(дауысты және дауыссыз)
 Психологиялық дайындық
Әрбір адам? – Туыс, дос, жұрағат,
Әрбір сабақ? – Үйрену, ұғу, ұлағат,
Әрбір ісің? – Тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің? – Шындық, бірлік, адалдық.
Әрбір ісімізге мұқият болайық! Үйренеріміз көп болсын! Сабағымыз сәтті өтсін!
 Бағалау парағын екі топтың ішінен «сенім білдірген» екі оқушыға тапсыру (Әр топқа кесінді қағаздар таңдауға беріледі. Ол қағаздардың біреуінде ғана «сенім» деген жазу бар. Қағаз түскен оқушы бағалау парағын толтырып отырады)
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Үнді дауыссыздарға байланысты әріп жұмбақ құрастыру.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы ережелерді пысықтау
(бұл әдіс бойынша жинаған ұпайлары кестеге белгіленеді, мадақталады)
Жаңа сабақ
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
«Миға шабуыл» жасалына отырып, жаңа тақырып бойынша дыбыстар кестеге жазылады;
Ұяң дауыссыздардың ерекшелігіне тоқталынады.
Жаңа тақырыпты пысықтау.
Мәтінмен жұмыс.
Маңдай тер
Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.
– Ата, «маңдай тер» деген не? – деп сұрады бірде Хамит.
Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері тереңдеді. Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді. Қолына күректі ұстатты:
– Қане, екі-үш көшет қазып ал!
Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты.
Хамит пора-порасы шығып терледі. Үйге келген соң да атасы жақ ашпады.
...Жылдар өтіп жатты. Көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс салды. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп, бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп, қолына ұстатты. Сондай дәмді!..
– Маңдай тер деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі. Хамит атасын құшақтай алды.
Тапсырма:
1. Мәтінді оқып шығып, негізгі идеясын анықтаңыз. Жауабын бір сөйлеммен айтыңыз!
2. Мәтінге сәйкес мақал- мәтел ойлап айтыңыз!
3. Мәтін ішінен сөздер беріліп, математикалық талдау жасау. Дауысты тобына – , дауыссыз тобына –
4. «Сөзтізбек» ойыны. Соңғы дыбыстан бастап сөздер тізбегін құрастырады. Шарты: әр сөзде ұяң дауыссыз болу керек.
5. «Жүгірмелі диктант». Бөлме қабырғасында ілініп тұрған сөздер арасынан ұяң және қатаң дыбыстары қатыстан сөздерді сөздерді теріп жазады.
IV. Бекіту
«Орамал тастамақ» ойыны (музыка ойнап тұрады, тоқтағанда орамал кімнің қолында болма, сол кісі жауапты айтып, келесі оқушыға жалғастыра береді)
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма
Әріп пен дыбысының айырмашылығы бар5 сөзге математикалық талдау жасау.
Бірыңғай ұяң дауыссыздан басталған сөйлемдер жазу.

VІІ. Кері байланыс
Бүгінгі сабақ бойынша өздерін Блоб ағашы арқылы бағалайды.
  • 0
 қаралды: 617
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    мам 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама