авторы: Зинаида (30 қаңтар, 01:01 жарияланды)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:Оқушыларды өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру билер мен шешендердің сөздерін талдау.
2. Дамытушылық:Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;
3.Тәрбиелік:Мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Қалыптан тыс-саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих,география
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген шешендік сөздер туралы сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Бүгінгі біздің өтетін сабағымыз осыған дейін өтілген шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ. Яғни саяхат сабағын өткіземіз. Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар-тәрбие құралы. Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді,одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер,билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге аз мағына сыйғызып,халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі мақсаты –адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіру. Шешендердің сөз тапқыш,сезімтал,суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған. Олар жалпы өмір туралы,ел қорғау туралы хабардар етіп отырды. Олар: Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би, Саққұлақ шешен т.б Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі,олардың шешендік сөздері,төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында өткізбекпіз. Саяхат сабағының өту ретін жақсы білеміз. (мұғалім сыныпты үш ауылға бөліп,үш бидің атын қояды) Әр ауылдан тиісті сұрақтарға жақсы жауап беретін, берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар ғана келесі ауылға бара алады. Ол үшін әрбір ауылдың алдындағы кеспе қағазды алып,сол қағаздағы сұрақтарға жауап бересіздер.
Бірінші ауылымыз-Төле бидің ауылы. Мына кеспедегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Төле би кім?
2. Төле бидің қандай толғау,шешендік сөздері бар?
1-оқушы: Ұл өссе ұрпақ,
Қыз өссе өріс.
2-оқушы: Үй сыртында төбең болса,
Ерттеулі тұрған атың ғой.
Ел ішінде қарияң болса,
Жазулы тұрған хатың ғой.
Мұғалім: -Ия,балалар, біз сонымен Төле би ауылынан жақсы өттік. Енді біздің келесі ауылымыз-Әйтеке би ауылы.
1. Әйтеке би жайлы не білесіңдер?
2. Әйтеке бидің қандай толғаулары бар?
1-оқушы: Қысқаша Әйтеке туралы мәлімет береді.
2-оқушы: Бай болса халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауға найзаң тисін.
Бай болып еш пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе.
3. Сұрақ Әйтеке бидің нақыл сөздерінен нені аңғардыңдар?
Осылайша 3,4,5 сұрақтарға жауап береді. Мұғалім:-Біз,балалар, Әйтеке бидің де ауылында болып қайттық. Ендігі біздің үшінші ауылымыз Қазыбек би ауылы.(Оқушылар кеспе қағаздарды ретімен алып ондағы сұрақтарға жауап береді.)
-Ал, енді үш ауыл әңгіме жарысына түсеміз. Өзіміздің қаншалықты шешен,білгір екенімізді көрсетеміз. Үш ауылға берілетін әңгіменің тақырыптары:
1. «Менің әжем» 2. «Туған жерім» 3. «Ана»
Соңынан әңгімелеріңді оқисыңдар,одан кейін бағалаймыз.
Мақалдар жарысы: «Жасырынған мақал» ойыны
«Жақсы сөз жан семіртер» ...
«Досы көппен сыйлас» ...
«Отпен ойнама» ....
«Ер туған жеріне...» (әр ауылға 3-4 мақалдан беріледі.)
Білімді бекіту: 1. Оқулықпен жұмыс.
а) «Жиренше шешен», «Төле би», «Қазыбек би», «Әйтеке би» әңгімелерін мәнерлеп рөлге бөліп оқу.
ә) Жиренше шешеннің жауабын талдау.
Ағын судың өлгені -
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені -
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені -
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені -
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді.
Ғалымның хаты өлмейді.
Қазыбек бидің толғауы
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өскеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма -
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын - қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!
Әйтеке би
Суалмайтын суат жоқ
Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Құйрығы суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде
Құрамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен де қиын сол екен,
Артында жанған шырақ жоқ…
Би-шешендердің нақыл сөздерін оқыту, мазмұндау, әділ баға бере білуге даярлау.
Мінеки,балалар, біз бүгін шешендік сөз өнеріне саяхат жасай отырып,шешендік сөздер туралы ойымызды дамыттық. Үлкенді сыйлауды,кішіге, қамқор болуды, кішіпейілділікке үйрендік. Ерлікке,бірлікке шақырған осындай халықтың көңіліне ұнаған,жадында сақталған сөзі мәңгі өмір сүретіні сөзсіз

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Үш бидің айтқан биліктері мен төреліктерін жазып келу.
  • 0
 қаралды: 6478
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Тамыз 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама