Жарнама

авторы: Merlan
6 наурыз, 23:03 жарияланды
Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Олжатай Гүлжанар Төребекқызы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы

Сабақтың тақырыбы: Сенің есімің қандай мағына білдіреді? Шілдехана. Қос сөз. Біріккен сөз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік- оқушыларға адам атын ардақтап, өмір заңдылықтарын білуге, ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрге баулу. Біріккен сөздер мен қос сөздердің жасалуы мен ерекшеліктері туралы білімдерін тиянақтап, нығайту. Білім дағдысын қалыптастыру, таным көкжиегін кеңейту;
Сабақтың толық нұсқасын жүктеп ал: Жүктеу
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 56
авторы: Merlan
25 ақпан, 16:02 жарияланды
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№ 60 жалпы білім беретін орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Турганбаева Мирамгуль Бердибаевна

Қысқа мерзімді жоспарМұғалім: Турганбаева М.Б.

Мерзімі:03.02.2016 Пән:Қазақ әдебиеті Класс 7 «В»
Тақырыбы Ілияс Жансүгіров «Анам тілі»
Мақсаты Оқушыларға Ілияс Жансүгіровтің өмірін, өлеңдерін таныстыру, «Ана тілім» өлеңінің мазмұнын түсіну, ақын өлеңдері арқылы оқушыларды адамгершілік құндылықтарға баулу
САБАҚТЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН: ЖҮКТЕУ
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 67
авторы: Merlan
25 ақпан, 16:02 жарияланды
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№ 60 жалпы білім беретін орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Турганбаева Мирамгуль Бердибаевна

Қысқа мерзімді жоспар Мұғалім: Турганбаева М.Б.

Мерзімі: 07.02.2016 Пән:Қазақ тілі Класс 8 «В»
Тақырыбы Жолда жүру ережесі
Мақсаты Оқушыларға жолда жүру ережесі туралы түсінік беру, осы тақырыпта әңгіме жүргізу, жолда жүру ережелерін сақтауға ынталандыру, қазақша сөйлеу дағдыларын нығайту арқылы функционалды қызметін арттыру
сАБАҚТЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН: ЖҮКТЕУ
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 30
авторы: Merlan
25 ақпан, 16:02 жарияланды
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№ 60 жалпы білім беретін орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Турганбаева Мирамгуль Бердибаевна

Қысқа мерзімді жоспар Мұғалім: Турганбаева М.Б.
Мерзімі: 09.02.2016 Пән: Қазақ тілі Класс 5 «Г»
Тақырыбы Сөздік қор:қазақ тілінің төл сөздері.
Қазақ тілі кабинеті
Мақсаты Оқушылардың мектеп тақырыбы бойынша дүниетанымын кеңейту, білімдерін, сауаттылығын тексеру, жазылым дағдыларын жетілдіру, тілдерін дамыту.
ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ МЫНА ЖЕРДЕ: ЖҮКТЕУ
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 47
авторы: ayazhan2017
26 қаңтар, 01:01 жарияланды
БҚО, Бөкей Ордасы ауданы, Саралжын ауылы
Қ. Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп- балабақшасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Құбаева Бұлбұл


Сабақтың мақсаты:
а) Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасын таныстыра отырып, ақынның өнер тақырыбындағы қаламының шеберлігін таныту; шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу;
ә) шығармадағы өнер құдіреті арқылы кейіпкерлер арасындағы психологиялық тартысты, оқиға шиеленістерін зерделеуге үйрету;
б) өнер құдіретін сезінуге, халқымыздың өнерін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Әдісі: СТО («Миға шабуыл», Кубизм стратегиясы, «Оқырман пікірі»)
Көрнекілігі: Ілияс Жансүгіров портреті, авторға баға берген қаламгерлер пікірі, кітаптар, ұлттық аспаптар
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа даярлықтарын бақылау, сабаққа қатысуларын қадағалау; кезекші мәлімдемесін тыңдау; назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық. «Миға шабуыл»
Құрманғазының күйін тыңдап, күйден алған әсерлерін ортаға салып, ойларымен бөлісу.
-Күйден алған әсерлерің қандай? Күй әуенінің түрлерін білесіңдер ме?
Күй құдіретін қалай түсінесіңдер? Күй туралы қандай аңыздарды білесіңдер?
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 176
авторы: ayazhan2017
20 қаңтар, 23:01 жарияланды
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылы,
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектеп-балабақшасының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сыдихова Аяжан Жаксыгалиевна



Түсінік хат

Қазіргі таңда мектеп алдындағы ең басты міндет – оқу-тәрбие жұмысында ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын сақтай отырып оқушылардың дүниетанымы мен шығармашылық қабілетінің қалыптасуына жағдай жасау.
Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай етіп тәрбиелеу ісіне қосар үлесі үлкен. Оқушы осы пәннің талабын орындау мақсатында түрлі жанрдағы көркем шығармаларды оқиды, ізденеді.
Қазіргі таңда мектеп алдындағы басты міндет-оқу-тәрбие жұмысында ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын сақтай отырып, оқушылардың дүниетанымы мен шығармашылық қабілетінің қалыптасуына жағдай жасау. Қадыр Мырза- Әлінің шығармаларына талдау жасау жас ұрпақты уақыт талабына тәрбиелеу ісіне қосар үлесі мол.
Жұмыс дәптерінде көрсетілген әдеби шығармалар оқушының ізденісі мен көркем шығармаларды оқуға деген сүйіспеншілігін тудырады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылыққа ұмтылдыру, ойлана, іздене білім алуға, өз ойын дәлелдеп, тиянақтап айтып беруге дағдылану сияқты сапаларды оқушы бойына дарыту – қазіргі ұстаз міндеті.
Қазақ халқының ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов: «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген екен.
Қадыр -ақын, философ, қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерген қаламгер. Оқушылар ақын шығармашылығымен таныса отырып, мазмұнын ұғынады, кейіпкерлер іс-әрекетіне өз көзқарастарымен баға беруге дағдыланады.
Жаңашылдығы: оқушылар білімдерін толықтырады, өз бетінше жұмыс жасай отырып, білімін одан әрі шыңдай түседі.
Өзектілігі: ғылыми-ізденіс жұмыстары мен ой қорытындысы түйін жасай білуге көмектеседі.
Бағдарламаның мақсаты: оқушыларға қазақ халқының ақыны, шебер аудармашы, үлкен мәдениет қайраткері Қадыр өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру
Міндеттері:
• оқушы ізденісі,шығармашылық қабілетін, сөздік қорын молайту
• көркем сөйлеу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру
• адамгершілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, намыс пен қайсарлыққа тәрбиелеу
• ғылыми –зерттеу жұмысына баулу, бағыттау
Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, философия, шешендік өнер
Іс-әрекеттер түрі:
• Шығармашылық іске жұмылдыру;
• АКТ пайдалану;
• Ой қорытындысын шығару;
Үйірме жұмысын өткізу түрлері:
• әдеби сайыстар;
• поэзия кештері;
• қабырға газеттерін шығару;
• көріністер қою;
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар қазақ халқының ұлы ақыны Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы туралы мол мағлұмат алады;
2. Оқушы ізденісі мен зерттеушілік қабілеті дамиды;
3. Пәнге қызығушылығы мен іскерлік іс-әрекеті қалыптасады;
Мамандыққа бағдарлау: тіл маманы, әдебиетші, журналистика;
Ұйымдастыру формалары: оқулықпен жұмыс, мәнерлеп оқу, топтық жұмыс, зерттеу жұмысы, ізденіс сабақ, жатқа оқу, рөлге бөліп оқу, жаттау, көріністер көрсету

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев өмірі мен шығармашылығы

«Қадыр, негізінен, ұлттық ақын. Ұлттық ақын, қазақ
халқының ақыны. Оның туған халқының арғы-бергі өмірі,
тіршілігі туралы жазған өлеңдері өте көп. Сол өлеңдерінің
барлығын жинақтап айтсақ, қазақ халқы өмірінің көркемдік
шежіресі, әдебиеттегі образды тарихы деуге болады».
Әбділхамит Нарымбетов

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әлі (1935 жылы туған) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.
Ақын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.
1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.
Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. Ал әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді.
Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғүламаларының талайының шығармаларын ол қазақ тіліне аударады. Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды. Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), әзербайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бүрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты.
1966 жылы «Ой орманы» өлеңдер жинағы үшін Қадыр Мырза Әліге Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді.
1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін ол Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
2001 жыл Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығына ие болды. 1993 жылы Қадыр Мырза Әлі өлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығын алды.
Қадыр Мырза Әлі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.Соңғы жылдары ақынның он алты томдық таңдамалары жарық көрді.
2003 жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять» атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты.
Кітаптары:
«Жаңғалақтар» (1960); «Кішкене қожанасырлар» (1961); «Данышпан» (1961); «Ноян-қоян» (1962); «Алуан палуан» (1963); «Сабақ» (1964)[1].
Жыр жинақтары:
«Ой орманы» (1965); «Дала дидары» (1966); «Ақ отау» (1968); «Домбыра» (1971); «Көш» (1973); «Жерұйық» (1976); «Алақан» (1977); «Қорамсақ» (1980, 1981); «Қызыл кітап» (1983); «Күміс қоңырау» (1970 — 1985); «Мәңгі майдан» (1993); «Биік баспалдақ» (1993); «Үкілі үзінділер» (1996); «Алаштың арманы» (2001); «Жазмыш» (2001); «Еңіреп өткен ерлер-ай» (2001); «Иірім» (2004); «Шырғалаң» (2004); «Алмас жерде қалмас» (2004)[1].
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 60
авторы: Merlan
18 қазан, 14:10 жарияланды
Г.С.Иманиязова
№41 жаратылыстану-математика
бағытындағы мектеп-лицейі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы


Сабақтың тақырыбы: Қазтуған жыраудың «Мадақ» жыры (9-сынып)
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға ХҮ ғасырдың жырауы Қазтуған Сүйінішұлы туралы, оның толғаулары, кейінгі ұрпаққа жеткен мұралары туралы толық мағлұмат беру.
ә)Тәрбиелік: Жырау өлеңдерін, толғауларын оқыта отырып, оқушыларды туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
б)Дамытушылық: Өтілген материалдарды тиянақты меңгеруге, ойлау белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал ету.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту элементтерін пайдалану.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,баяндау.
Көрнекілігі: Қазтуған жыраудың портреті, Бес ғасыр жырлайды. І том. Интерактивті тақта
Толық нұсқасын жүктеп ал: ЖҮКТЕП АЛ
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 969
авторы: ayazhan2017
27 сәуір, 09:04 жарияланды
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылы,
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектеп-балабақшасының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сыдихова Аяжан Жаксыгалиевна

Шараның мақсаты: жазушы, публицист,аудармашы- Саттар Ерубаевтың туғанына 100 толуына орай қаламгер шығармашылығын, өмір жолын кеңінен насихаттау;
Күтілетін нәтиже:
А) Жазушы шығармашылығын, өмір жолын оқып, біледі.
Ә) «Менің құрдастарым» романы желісімен танысады.
Б) Романға сатылай талдау жасай алады.

Сабақтың өту формасы: оқырмандар ойталқысы

Сабаққа қажетті көрнекіліктер: кітап көрмесі, слайд

Шараның өту барысы:
Ұйымдастыру: Саттар Ерубаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру. (слайд)
Өмір жолы: Саттар Асқарұлы Ерубаев- қазақ әдебиетінің аспанына жарқ етіп көтеріліп, бірақ лезде жалт етіп ағып түскен жұлдыздарының бірі, өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай арманда кеткен жас талант Саттар Ерубаев қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданында 1914 жылы дүниеге келген. Ауыл балалары сияқты молданың солқылдаған көк шыбығына көнбестен Саттар Түркістандағы бастауыш мектепке асып кетеді. Мұны бітірген соң жетіжылдық орыс мектебінде оқып, оны үздік аяқтап шығады. Саттар Ерубаевтың бар болғаны 23 жыл ғұмыр сүрген. Оның қалыптасуына әкесі Асқардың, анасы Бапаның үлкен әсері болған.
Шығармашылығы:
• Қарағанды жұмысшы табының қалыптасуы жайындағы «Үш шахтер туралы баллада», «Меруерт алқа» балладаларының, «Бақыт», «Өмір көркемдігі» новеллаларының авторы.
• «Менің құрдастарым» романында (1939 жылы жарияланған 1957 жылы орыс тіліне аударған) Қазақстанның көмір орталығы Қарағандыны құрушы жастардың тұрмысы мен еңбегін суреттейді. Қарағандының бір көшесіне Ерубаевтың есімі берілген.
• Қазақстан өлкелік партия комитетінің «Қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты редакторының орынбасары болып табылады.
• 1930 жылдары Саттардың белсенді комсомол мүшесі және зейінді жас екені ескеріліп, жоғары оқу орындарына даярланатын Алматыдағы дайындық курсына жіберіледі. Сол жылы ол Қазақстан оқу комиссариатының арнайы жолдамасымен Ленинград тарих, философия және лингвистикасына оқуға түседі.
• 1933 жылы институтты үздік бағамен бітіріп шығады.
• Аспирантураға қабылданады.
• Бірақ қазақстан өлкелік комсомол комитеті арнайы жеделхат жолдап, Ерубаевты шұғыл түрде Қазақстанға шақыртады. Осыған байланысты Саттар оқуын қалдырып, елге оралады.
• 1933-1934 жылдары «Ленинская смена» газет әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі.
• 1934 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің «Қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты редаторының орынбасары болып қызмет атқарады.
Кітапханашы: Кітап көрмесімен таныстыру
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 217
авторы: ayazhan2017
27 сәуір, 09:04 жарияланды
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылы,
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектеп-балабақшасының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сыдихова Аяжан Жаксыгалиевна



Сабақтың мақсаты: Білімділік- Шығарманы меңгерте отырып,Б.Майлин туралы білімдерін
тереңдету,жазушы шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық- Шығармадағы кейіпкерлерді талдай білуге төселдіре
отырып,түйінді ой айтуға,өзіндік пікір қалыптастыруға жетелей,жазушының жанр
шеберлігіне жеткен биіктігін таныту.
Тәрбиелік- хиқаяттың тәрбиелік жақтарын таба отырып,шығармашылық
ізденіске,елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімді жүйелеу,қорытындылау.
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СКТ,сұрақ-жауап,баяндау, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар.
Сабақтың жүрісі:1.Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, сабаққа дайындығын бақылау
2.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген тапсырма слайдтармен көрсетіледі.
Үй жұмысы(1-слайд)
-Проза дегеніміз не?
-хикаят дегеніміз не?
- хикаят кімнің атынан баяндалады? Берілген сұрақтар бойынша оқушы жауабы тыңдалады.
3.Түсіну.Сатылай кешенді талдау жасай отырып,оқушы өз дүниетанымын байытады. (2-слайд)
Б.Майлин «Түйебай» әңгімесі
1.Авторы – Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған.
2.Тақырыбы-
3.Эпикалық жанр түрі-
4.Идеясы-
5.Кейіпкерлер бейнесі:
Жағымды кейіпкерлер-
Жағымсыз кейіпкерлер-
4.Зерделеу.Бейімбет-ұлы суреткер (3-слайд)
Шығарманың композициялық құрылымына әр оқушы талдау жасайды.
Оқиғаның басталуы Әсем пейзаж.Обашық. «Тарғыл өгіз сойған»- «Шұғаның белгісі»қалай атанады?
Дамуы «Сықырлауықтан сығалаған сұлу сезім».Әбдірахманды Шұғаның тұңғыш көруі.
Өрбуі Адамдар тағдырына негізделген.«Махаббаттың маздаған отына су шашу»
Шиеленісуі Екеуінің махаббаты
Шарықтау шегі Ауру Шұға


  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 290
авторы: ayazhan2017
27 сәуір, 09:04 жарияланды
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылы,
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектеп-балабақшасының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сыдихова Аяжан Жаксыгалиевна


Мақсаты Поэманың идеясын түсіндіре отырып, идеялық- тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру;
Күтілетін нәтижелер

А) Поэманың идеясын аша алады;
Б) Поэмадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасай алады.
В) Тарихи тұлға Ескендір мен әдеби қаһарман Ескендірді салыстыра алады.
Керекті жабдықтар

Флипчарт, бағалау критерийлері, дәйексөздер
Пәнаралық байланыс Тарих пәні
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе


10 мин

Оқушылармен амандасу; сабаққа дайындықтарын тексеру;
Табыс критерийін дайындау
Үй тапсырмасына дайын.
Қысқаша мазмұн жаза алады.
Салыстыру жасай алады.
Заттық ассоциация жасай алады.
РАФТ стратегиясын орындай алады.
Үй тапсырмасын тексеру үшін
«Ыстық орындыққа» шақырамыз.
Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қоюы керек. Мұғаліммен амандасады









Үй тапсырмасын тапсыруға шығады. Сұрақтарға жауап береді.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 267

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Наурыз 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама