авторы: Абдуллина (21 қазан, 14:10 жарияланды)
Ұзақбайқызы Гүлназия Ақтөбе қаласы №24 лингвистикалық мектеп
Сабақтың барысы:
1.Қызығушылығын ояту
Оян, Қайыр бабатайым,
Қасиетті қымбаттым!
Сан алапат ғасырдан соң,
Тасыр дауыл басылған соң,
Өзіңді іздеп тіл қаттым,
Аман қапты батыр арман,
Отқа оранған Отырардан
Қашып шыққан сол баяғы баладан,
Бұл күндері санатты ұрпақ тараған,
Дәуірінің қанатында самғаған
Сол ұрпақтан шыққан ақын мен болам! - деп жырлаған ақын кім еді?

- М. Шаханов
- М. Шахановтың осы дастаны қалай аталады?
- Шыңғыс ханның қателігі немесе Отырар дастаны
- Ия, біздің бүгінгі сабағымыз әлемді дүр сілкіндірген, даңқты қолбасшы, Жеңіс хан атанған – Шыңғыс хан туралы болмақ.
- Шыңғысханның басты арманын білгілерің келе ме?
- Мына таудың шыңында осы арман тілек жасырынған, егер тапсырмаларды орындасаңдар Шыңғысханның сол арманын оқи аласыздар.
2.Мағынаны тану
1.Моңғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы.
2.Шыңғысханның жаулап алу соғыстары мен зардаптары.
3. Шыңғысханның өлімі туралы аңыз.

Зерттеу шеберханасы бойынша: әр топ өздерінің жұмыстарын қорғайды
1 топ: Моңғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы туралы зерттегендерін ортаға салады:
Шыңғысхан - деген ұлы есім. Оның жинаған абыройын тек өз моңғолдары ғана емес, бүкіл әлем мойындады. Әлем тарихшыларының ішінде Ұлы Моңғол империясы және Шыңғыс хан туралы жазбағандары кемде-кем. Шыңғыс хан туралы жазылған тарихнамалық материалдар тізімі 800-ге жетіп жығылады. «Моңғолдың құпия тарихы» туралы 160-тан астам диссертация қорғалған. Тарихи шежіре әлемнің 40-тан астам тіліне аударылған екен. Бірақ қалай дегенмен зерттеп отырған тақырыбымыздың деректемелік қайнарын Шыңғыс ханды тудырған моңғол топырағы, моңғол тарихының көздерінен бастап қарастыруды жөн көрдік. Осындай тарихи деректемелік мәні бар еңбектердің алдыңғы қатарында «Моңғолдың құпия тарихының» алатын орны бөлек. Бірде татарлар Тэмучжиннің арғы аталарының бірі Амбағай ханды Қытай патшасына ұстап береді. Қытайлар оны айыр ағашқа шеңгелдеп, азаптап өлтіреді. Өлер алдында Амбағай хан ұрпақтарына «қара тұяқтарының қан кеткенше күресіп» татарлардан өш алуын аманат етеді. 1203 жылы моңғол жерінде өмір сүрген таталарды (орыс деректерінде татарлар) 1204 жылы кектенген моңғолдар жеріндегі жауларын қырып жояды. Содан соң керейлерді, наймандарды жаулап алып,1204-1205 жылдары Моңғол мемлекетін құра бастайды.
1.Орхон, Керулен өзендері бойын мекендеген көшпелі тайпалар:
Керейт, найман, жалайыр, қоңырат, татар, жалпы монғол тайпалары
Осы тайпалардың ішінде жалпы моңғол тайпасы Шыңғыс ханның шыққан тегін білдіреді.
2.Моңғол мемлекетінің құрылуы, хронологиялық талдау.
1155ж.(1162ж)Темучиннің тууы.
1171ж.Есугейдің қаза табуы.
1189ж.Темучин моңғол тайпаларының билеушісі болды.
1189-1206ж.Киіз туырлықты тайпаларды бағындыру жорықтары.
1206ж.Моңғол мемлекетінің құрылуы.Темучиннің Шыңғыс хан атануы.
3.Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.
Барунгар оң қанат;
Жоңғар сол қанат;
Кул орталық;
Түмен-10 мың әскер түменбасы;
Мыңдық-1 мың әскер мыңбасы;
Жүздік-100 әскер жүзбасы;
Ондық-10 әскер басы;
Құқықтық негізі: Құрылтай;
Яса-Жасақ
2 топ: Шыңғысханның жаулап алу соғыстары мен зардаптары туралы картамен жұмыс жасай отырып, талдау жасайды.
Хронологиялық бағыттағы талдау.
1207-1208 жж. Енисей қырғыздарын, Сібір орман тайпаларын, 1207-1209 жж. Таңғұттарды, тұрпан кінәздігін, ұйғырларды бағындарды.
1211-1215 жж. Қытайға жорықтары.
1217 ж. Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы.
1218 ж. Жетісу жеріне еніп, Баласағұнды алды, Отырарға сауда керуендерін аттандырды.
1219 ж. 150 мың әскер Ертіс, Сырдарияға аттанды. Отырарды қоршауы.
1220 ж. Отырардың жау қолына көшуі.
1219-1220 жж. Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы.
1219-1224 жж. Қазақстан мен Орта Азияның Шыңғыс хан империясы құрамына қосылуы.
1223 ж. Қалқа өзені бойындағы шайқас.
1227 ж. Шыңғыс хан мен оның ұлы Жошының қаза табуы.

Моңғолдардың жеңістен- жеңіске жетуінің себебі: олардың соғыс өнері. Бұл ежелгі түркі және протомоңғолдардан келе жатқан үлгі. Мысалы, ежелгі түркі салты бойынша ана құрсағындағы ер бала дүниеге жауынгер болып тууға тиісті. Ат жалында соғысып жүріп өлгенді өлім деген ,ал уйде ер адам өлсе оны арам өлім деген. Плано Карпинидің айтуы бойынша ,шегіну сөзі жауының негізгі тобынан бөліп әкетіп, айналып соққы беру амалы болып табылады.
Моңғол шапқыншылығы шынымен де қыпшақ тайпалары көптеген зардабын тигізді. Плано Карпини Қазақстан аумағына өткенде тезек секілді адам сүйектен көрген екен.
Шыңғыс хан Сырдария аумағына да зардабын тигізген. Бұл туралы Әл-Омари:
- Сырдарияның қалалары бар, бірақ көп жері бұзылған. Ал олардың үйіне барсаң ешкім жоқ және де үйлерінің жанында майса шөп өсіп кеткен- деген.
Мұғалім:
Сонымен, монғол шапқыншылығы Қазақстан және Орта Азия қалаларының дамуын жүздеген жылға кейін шегерді. Шапқыншылықтың зардабы өте ауыр болды. Шыңғыс хан көз тоймастықтан қаншама жерді аяусыз қантөгіспен, зорлық-зомбылықпен, шапқыншылықпен жаулап алып, балаларына қаратқанымен, оның балалары арасында, олар басшылық еткен ұлыстардың арасында саяси және экономикалық немесе бір этникалық байланыс болған емес. Қайта олардың арасында, керісінше, билікке талас-тартыс күшейе түсті. Тіпті,1259 жылы ұлы хан Мөңке қайтыс болғаннан кейін, Шыңғыс тұқымдарының арасындағы талас шиеленісе бастады.
Төмендегі кәріс тарихшысы Ким Жон Рэннің Шыңғыс ханның жаулап алған аумағын салыстырған есепті келтіріп көрелік:
Әлемнің ұлы қолбасшыларының жаулап алған аумағының көлемі:
Шыңғыс хан (1155, (1162)-1227)- 7 700 000 шаршы километр.
Александр Македонский (Б.з.д 356-323) – 3 480 000 щаршы километр
Гитлер (1189-1945) – 2 190 000 щаршы километр
Наполеон (1769- 1821) – 1 150 000 щаршы километр.
Шыңғыс ханның жаулап алған жері А.Македонскиден 2, Гитлерден 3, Наполеоннан 7 есе ауқымды жатыр, әрине бұл аз жер емес. Бірақ бұған Шыңғыс ханның әлі де көзі тоймады. Ол бұдан бұрын батысты жаулап алуды тұңғыш ұлы Жошы, ол өлгесін немересі Батыйға тапсырса, Қытайды біржола жаулап алуды армандады.
Дегенмен, балалар, моңғол шапқыншылығының тұсында ата-бабаларымыздың ерлігін, Отан қорғау жолындағы жанкешті іс-әрекеттерін ұғынып, бағалау біздің парызымыз екенін естен шығармаған абзал.
3 топ: Шыңғысханның өлімі туралы тарихи деректерге сүйене отырып, талдау жасайды.
Шыңғыс хан аса құпия жағдайда жерленгендіктен, күні бүгінге дейін оның моласы беймәлім. Осының төңірегінде кейбір деректер мен ел аузында әр түрлі аңыздар бар. Ол аңыздардың мазмұны әр түрлі, көп жағдайда біріне-бірі қайшы.
Шыңғыс ханның туған жылы туралы әр түрлі мезгілдер айтылса, ал қайтыс болуы 1227 жылдың тамыз айының соңы екендігі барлық шежіре, тарихтарда жазылған. Сондықтан еш дау туғызбайды. Даулы мәселе – Шыңғыс ханның өлімінің себебі туралы деректердің әр алуандығы болып келеді. 1240 жылы жазылған делінетін «Құпия шежіренің» 265 – бөлімінде: «Қаған ит жылы (1226 ж.) күзде Таңғыт елімен соғысуға аттанады. Жол-жөнекей Арбұқада құлан аулаған кезде, Теңбіл шұбар жалт бергенде, Шыңғыс қаған аттан жығылып, денесі қатты ауырғандықтан, Сорқа деген жерге қонады. Таңертеңінде Есүй ханым: «Ұлдар, нояндар, ақылдасыңдар! Қағанның денесі түнде қызып шықты»,- дейді. «Соғысқа бармайық. Қаған жазылған соң қайта келейік» деген кеңеске Шыңғыс хан көнбей, жорықты жалғастырады. Соғыста жеңілген Таңғұт билеушісін өлтіріп, 1227 жылы тамыз айының соңында қайтыс болады. Шыңғыс ханның аттан құлауы жайында өзге деректерде айтылмаған.
Ал «Түрік шежіресі» аталған еңбегін жазуда 18 түрлі шежіре, тарихтарды пайдаланғанын айтқан Әбілғазы-баһадұрдың баяндауынша Таңғұт елшісі бағынатындарын хабарлап кетісімен Хан қатты ауырып, төсек тартып, жатып қалады. «Шыңғыс хан Қытай жорығында жүргенде, бір түс көріп, одан өзі жаман шошынып еді. Өзінің жуырда өлетінін ойлап жүр еді, аяқ астынан ауру жабысты. Өзінің нашарлағанын сезген Шыңғыс хан балаларын шақыртты... «Өз әскерімен Шидұрқы келгенше менің өлгенімді ешкімге айтпаңдар, оны әскерімен өлтіріңдер, содан кейін ғана менің өлгенімді хабарларсыңдар» деді. Осы кезде оның жаны тәнінен ұшып кетті. Бірнеше уақыт өткенде әскерімен Шидұрқу келді, ханзадалар оны ұстап алып өлтірді»делінген (91-92 б).
Рашид-ад-Диннің жазғандарына қарағанда Шыңғыс хан өзінің бақилық орыны жайлы да өсиет қалдырған адам. Бұл туралы Рашид-ад-Дин: «Бірде Шыңғыс хан тауда аң аулап жүріп көрер көзге ерекше бір ағаштың түбінде дем алып отырып көз жұма қалсам мені осында жерлеңдер» деп ұрпағына аманат етіпті дей келіп ары қарай: «…Бұл Шыңғыс ханның туып өскен Дэлигун Болдог деген жер екен. Бұл жер Онон өзенінің құйғанында» деп анықтай түседі. Моңғол тарихшылары Мянгадай Ринчин, Х.Пэрлээ, Ч.Далай және басқадай ғалымдар Рашид-ад-Дин атап келтірген бұл жер кәзіргі Моңғолияның Хэнтий аймағы, Онон өзені бойындағы Хурлэху деп анықтаған.
Келесі аңыз бойынша, бір түрік қолбасшысы ханның денесін Моңғолияға жеткізіп, төрт жерден көр қаздырып, төртеуіне төрт табыт салып көмген. Ханның денесі қай табытта екенін ешкім білмеген. Сол жерден үйір-үйір жылқы айдатып, молалар жермен жексен болып, әбден тапталған кезде, ал енді табыңдар дегенде, ешкім хан сүйегі жатқан жерді таба алмаған. Жерлеуге қатысқандардың барлығы өлтірілген. Кейін Хантэй жерінің біраз бөлшегін қасиетті деп жариялап, ол жерді басқан адамды қарғыс атады деп санаған. Бұл да Шыңғыс ханның моласын іздемесін деген мақсатпен таратылған аңыз болуы мүмкін.
Тағы бір аңызда Шыңғыс ханның денесі Онон өзенінің арнасында су астында жатқан көрінеді. Бейіт қазу үшін өзенді басқа арнаға бұрып жерленгеннен кейін оны қайта өз арнасына жіберген дейді. Тіпті, мынандай да аңыз бар. Қағанның қай жерге жерленгенін білдірмеу үшін денесін біржыл бойы бальзамдап (моңғолдар ол кезде бальзамдауды білмеген), түйенің қомына салып алып, ел аралап жүрген. Ана жерге мына жерге жерленді деп лақап таратқан. Марко Полоның жорамалы бойынша, «моңғол барлық ұлы басшыларын, қағанның ұрпақтарын үлкен Алтай тауының баурайына жерлеген. Шыңғыс хан қай жерде өлсе де, бәрібір оның денесін сол Алтай тауына әкеліп қоюға тиіс» дейді.
Ғалымдар Шыңғыс ханның денесі үш өңірдің бірінде жерленуі мүмкін екенін айтады. Біріншісі – Ішкі Моңғолия, екіншісі – Чита облысының (Ресей) оңтүстігі, үшіншісі – атақты адамдардың жерленген жері табылған Биндер тауының етегі. Алғашқы екеуіне қарағанда, соңғы болжам шындыққа жақындайды. Шыңғыс хан дәл осы өңірде дүниеге келген. Археолог ғалымдар Биндердегі қорымның бір зиратынан табылған қару-жарақтар мен әшекейлі заттар Шыңғыс хандікі болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.
2-тапсырма: Әр топ өздерінің зерттеу жұмыстарының қорытындысын Шыңғыс хан әскерінің әскери қару-жарақтарына жазып, тақтаға ілу.
3- тапсырма: Әр топқа шығармашылық жұмыстар тапсырылады.
1 топқа: РАФТ жазу.
2 топқа: 5 жолды өлең.
3 топқа: кестемен,картамен жұмыс
Оқушылар, сіздер тапсырмаларды толық орындап, мақсаттарыңызға жеттіңіздер. Шыңғыс ханның арманы – «Құлаш денем құласа, құласын, құраған – елім, қолымдағы байрағым құламасын!» деген еді
- Шыңғысханның бұл арманы орындалды ма?
- ? ? ?
Шығармашылық жұмыстар :
Р-саяхатшы
А-оқушылар
Ф-жарнама
Т- Саяхатқа бірге барайық!
Құрметті оқушылар!
Сендер білесіңдер ме, Шыңғыс ханға арнап ескерткіш орнатылған. Ол Ұлан-Батор қаласында орналасқан. Биіктігі 40 метрге жетеді. Барғыларыңыз келсе бірге барайық. Байланыс телефондары: 445-544 немесе 561-359 Мұқанбетәлі Жансая

Р- өзім
А- ғалымдар мен зерттеушілер
Ф- өтініш
Т- Құпия,құпия болып қалсын...
Әлем тарихында Шыңғыс ханның орны бөлек. Арада 800ж.-дан астам уақыт өтсе де, Шыңғыс қағаннан артық туған тұлға дүниеге келген жоқ. Сол себепті, әрине,Шыңғыс хан- зерттеушілер үшін мәңгілік тақырып.Әсіресе,қаған өлімі мен оның мүрдесінің орналасқан жері бүкіл әлемді қызықтырады. Осы белгісіздік оған деген қызығушылықты арттыруда.
Алайда, менің ойымша,Шыңғыс хан табытын зерттеудің қажеті жоқ. Себебі,оның тыныштығын бұзуға болмайды, III д.ж. соғыстың басталу қаупі төніп тұр. Сондықтан, барша ғалымжардан Шыңғыс хан табытын іздемеуін өтінгім келеді. Өйткені,Шыңғыстай тарихи тұлға табытының ашылуы жерімізге соғыс әкелсе,оның пайдасынан гөрі,зияны көп болар деп ойлаймын.
Асқарова Саида
Р – оқушы
А – кластастар
Ф – ашық хат
Т - Ынтымақшыл болайық!
Қымбатты, достар! Біз, қазақ елі Шыңғыс ханның жойқын соққысынан да ыдырамаған елміз! Бұны мақтанышпен алып жүруге тиістіміз. Еліміздің қанат қаққан болашағы біздерміз. Сондықтан да осы міндеткерлікке лайық- Жас Ұлан болайық!
Р – оқушы
А – дүйім халық
Ф – ұсыныс
Т – Аттанайық достар!
Қымбатты достар! Өзіміздің қазақ жеріндегі Отырар қаласына саяхаттауға қалай қарайсыңдар?! Осы бір киелі қаланың көрінісін көргеннің өзі адамды рухтандырады емес пе? Бірақ бір өкінішті нәрсе ол жерде қайсар хан Қайырдың ескерткішінің жоқтығы. Ендігі, қазақ халқына айтар ұсынысым Отырар қалашығын алты ай бойы Шыңғыс ханнан қорғаған- Қайыр ханға ескерткіш тұрғызайық! Отырарға сапар шеккісі келетіндер мына нөмірге хабарласыңыздар: 556-789, 760-042.
Кабдахимова Алмира

Р – оқушы
А – тыңдаушылар
Ф – жарнама
Т – Моңғолияға!
Құрметті тыңдаушылар! 800 жылдан аса уақыт бұрын Моңғол империясы Шыңғыс ханның басқаруымен 7 млн-нан астам жерді жаулап алды. Ал қазіргі Моңғолияның көлемі аядай ғана жер, 1 564 116 км2. Сол жерге зерттеу экспедициясын жүргізсек демекпін. Кім біледі, құпияға толы қызықтар бізді асыға күтіп тұрған шығар! Жол жүргісі келетіндер үшін, байланыс телефондары: 152-153;
Әлім Аида

1. Шыңғыс Хан
2. ақылды,күшті
3. жаулайды,қорғайды,бағындырады
4.Тимуджин- екінші мыңжылдықтың тұлғасы
5. Тұлға
Жақсылықов Әлібек
1. Моңғолия
2. тәуелсіз,парламенттік
3. бөлінді,құрылды,гүлденді
4. XIII ғасырда Тимуджин басқарды
5. Мемлекет
Жаубатырова Әмина
1 Шыңғыс Хан
2 қатыгез,қатал
3 құрады,басқарады,жаулайды
4 Тимуджин-әлемді жаулаушылардың бірі
5 Билеуші
Айнұр
1.Тэмучжин
2.қайсар, өжет 3.үйренді, шабуылдады,құрды 4.Тэмучжин – Қият руынан шыққан.
5.Шыңғыс хан
1.Шыңғыс хан
2.парасатты, жаужүрек
3.құрды, биледі, бағындырды
4.Шыңғысхан – 1162 жылы туылды.
5.Теңіз хан
Олжас
4 тапсырма:
Шыңғыс хан төрт ұлының басын қосып «нағыз бағыт туралы кім не ойлайтыны» төңірегінде әңгіме дүкен құрып көргені бар. Сонда тұңғышы Жошы «Менің ойымша өз шаңырағымды көтеріп, үйірлі жылқыма қоң алдырып, құлан-тайды жарыстырып, көңіл шат күнде жиын, күнде той, шат-шадыман өмір сүрсек одан асқан қандай бақыт болмақ» деген екен. Шағатайға келсек «Е, әке депті ол, мен айтсам, жауыңды жеңіп, не қалағаныңның бәрін қолға түсіріп ботасын боздатып, боздағын жоқтатып алдыңа салып айдап әкелгенге не жетсін!» депті. Әрине әкесіне Өгедейдің сөзі ұнаған екен. Әкесі Жошының сөзін жай ғана жанап өтіп, Тулуйдың айтқанын баланың сөзі деп сынапты. Ал Шағатайдың сөзіне пәлен деп қайтармаған , мүмкін ол да ұнаса керек.
Мұғалім:Ал, сіздер бүгінгі сабақтан кейін бақыт дегенді қалай түсінесіздер?
Толғаныс,Эссе жазу.
Бақыт деген не?
XIII ғасырда Шыңғыс Хан 7 млн-дай жерді жаулап алды.Сол кезде Қазақстан оның қол астында болғанымен,қазір Қазақстан тәуелсіз ел.Менің елім!Н.Ә.Назарбаевтай Елбасымыздың арқасында көк туы желбіреген атақты елміз!Сол мен үшін бақыт.
Амина
Бақыт деген не?
Бақыт деген мен үшін көп мағынаны білдіреді.Ал ең маңыздысы көгілдір туымыз көк аспанда желбіреп тұрғаны.Шыңғыс ханның немесе басқа да жаулап алушылардың қол астында қалмағанымыз,тәуелсіз елімде тыныш өмір сүруім осының бәрі мен үшін бақыт.

Әлия
Бақыт деген не?
Шыңғыс хан Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы,әлемді жаулап алушы.Ол көптеген елдерді жаулады,өзіне бағынышты етті.Бүкіл әлемнің билеушісі болды.Бірақ,билік-уақытша нәрсе.Мәселен,Шыңғыс ханның қол астына көптеген жерлер қараса да,қазіргі моңғолия сол жерлердің үлкендігімен теңесе ала ма?Жоқ.Біздің Отанымыз Қазақстан да моңғол жерінен орасан зор.Қазақ халқының арасынан барша әлемді жаулаймын деген тұлға шықпаса да,алаш халқы өзара жарастық пен ынтымақтастық нәтижесінде осындай көркем,кең-байтақ ҚР-сын құрып отыр.Себебі,дана ата-бабаларымыздың көптеген жылдар бойы аңсаған ең асыл,аса биік ақ арманы әлемді жаулап алу емес,осындай егемен,отансүйгіш те бейбіт мемлекет құру еді.Ал қазір,сол сан ғасырлар бойы көздеген мақсатымызға жете білдік деп ойлаймын.Соның өзі де,мен үшін зор бақыт! Саида

Бақыт деген не?
Шыңғыс хан кезінде қазақ даласы соның қолында болды.Ал қазір Қазақстан тәуелсіз ел. Қазақстан болашақта дамыған 30 ел қатарына кірейін деп жатқаны,жер көлемінен 9-шы орында болуы үлкен бақыт.
Айнұр

Биқожин Бекзат
Бақыт дегеніміз не?
«Бақыт»- деген сөз көптеген ұғымды білдіреді.Ал мен үшін бақыт, біздің көгілдір туымыздың Моңғол мемлекетінің туының жанында желбіреп тұрғаны. Бақыт деген не?

Мұқанбетәлі Жансая
Мен үшін бақыт ата-анамның алдында күліп –ойнап жүру.Тәуелсіз елде тұрып жатқаным бақыт. Ал ҚР- 2050 стратегиясына мен барымша өз үлесімді қосамын.Себебі: Қазақстанның дамуы мен үшін шексіз бақыт.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Зардыхан Қинаятұлы. «Шыңғыс хан» .Алматы 2008
2.Монғолияның құпия шежіресі.А,75-76 б.б
3.Аманжолов К.Р,Рахметов К «Түркі халықтарының тарихы» А,1996 2-том
4.Хара-Даван Э «Чингиз хан, как полководец иего насследии»А,1992,272 б
5.Мыңжан Нығмет «Қазақтың қысқаша тарихы»А,1994,160 б
6.Качанов Е «Жизнь Тэмуджина, думавшего покарит мир» А,1994,160 б
7.Казақстан тарихы А,1996 1-том 410 б
САБАҚТЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫН ЖҮКТЕУ
  • 0
 қаралды: 2534
 пікірлер: 1
Жазған: Абдуллина  (2 ақпан 2016 21:34)
  • Статусы: Сайтта емес
  • Бас редактор
    Сабақ жүйелі құрылған,керемет!
    Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

    Сайтқа кіру

    Сауалнама

    "НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

    Күнтізбе

    «    Қазан 2017    »
    ДсСсСрБсЖмСнЖс
     1
    2345678
    9101112131415
    16171819202122
    23242526272829
    3031 

    Кім сайтта

    Пікірлер

    Copyright © Білімділер порталы & 2015

    Жарнама