авторы: Merlan
6 наурыз, 23:03 жарияланды
Категориясы: Химия
БҚО Теректі ауданы Покатилов ЖОББ мектебінің
химия пәні мұғалімі Таубаева Алтынханым Бисенгалиевна

Тақырыбы: Тұздардың жіктелуі, алынуы, олардың химиялық қасеттері.
Мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың тұздарды жіктелуін, химиялық қасиеттерін,
алынуын таныстыра отырып, білімдерін жүйелеу, қортындылау.
Дамытушылық: ой-өрісін кеңейту, химиялық тілді дамыта отырып
оқушылардың сөйлеу мәнерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: өз уақытын бағалауға үйрету, өздігінен талпынып, жауапкершілікті
саналы сезінетін оқушыны тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үй тапсырмасы
Толық нұсқасын жүктеп ал: Жүктеу
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 195
авторы: Асемгуль
31 наурыз, 12:03 жарияланды
Категориясы: Химия
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
А. Байтұрсыныов атындағы №10 ЖОББМ
Химия және биология пәндерінің мұғалімі ІІ-санатты
Букенбаева Асемгул Рахимовна

Сыныбы: 8
Тақырыбы: Ауыз қуысында астың қорытылуы.
Мақсаты:[Ауыз қуысында астың қорытылу процесі, ферменттердің ролі, тіс және оның құрылысы туралы танысып, тіс күтімін сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
А Ауыз қуысының құрылысы, тіс және оның құрылысы туралы біледі.
В Ауыз қуысында астың қорытылу процесі, ферменттердің роліне салыстырмалы түрде сипаттама береді.
С Тіс күтімін сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыланады.
Дереккөздер, құрал-жабдықтар: Биология оқулығы 8-сынып, Тістің құрылысы макет, суреттері, макеті, таныстырылым, интернет https://e.edu.kz/

Сабақтың барысы:
Кіріспе
1.Топқа бөлінеді
2. «Тест» Топқа бөлінеді
Тест тапсырмасын орындап, сағат тілімен бір-бірін тексереді.
Бағалау критерийі.
«10-9»-5 «8-7»-4
«6-5»-3 «4-0»-2
«Бағдаршам» әдісімен өзін-өзі бағалау.
Тұсаукесер Ой шақыру
1. 32 қайрақ
Бірін-бірі шыңдайды (тіс)
2. Қызыл түлкі ықпайды
Өз інінен шықпайды (тіл)
Жұмбақ бойынша сабақтың табыс критерийін анықтау үшін сұрақтар қойылады:
- Ас қорыту қайдан басталады?
- Ауыз қуысының жануарлардан айырмашылығы қандай?
- Ауыз қуысында қандай мүшелер мен сілекей бездері бар?
- Балалар, Ауыз қуысында астың қорытылуы тақырыбына қандай мақсат қоямыз?
-Топппен жұмыс
- Анықталатын табыс критерийі:
1. Ауыз қуысының ұүрылысы, тіс және оның құрылысы туралы білемін;
2. Ауыз қуысында астың қорытылу процесі, ферменттердің роліне салыстырмалы түрде сипаттама беріп, түсіндіремін.
3. Тіс күтімін сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыланамын.
4. Ауыз қуысына байланысты салауатты өмір салтын сақтау жолдары туралы ұсыныс жасап, қорытындылаймын.
- Ауыз қуысында астың қорытылу процесі, ферменттердің ролі, тіс және оның құрылысы туралы танысып, тіс күтімін сақтауға, салауатты өмір салтын ұстану жолдарын білеміз.
Негізгі бөлім
-«Кемпірқосақ» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту.
- Төрт топқа тапсырма беріледі:
1-топ Тістің құрылысы мен қызметі.
2-топ Сілекей бездері, сілекейдің құрамы
3-топ И.П. Павловтың зерттеуі
4-топ Жұту, сілекей бөлінудің реттелуі
-Термин сөздермен жұмыс
-Сергіту сәті
Зертханалық жұмыс №13. Крахмалға сілекейдің әсері.
Мақсаты: сілекейде крахмалды ыдырататын фермент бар екеніне көз жеткізу.
Керекті құрал-жабдықтар: крахмалданған құрғақ дәке, йодтың әлсіз ерітіндісі бар ыдыс, басына мақта оралған сіріңке.
Барысы:
1. Сіріңкедегі мақтаны сілекейге батырып алып, крахмалданған дәке ортасына әріп жазыңдар.
2. Дәкені алақандарыңа алып, 2-3 минут қысып, содан кейінйод ерітіндісіне салыңдар.
3. Дәкенің қалай боялғанын бақылаңдар. - Жеке оқиды. Топтық талқылауға салады, ойланады, ізденеді, өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады, мағынасын түсінуге ынталанады.
- Оқушыларға тақырыптық суреттер беріледі. Сол суреттер бойынша топтық жұмыс жүргізіледі.
- Ұялы телефондарын пайдаланып, wiki-беттерінен жаңа сөздерге анықтама беріп, дәптерлеріне жазады.
- Зертханалық жұмысты орындап, қорытындысын дәптерлеріне жазады.
Қорытынды
1-тапсырма. «Жуан-жіңішке сұрақтар»
Берілген «жуан-жіңішке сұрақтарынан» тақырыпқа байланысты сұрақтар құрастырып, оған жауап беру.
2-тапсырма. «Сөздерді орналастыр »
3-тапсырма. «Синвейн» (5 жол өлең әдісі)
Рефлексия: «Пирамида 2» рефликсивті парағын тарату.
Үй тапсырмасы: «Егер сіз тіс дәрігері болсаңыз, не істер едіңіз?» атты тақырыпта эссе жазып келу Кім? Не? Қанша? Неше?
Қалай? Не себепті? Неліктен?
Дүрыс па? Келісесіз бе?
Анықта?
1.Тістің ақ бөлігі ........... деп аталады.
2. Тістің қалған бөлігі .......... жасырынған. 3. ........ жаққа орналасқан. 4. Тісті қатты заттан қорғайтын........... . 5. Тіс түбірінде қан тамырлар мен ..........бар. 6. Тіс ауруына пайдаланылатын антибиотиктерді атаңыз.
5 жолды өлең жазу
Мен не білдім?
Ең маңызды 5 сөз
Мен нені үйрендім?
Бұрын естімеген сен үшін жаңалық болған 3 ұғым
Нені білгім келеді?
Білгің келетін 1 сұрақ?
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 1037
авторы: Merlan
27 наурыз, 19:03 жарияланды
Категориясы: Химия
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы,
Қызылтал орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Кулушева Гульмира Кукенқызы

«Балаға білім бергенде жақыннан алысқа,
таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі
білімге байлап беру керек».
М. Жұмабаев.
Сабақтың тақырыбы: Магний және кальций қосылыстары. 10- сынып.
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік: ІІ А топ металдарының жалпы қасиеттері туралы білімге сүйене отырып, кальций мен магнийдің жеке қасиеттерін талдау;
2.Дамытушылық: Сілтілік жер металдардың қасиеттерін салыстыру арқылы оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті қалыптасып, логикалық ойлау қабілеті артады;
3.Тәрбиелік: Магний мен кальцийдің адам өміріндегі, табиғаттағы рөлі мен қолданылуының маңызын білу арқылы, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылады;
Сабақтың типі: есептер мен жаттығулар шығарту арқылы таныстан жатқа көшіп - жаңа білім алу мен білім беру сабағы;
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Әдіс-тәсілдер:Химиялық диктант, СТО стратегиялары (РАФТ,топтастыру, Венн диаграммасы) кешенді талдау, сұрақ-жауап, есептер мен жаттығулар шығарту, деңгейлік тапсырмалар,
сабақтың толық нұсқасын жүктеу
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 1897

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Қараша 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама