Жарнама

авторы: Merlan (21 ақпан, 00:02 жарияланды)
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға жеңіл атлетика туралы түсінік беру,оның адам өміріне тигізетін әсерлерін ұғындыра отырып,
ұзындыққа секіру әдісін үйрету. Шапшаңдық,ептілік,икемділік, қасиеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:ысқырық,метрлік,уақыт өлшегіш
Кіріспе.
Сапқа тұрғызу.
Сәлемдесу,кезекші мәліметі.
Түзел,тік тұр.
Оңға бұрыл,солға бұрыл.

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:
1.Екі қолды жоғары,аяқтың ұшымен жүру.
2.Екі қол белде,өкшемен жүру.
3.Қол желкеде,жартылай отырып жүру.
4.Қол тізеде,толық отырып жүру.
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:
1.Тізені жоғары көтеріп жүгіру.
2. Өкшені жамбасқа лақтырып жүгіру.
3.Аяқтың басын алға сілти жүгіру.
5.Сол қапталмен қолды артқа айналдыра жүгіру..
6.Оң қапталмен қолды алға айналдыра жүгіру.

Негізгі бөлім
Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру әдістерін меңгеру үшін мына жаттығуларды жетік білуіміз керек:
-бір орында ұзындыққа секіру,
-үш қадам жасап секіру,
-жылдам жүгіріп келіп секіру.
Жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің ең қарапайым түрі: қашықтықтан жоғары жылдамдықпен жүгіріп келіп,аяқты бүгіп секіру.
Ұзындыққа секіру: 1)екпіндей жүгіру, 2)жерден серпілу, 3)қалықтау, 4)жерге түсуден тұрады. Секіруші неғұрлым шапшаң жүгірсе,соғұрлым алысқа секіреді.
Ұзындыққа секіруді жақсы секіру үшін мына тәсілдерді үйрену қажет:
-тез жүгіре білу жаттығуын қайталау,
-серпілетін сызыққа аяқты дәл қоя білу жаттығуын қайталау,
-жерге дұрыс түсе білу,
Екпіндей жүгірген әр баланың адымының ұзындығы әр түрлі болмақ.Әдетте жерден серпілуге дейінгі жүретін қадам саны тақ болса,жүгіру серпілетін аяқтан,ал жұп болса,сілтенетін аяқтан бастау керек.Мұғалім оқушының серпілетін аяғының қашықтығын есептеп беруге көмек көрсету.
Сергіту сәті: Секіру жаттығуларынан құралға, эстафеталық ойындар.
« Кім алысқа секіреді?»
Бірінші нөмірлі бала сөре сызығына келіп бір орынна ұзындыққа секіреді.
Оның өкшесі тиген жерден екінші бала секіреді.секіру осылай жалғасады.
Қай команданың секірген қашықтығы ұзын болса сол команда жеңіске жетеді.
Эстафетаны бірінші болып аяқтаған және аз қате жіберген команда жеңеді.
Қорытынды бөлім:
Үйге тапсырма беру.
Жаттығуларды қайталап бағалау.
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар!
  • 0
 қаралды: 1310
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Наурыз 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама