авторы: Merlan (12 ақпан, 14:02 жарияланды)
Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар

Сабақтың мақсаты :
1.Оқушыларға ұлттық ойындар туралы мағлұмат беру және
үйрету.
2. Оқушылардың денсаулығын,ой-өрісін,икемділігін,шапшаңдығын дамыту және
ұлттық ойынға қызығушылығын арттыру.
3. Салауатты өмір салтын ұстануға және шыдамдылыққа,мақсатқа жете беруге
тәрбиелеу.


Құрал жабдықтар:Ысқырық,орамал,қамшы, шытқа түйілген теңге,арқан


Дайындық бөлімі:
Сапқа тұрғызу.
-Түзел!
-Тік тұр!
-Саламатсыздар ма?
Жүру жаттығулары:
-Қол жоғарыда,аяқтың ұшымен,
-Қол белде өкшемен жүру;
-Қол алда жартылай отырып жүру;
-Қол желкеде толық отырып жүру.

Жүгіру жаттығулары:
-Қолды алға айналдырып оң жағымен жылжу;
-Қолды артқа айналдырып сол жағымен жылжу;
-Сол қол алда,артпен жүгіру;
-Қол желкеде,аяқты артқа сермеп жүгіру;
-Екі қолды алға созып тізені жоғары көтеріп жүгіру;
-Екі қол артта,аяқты артқа лақтырып,қолға тигізе жүгіру;
-Сап бойынша жүру;
-тыныс алу жаттығулары.

Негізгі бөлім:
«Арқан тарту»
Алаң ортасына көлденең сызық сызылады.Ойынға екі ұшы тұзақтап байланған ұзын жіп немесе арқан керек. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады.
Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе,солар жеңіске жетеді.

«Қыз қуу»
Оқушылар екі топқа бөлініп спорт залдың бір жақ басына тұрады,бір топтың ойыншысы қарсы топқа барып біреуін сайысқа шақырады,берілген белгі бойынша қыз бала алдағы айналыммен жүгіреді де,ер бала қызды қуып жетіп,қыздың беліндегі бекітілген шағын орамалды жұлып алға тырысады.
Кері қайтарда жігіт қашады,қыз қуып жетіп қамшысымен соғады.
«Теңге алу»
Сөре сызығы бойына қатарынан екі топ орналасады.Белгі бойынша екі топтан бір-бір ойыншыдан жүгіреді,жол бойындағы шытқа түйілген орамалды жинап қайтады.

«Асық ойыны»
Бұл ойынның шарты бір топ бала жиналып келіп,тегіс жерге төрт бұрышты сызық сызады.
Сол төрт бұрышты ортасынан тең екіге бөледі. 1х1, 5 м мөлшерде.Асық ататын орын белгілейді.Ойыншы асықты дәл тигізіп сызықтан шығарса,оны аладыда сақа түскен жерден қайта атады.Егер оның сақасы асыққа тимей кетсе,асықты келесі ойыншы атады.

«Білектесу»
Бұл ойын күш сынасу үшін ойналады.Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға қоядыда,бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан,ойын бастаушы белгі берісімен,шынтақтарын сол орынынан қозғамай ,қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады.Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі.Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.

«Қара жорға » биі
Биді бір бағытта орындау.Бір-біріне кедергі жасамайтын ара қашықтықта сақтау.

Қорытынды бөлім:

Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың бағалау.
Үйге тапсырма беру.
  • 0
 қаралды: 229
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Қаңтар 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама