авторы: Рахымжан (31 наурыз, 06:03 жарияланды)
Тақырыбы: Өсімдіктер әлемі.
Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын арттыру,гүлдердің табиғаттағы маңызы жайлы мағлумат беру.
Осы апталық кезінде 6-сыныптар арасындағы өсімдіктер әлемі атты сайысымызға қош келдіңіздер. Сыныптан тыс өткізілетін шара мынадай жоспармен өткізіледі.
Топты 2-ге бөлеміз.
1-топ «Бәйшешек тобы».
2-топ «Раушан тобы».
Сабақты бастаушы жургізеді, Ол-пән мұғалімі немесе дайындалған оқушы болуы мүмкін.
Сайыс шарттары:
1- Таныстыру.
2- Әртүрлі сұрақтар
3- Сөзжұмбақ
4- Шытырман шешеміз.
5- Сергіту сәті.
Ал, сайыскерлер Сіздерге сәттілік.
1-бөлім: Таныстыру.
2-бөлім: Әр түрлі сұрақтар.
1.Гүл дегеніміз не?(Көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар бұтақтанбайтын түрі өзгерген өркен).
2.Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі қандай тозаңдану?(айқас тозаңдану).
3.Лала гүл, жуа, бидай, банан, жүгері, күріш, тары қандай өсімдіктерге жатады.(дара жарнақты).
4. Картоп гүлінің формуласы қандай? (⃰♂Т(5)К(5)А5Ж(2)).
5.Аналықтың құрылысы нешеге бөлінеді?(Аналық аузы, мойны, жатыны).
6.Қызғалдақ гүлінің формуласын ата? (К3+3 А3+3 Ж(3)).
7.Гүлдің тостағаншадан кейін орналасқан бөлімі? (күлте жапырақша)
8.Қос гүлсерікті гүлі бар өсімдіктің бесеуін атап беріңіз? (Шие, өрік, құлқайыр,картоп,күнбағыс).
9.Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы не деп аталады? (жынысты көбею).
10.Гүл тозаңын тасушылардың бірі? (көбелек).
11. Жүгерінің гүлшоғырлар типі?(сыпыртқы және собық).
12.Құрғақ жемістер қандай екі топқа бөлінеді? (Қақырайтын және қақырамайтын).
13. Сүйекті жемістердің құрғақ түрлеріне мысал келтіріңіз?(Бадам, грек жаңғағы).
14.Көп жылдық жеміс ағашы? (алма).
15. Құрғақ жеміс түрі? ( тұқымша).
16.Шие, алхоры, алма ағаштары, лимон, шай асқабақ мына өсімдіктер не арқылы тозаңданады?(бунақденелілер арқылы).
17. Жеміс дегеніміз не?(көбею мүшесінің соңғы дамуы).
18.Өркенде орналасқан гүлдер тобы?(гүлшоғыр).
19.Алма, алмұрт,долана ағаштарының ені қанша см. (100-120см).
20.Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым?(С.Г. Навашин).

3-бөлім:Шытырман шешу.
1.топ «Бәйшешек» тобына берілетін сұрақ мынадай: басқы әріптері «гүлден» басталатын он есімді атап шығыңыздар. (Гүлназ, Гүлім, Гүлмира, Гүлзира, Гүлсерік, Гүлбаршын, Гүлбақыт, Гүлжайна, Гүлбибі)
4-бөлім: Шытырман шешу.
2.топ «Раушан» тобына берілетін сұрақ: аяғы «гүлмен» бітетін он есімді атаңыздар.(Айгүл, Майгүл, Рысгүл, Серікгүл, Бибігүл, Нұргүл, Жайнагүл, Бақытгүл, Әсемгүл, Сәрсенгүл).Сосын 2 топқа тиісті ұпайлары беріледі.
4-бөлім: Сергіту сәті:Өсімдіктерге метафорлық теңеу.
1.Мақта-...(ақ алтын). 6.Бәйшешек-...(көктем гүлі).
2.Бидай-...(алтын дән). 7. Емен-...(ағаштар патшасы).
3.Күріш-...(сыр маржан). 8. Картоп-...(екінші нан).
4.Жүгері-...(дала аруы). 9.Итмурын-...(шипалы бұта).
5.Қызғалдақ-...(шөл аруы). 10.Кактус-...(түн аруы).
бастаушы: -міне, қымбатты оқушылар, бұдан адам баласының табиғатқа,гүлге деген мейірімдігін көреміз.Барлық жақсылықтарды гүлге теңеу бекер емес. Гүл- қуаныштың,жастықтың,адалдықтың, бейбіт өмірдің, шаттықтың белгісі.Мерекелерде, туған күндерде адамдардың бір-біріне гүл ұсынуы-сыйластықтың белгісі дей отыра сөз кезегін қазылар алқасына береміз!
  • 0
 қаралды: 1352
 пікірлер: 1
Жазған: Базаргүл  (21 шілде 2015 13:48)
  • Статусы: Сайтта емес
  • Қолданушылар
    " Гүлденсе ауыл-гүлденеміз бәріміз" деп Елбасымыз айтқандай, туған өлкеміздің гүлденіп, жайқала беруіне өз үлесімізді қосайық ағайын!
    Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

    Сайтқа кіру

    Сауалнама

    "НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

    Күнтізбе

    «    Ақпан 2017    »
    ДсСсСрБсЖмСнЖс
     12345
    6789101112
    13141516171819
    20212223242526
    2728 

    Кім сайтта

    Пікірлер

    Copyright © Білімділер порталы & 2015

    Жарнама