авторы: ayazhan2017 (27 сәуір, 08:04 жарияланды)
1.Дүниедегі ең ардақты асыл жан Айымгүл
Анам менің мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қуансам табылады қасымнан.
2. Мен ананы шуағы мол күн деймін. А Айсана
Анадан зор құрметті білмеймін.
Анам аман сау жанымда жүрсе егер,
Бақытым да әр кез бірге жүр деймін.
3. Ана деген кім десе , Нұртай
Шуақ шашқан күн дер ем.
Сәби үшін ұйықтамай, арпалысқан түнімен
Ана үні өмірде, ең мейірімді үн дер ем.

4. Ана дейміз бәріміз де аңқылдап, Айкөркем
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің ,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
5. Ана десем алғыс алам халқымнан, Асылы
Ана десем теңіз болып шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғынам.
6. Ана біздің күніміз, Арсен
Ананың біз гүліміз.
Әрқашанда қуанып,
Ұзақ өмір жүріңіз.
7. Жана ана, жарық күн жанарың Жанаерке
Бір сендер кеңдігі даланың,
Балаңды құшақтап сүйгенде,
Сеземін көктемнің самалын
8. Өмірде ана –бұлақ, ана пана, Нұршат
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
9. Жүрегі-күн, жаны –нұр, жүзі-шапақ. Толғанай
Ана- мақтан ана-өмір, ана-атақ.
Ана- дәуір, ана-аброй, ана- жауһар,
Олармен күн кешудің өзі ғажап!
10. Аналар шаңырақтың сәулесі ғой, Жарасқан
Ана деген баршаның дәулеті ғой!
Адамды адам еткен ақ сүт беріп,
Жаңа өмірге сәбиін жетелеген.
11. Жеткізбес шегі айтылар тілектің, Аяулым
Сен жүрген жерге келеді гүл еккім.
Үйдің де сәні, түздің де сәні өзіңсің,
Сен тіпті үлкен әлемге мынау тірексің.
12. маған қымбат адам жоқ бір анадан, Радмира
Бар жақсылық аналардан жаралған.
Жер бетіне өмір нәрін себуші,
Аналарға борышты ғой бар адам.
13. Әжем мені «айым» дейді, Қайнар
Мен мұңайсам уайым жейді.
Әжем мені «күнім» дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
14. Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Илана
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме мән берді ақ сүтің,
Кең құшағың- аясындай гүл бақтың.
15. Ер жеткізіп елге берген баласын, Айқын
Ақылдысың ,ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым!
16. анашымның қас- қабағы түйіспесін, М. Айсана
Қайғыланып қара шәйін ішпесін.
Анасына еркелеген бар бала
Анасы үшін тек жақсылық істесін.
17. Ана- өмір қолдаушысы әлемнің, Мадина
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарынан ананың,
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің ,аналардың, қыздардың,
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
18. Анашым, анам Мақсат
Ризамын саған.
Тіліңді алам
Ақылды болам
19. Әрдайым да ана сөзін тыңдайық, Маралбек
Аялайық, қайда жүрсек жырлайық.
Әрбір сөзін екі айтқызбай әрқашан,
Аналарды құрметпенен сыйлайық.
1-жүргізуші : Сіз анасыз- өз бақытын сайлаған,
Сіз анасыз қиындықтан таймаған,
Сіз айелсіз және ардақты анасыз
Отбасы мен бала жанан ойлаған .
Әр тілектің өзіндік бір мәні бар,
Сондай тілек жүрегімнен табылар
Жан болған соң маңдайында бағы бар ,
Кей көпшілік ана сізге табынар .
2- жргізуші: Ана деген- бастауы ұлылықтытың,
Ана деген – рәсімі сұлулықтын.
Ана деген- бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
-Олай болса , аналарға арналған ән шашуды қабыл алыңыздар.
Сыныптың орындауында Ән : «Анаға сәлем » Аналарға құттықтауларын табыс ету.
Би: Флешмоп бейнефильм көру
1- Жүргізуші: Ананың есімі көне заманнан бері құрметпен беделге ие болып келеді. Ана адамға өмір сыйлап жер бетіне тек қана жақсылық дәнің себеді.
« Ана» дейміз бәрімізде аңқылдап ,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап .
«Ана» деген бәйтерегі өмірдің ,
«Ана» деген алтын қазық, алтын –бақ,- денен өлең жолдарын арнай отырып келесі ән шашуымызды қабыл алыңыздар.Маралбектің орындайында «Әке-ана» әнін қабыл алыңыздар
Би. «Вальс»
Оқушылардың орындауында «Ана, ана, ана»
Жүргізуші: Айсана , аяулы аналарымызды бір сынап көрейік.
1- Жіргізуші: Жарасқан: Сынасақ сынап көрейік.
Мұғалім: Ойын: «Кімнің дауысы табайық» (аналармен) 5 бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз айтады. Мысалы: ботақаным- дейді. 5 баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айтуы керек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады.
Мұғалім: Аналарымызды тағы да ойнатқымыз келіп тұр.
Жарасқан : Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен. «Ана, мені тапшы » ойыны. Көздері байлаулы аналар балаларын тауып алуы керек.
Талдау. 1. Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2. Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
Мұғалім: Аналарың қандай өнерлі!
Сынытағы ұлдарымыздың қыздарға жүрекжарды тілектерін тыңдайық.
1-Жүргізуші : Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде. Би: «Қазақ биі»
Көрініс: Жақсы адам
1- Жүргізуші: Оқушылардың орындауында Ән : «Анашым»
Айсан :Енді біздің оқушыларымызды да сынап көрсек қалай қарайсың?
Жарасқан: Сынасақ сынап көрейік.
Мұғалім: Біздің оқушылар аналарын неге теңейді екен? Пірлерін тыңдар көрейік.
Немесе кейбір оқушыларымыз аналарына арнап өлең шумақтарын құрастырғанды жөн санаған.
1.Ұйқыдан құлыным, ботам тұра ғой деп еркелетіп оятатын аналарымыз болғаны үшін бақыттымыз.
2. Бізді мейіріміне бөлеп, үнемі қолдап жүретін аналарымыз бар біз бақыттымыз.
3. Біздің қателігімізді көрседе, кешіріммен қарайтын аналарымыз бар, сол үшін де бақыттымыз.
4. Маңдайыңнан иіскеп, ертегісін айтып беретін әжелеріміз бар, сол үшінде бақыттымыз.
5. Егер біз еш жеріміз айырмай оянсақ, бізді дүниеге әкелген аналарымыз үшін бақыттымыз.
6. Бізге ақылын айтып, тілегімізді орындады сол үшін де біз бақыттымз.
7.Ана бізге ең жақсыны береді сол үшінде бақыттымз.
8.Аналар, біз сіздердің болғандарыңыз үшін бақыттымз.
Бала-анасымен бақытты. Біз бақыттымыз!
1-Жүргізуші: Тыныштық- баршамыздың ұранымыз,
Мәңгілік таусылмайтын жыр- әніміз.
Арманның асқарына қанат қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.
2-жүргізуші: Көктем мерекесінде көңілдеріңізге нұр, жүректеріңізге жыр, отбасыңызға шуақ тілей отырып, сіздерді құттықтаймыз. Солай делік, солай боларына сенелік!
Флешмоб






  • 0
 қаралды: 270
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Ақпан 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама