авторы: ayazhan2017 (27 сәуір, 08:04 жарияланды)
ІІІ. «Ақиық ақын - Мұқағали»
Жүргізуші: - Иә, өмір өтті. Дәуірінде маңғаз саналған Мақатаев жоқ енді. Тәні қара жер қойнауында жатсада, жаны әр қазақтың жүрегінде.
.....
Қарасаз ауылында Сүлеймен деген азаматтың үйінде дүниеге келген тұңғыш ұл бұл Мұқағали еді. Ол әжесі Тиын апаның бауырында болады, ал шешесі Нағиман оған жеңгесіндей болып кетеді. Марқасқа Мұқағали қазақ кеңірдегіне қайқы қылыш тақалған шақта дүние есігін ашқан. Әкесі сол Ұлы Отан соғысында 1941 жылы Калининград түбінде қаза болған. Соңынан ерген Тоқтарбай мен Көрпеш, жарынан айырылған Нағиман Мұқағалидың көмегіне мұқтаж болады. Сөйтіп қазақ қара өлеңінің мұзбалағы бұғанасы бекімей жатып, қара жұмысқа жегіледі, ерте есейеді.
Ендеше құрметті көрермен ақынның өмір жолын бізге Жұмағұл Мадина баяндамақшы. «Ақиық ақын - Мұқағали» өмірбаян.Баяндамашы Жұмағұл Мадина.
Жүргізуші: Адамды шың басына шығарып әйгілі ететінде, шыңырауға құлатып шоқшитып қоятын да өз болмысы. Мұқаң тік мінезді еді. Қараны жасқамай төрдегілерден ықпай өтті, іштегі қыжылын күнәсіз жұртқа бүрікпеді, тақтағыларға қолтықта деп алақан жаймады. Қиянатшылдарға қырандай түйілді, жығылғанға қол созуға иілді. Бірақ өз дәуірі Мұқағалиды мүсіркеді. Оңтайы келсе аяқтан шалды, орайы келсе омақалата құлатты
ІҮ. «Үш бақытым» поэзия минуты
Жүргізуші: Қазақпын мен , қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын
Енді міне жетеді көпке үнім – дей келе, М. Мақатаев шығармаларын манерлеп оқу . (2- 4 -сынып оқушылары оқиды.)
1. «Әке» , «Несіне ойланасың?» , « Ей , өмір». Қуанышқали Жанерке
2. «Поэзия», «Жыласам ба екен.....» Абат Айсана
3. «Барлығы да сендердікі» Гайсин Қайнар
4. «Бесік басында» Өмірболат Сезім
5. « Отан» Айдарбек Фатима
6. «Барлығы да сендердікі» Қанатқалиев Жансерік
7. «Қайырлы таң» Сатыбалды Жасмин
8. «Мына дүние» Еділбай Асылхан
9. «Ей, Жұмаш», «Қойшы бала», «Әкетай», «Бұлт» , «Жүрегім», «Мұздама жылы жүрегім», «Досыма». Рахметолла Ақнұр
10. «Аққулар ұйықтағанда» , «Ей, Жұмаш», «Жұлдыз», «Қойшы бала», «Әкетай», «Жүрегіме». Жұмағұл Мадина
11. «Поэзия», «Дәрігер» Саркен Ислам
12. «Табыт», «Тастағы гүл», «Қыстауда», «Несіне ойланасың ?» Смағұл А.
13. « Шыда, шыда» , «Жылдарым мен жылдарым», «О, туған ел !» Жақсығали Ж
Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ –қазылар алқасымен таныстырайын:
1.
2.
3.
Бүгін сіздер мен біздер қазақ өлеңдерінің аспаныныда ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын жайлы ой өрбітіп, оның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтамыз.
Жүргізуші:
Аспан астын, жер үстін шиырлаған,
Бақыт жүр біреулерге бұйырмаған.
Білемін бақыт табу қиын маған,
Несіне бақыт іздеп құйын болам
Ән: «Бақыт деген» орындайтын 2 сынып оқушылары
Мұғалім бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін.
«Бақыт туралы ой» үнтаспадан тыңдау.
Ү. Мұқаңның маржан жырлары әр қазақтың жүрегінен ойып тұрып орын алды. Тілі де, жаны да қарапайым мұзбалақ шайыр мұрасы кейінгі ұрпаққа да мирас етілді. Бірақ қазір Мұқағалидың мағыналы сөздеріне мәнсіз ән жазатын сазгерлердің самсап кеткені жасырын емес. Даңққа бөлену үшін ақсеңгір тұлғаның есімін пайдаланады. Бұл ақын рухына жасалған нағыз қиянат. Десе де ақын өлеңдеріне жазылған керемет әндер де аз емес. Нұрғиса Тілендиев , Әбирбек Тінәлиев т,б сазгерлер ақынның көптеген өлеңдеріне ән жазды. Сол әндердің бірқатарын жасырайын тауып көріп, бірге шырқайық.
Ақын өмір қиындығын көп көрді. Сондада қажымады. Дегенмен кей кезде бәрін тастап, өзі сәбиге айналып кеткісі келетін. Бұл қай ән туралы айтылып отыр?
-«Сәби болғым келеді»
- Ендеше, біз Мақатаевтың «Сәби болғым келеді» әнің тындайық. (16:27 – 17:17)
- Келесі бір әнді әуенінен айырып, тауып көрейік. (Көнеміз ғой, қайтеміз)
- Мына бір ән сұлу қызға арналған. Оның көзін, шашын, ернін жылпы қыздың түр-тұлғасын сипаттайтын өлең.
- «Сенің көзің». Қане, бәріміз шырқап көрейік.
Ақынның тағы да мынадай өлеңдеріне жазылған әндер бар. Олар:
«Күрең күз» Мәдина Ералиеваның орындауында
«Аңса жаным» Бақыт Шадаеваның орындауында
«Сөнбейді әже шырағың»
«Фаризаға»
«Сәби болғым келеді»
«Көнеміз ғой» СӘТ триосы
«Сенің көзің» Муз АРТ тобы
- Ал мына әнді тауып көрейік. Музыка ойналады.
- «Сен көріктісің». Әдемі, көңілді әуенге барлығымыз билейік.

ҮІ. Қорытынды бөлім.Оқушылардың мәнерлеп жатқа оқыған өлеңдерінің қортындысын білу.
Жүргізуші: - Тырмыштап жазған әр өлеңі тілі былдыр тартқан әр бөбектің қолында қазір. Мұқағали өміршең. Оны елі ұмытқан жоқ, ұмытпақта емес. Дәйім есіне алады. Оқушылардың мәнерлеп жатқа оқыған өлеңдерінің қортындысын айту.
Ән: «Есіңе мені алғайсың»
Туады туады әлі нағыз ақын
Нағыз ақын бал мен у тамызатын
Жесірдің айырылмас серігі боп,
Жендеттің көзінен жас ағызатын
Туады, туады әлі нағыз ақын.
Жыр жолдары жазым боп атылғанда
Атылғанда аспаннан оқылғанда
Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп
Жанар пайда болады соқырларға.
Туады, туады әлі нағыз ақын.
Осындай өлең жолдарымен бүгінгі поэзиялық кешімізді жабамыз.
Сау болыңыздар!
  • 0
 қаралды: 190
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Ақпан 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама