авторы: Merlan (5 сәуір, 18:04 жарияланды)
Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда шығармашылық қабілетін дамыту
Қазіргі уақытта негізгі талаптарының бірі білімді әлемнен бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылы таным мен тікелей қатынас жасайтын жаңаша тәуелсіз ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру. Мектептегі оқыту үрдісінің мақсаттары баланың білім игеру негізіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады. Қоғамның дарынды адамдарға деген қажеттерін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндеттерін қойып отыр. Шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қаланатыны анық. Осы жастаға балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің дара-дүниетаным, дара-эстетикалық көзқарасының жеткіліксіздігінен олардың бойларындағы шығармашылық қабілетті көрсете алмайды.
«Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкіртінің өнеге тұтар ақылшысы пікірлес досы, бапкері болуы тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыру керек. Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру, жеке дарындылығын таныту бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жеке дамуы ғылым мен техниканың дамуымен болса, ол болашақта ғылым мен техниканы өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектеп оқушылары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді.
Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кезеңдегі оқыту талаптарына сай болуы әр талаптарымен бірге мұғалімнің күнделікті сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс. Осы талаптар орындалғанда ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Мұғалім сабағын шығармашылықпен ұйымдастырып, өтілетін сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа ұмтылуын тудыратындай сұрақтармен қамтып отыруы тиіс. Мұғалім өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес алдын-ала жоспарланған сұрақтар мен оқушы ынтасын, зейінін, ой-қиялын дамытуға септігін тигізетіндей болуы керек. Бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс айтуға, салыстырып, дәлелдей білуге сөйлеу мәдениетін үйретеді. Дамыта оқытудың мақсаты – баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шыңдығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керектігінде.
Баланы жастайынан шығапмашылық өнеріне қалай баулу керек? Оның жолдар, әдіс-тәсілдер, мазмұны қандай?
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің шарттарына мына мәселелерді жатқызуға болады:
1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау (топтау, бақылау, қалыптастыру);
2. Қызығушылық және шығармашылық пен белсенділігін арттыру;
3. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу;
4. Оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындау;
5. Оқушының шығармашылық қабілетін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту;
6. Шығармашылық қабілеттілікке тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау;
7. Мұғалім өз ісіне іздемпаздылықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.
Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді.
Оқушының білім алуға қызығушылығын дамыту үшін негізгі жағдайлар болғаны дұрыс. Олар оқушының өз бетімен ізденуге, жаңа білім алуға, проблемалық тапсырмалар шешуге тартылуы, оқу еңбегі басқа да еңбек түрлері сияқты әрсаналы болуы керек. Бірізділік, біртекті ақпарат жалықтырады, жаңа материалдардың жас ерекшелігіне сай және оны игеру мүмкіншілігінің болуы.
Н.И. Болдырев, М.А.Даниалов еңбектерінде танымдық тапсырмалар маңызы оқушыларда бар білімдерін шоғырландырып, талдау жасау арқылы өз беттерімен ізденуге талпындыратын болуы керек деп тұжырымдайды. Ол үшін қойылған міндеттерді шешу жолдары дайын күйде берілмей, оқушылар арқылы іздеп табылуы керектігі анықталған.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Олар мыналар:
- тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау
- арнаулы бір тақырыпта пікір талас тудыру
- логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен тапсырмалар шешу
- берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есептер құрастыру, мәтін мазмұнын өндеу, шығарма, шағын мәтін, әңгіме құру)
- әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою
- қиялдау арқылы сурет салғызу
- ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру
- ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру
- мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау.
Ұстаз еңбегі – оқушының білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әр баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білу қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуде.
Баланың педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайына байланысты назар аудару қажет. Балаға әсер ететін орта ата-ана, мұғалім, мектеп достары, жұртшылық. Баланы анықтай білу үлкен шеберлікті қажет етеді. Баланың жанын түсініп, баланың табиғатын толық анықтау үлкен өнер. Объектіні айқын білу үшін байқау, әңгімелесу, жоспарланған сұрақтар, тест тапсырмаларын беру арқылы оқушының сөзді есте сақтауы, өз пікіріндегі дәлдікті, сөйлемге мән беріп толық жеткізуге байқау қажеттілігінде. Баланың жеке ерекшеліктерін анықтап алған соң, оларды дамыту жұмыстары басталады. Ізденімпаздылықтан шығатын қабілеттілік түрін дарындылық қабілеттілік деуге де болады. Мұндай балаларда зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады.
Негізгі белгілері:
- ой-өрістің жоғарлылығы;
- шығармашылық және тиімді ойлау, өз ойын пікірін айту;
- қатынас пен белсенділік.
Атап айтқанда, оқушылармен жұмыс жасағанда:
- еркін ойлауға мүмкіндік береді;
- ақыл-ойын дамытады;
- шығармашылық белсенділігін арттырады;
- ұжымдық іскерлікке тәрбиелейді;
- тіл байлығын жетілдіреді;
- жан-жақты ізденушілігін дамытады.
  • 0
 қаралды: 1676
 пікірлер: 1
Жазған: Мендигул  (5 сәуір 2016 13:01)
  • Статусы: Сайтта емес
  • Қолданушылар
    мақала жақсы жазылған, әлі де толықтыра түссе керемет болар еді...
    Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

    Сайтқа кіру

    Сауалнама

    "НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

    Күнтізбе

    «    Ақпан 2017    »
    ДсСсСрБсЖмСнЖс
     12345
    6789101112
    13141516171819
    20212223242526
    2728 

    Кім сайтта

    Пікірлер

    Copyright © Білімділер порталы & 2015

    Жарнама