авторы: Merlan (30 қаңтар, 01:01 жарияланды)
Оқушы, мұғалім, ата-ана арасындағы үш жақты байланыс
Қазіргі қоғам, жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені, адамның қоғадағы алатын орны, атқаратын қызметі, сол қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Жас ұрпақты жаңа кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу,оқыту үшін оларға жаңа мазмұнмен, бұрынғыдан да жоғары деңгейде білім беру керек.
Қазіргі қоғамда «оындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Жаңа формация мұғалімі – рухани дамыған, әлеуметтік тұрғыдан көзі ашық шығармашыл тұлға, педагогикалық құралдардың барлығын жетік меңгерген білікті маман.
Оның бойында қайырымдылық, ұстамдылық пен жинақылық тәрізді гуманистік қасиеттер мол болады.
Педагогикалық шығармашылық – мұғалімнің оқу-тәрбие мәселелерін жоғары тапқырлықпен, ерекше тиімділікпен шешуі және оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасының толығуына үлес қосуы. Бұл мұғалімдерден өте жоғары тапқырлықты, шеберлікті, білімнің жан-жақтылығын, педагогикалық қызметке деген үлкен ынтаны талап етеді.
Психолог Л.С. Виготский бойынша «шығармашылық», «шығу», «ойлап табу» және ол жаңалық ашатын іс-әрекет деп түсіндіреді. Мұғалімдердің шығармашылық қабілеттеріне қатысты жүргізулер жүргізіп, еңбектер жазған зерттеушілер: Ю.К. Бабанский, Е. П. Белозерцев т.б. Кан-калин: Педагогикалық шығармашылық объектісі – тірі адам, оқушы. Мұнда бір адам өзінің жеке, азаматтық тәжірибесіне сүйене отырып, басұа адамды өзгертеді дейді.
Нағыз мұғалім – өзін-өзі дамытып отыратын адам.
Мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің жалпы құрлысында кәсіби дағдылардан кейін шығармашылықпен жұмыс жасай алу тәжірибесі орын алады. Мұғалімнің кәсіби дайындығы, білімі мен біліктері оқу үрдісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет арқылы жүзеге асады.
Шығармашылық біліктер төмендегідей: 1. мұғалімнің өз бетімен педагогикалық міндеттерді шеше білуі; 2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта алатын педагогикалық мақсаттар қойып, оларды шешугерды қызықтыруы; 3.оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруда оқытудың дәстүрлі әдістерінен басқа әдістерді кеңінен әрі үлкен шеберлікпен пайдалана білуі; 4. Мақсатты анықтай алу және мақсатты жүзеге асыруда пайдалануға болатын мүмкіндіктердің ең тиімдісін таңдай білуі; 5. Педагогикалық әсер етуге талдау жасау және оны сыни көзқараспен бағалау.
Мұндағы педагогикалық міндеттерді өз бітімен шеше білу қабілеті оның берілген нұсқауларға жалтақтамай өзіндік тәжірибесіне сүйене отырып, кез-келген қиындықтардан жол таба білуі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты мақсаттар қоя білуі мұғаліммен үлкен шығармашылық ізденіс пен талапты қажет етеді.
Кәсіби білім және мұғалімнің тәжірибесі педагогикалық шығармашылықтың нәтижесінің тиісті дәрежеде болуына ықпал етеді.
Олар мынадай факторларға байланысты: а) нақты мақсатқа бағытталған, бірізділікте құрылған, арнайы жүйемен байланысты, мұғалімнің объективті іс-әрекеті; ә) мұғалімнің субъективті мүмкіндіктері: түрткі, құзыреттілік, қабілеттері басты рөл атқарады; б) кәсіби ортаның ұйымдастырылуы.
Ал нәтижесі төмен дәрежеде сипаттасатын шығармашылық тек әкімшілік тарапынан берілген тапсырмалар, ережелерді жетекшілік ететін мұғалімдердің іс-әрекетінен байқалады.
Өз қызметінде жеке мақсаттарын өзінің оқушыларының қызығушылықтарынан жоғары қойып, айналасындағыларды өзіне қаратуды көздейтін мұғалімнің жұмысында шығармашылық болмайды.
Осыған байланысты әрбір мұғалім өзінің білімін, іскерлігін, дағдыларын тиісті талаптарға сай дамытып отыруы керек.
Шығармашылықты дамыту төмендегі кезеңдерден тұрады:
1. Кәсіби даму – мқғалімнің жіберген қателерін қайталамауы.
2. Арнайы әдістемелік – баршаға танымал әдістемелермен танысуы және өз тәжірибесіне сүйене отырып сол тәжірибелерді күнделікті жұмысында пайдалануы.
3. Жоспарлау – мұғалімнің әріптестерінің тәжірибесін пайдалана отырып, өзіндік жұмыс жасау жүйесін құрай алу шығармашылығы.
4. Ғылыми ұйымдасқан іс-әрекет шығармашылықтың дамуының ең жоғарғы деңгейі. Бұл деңгейге барлық мұғалім жете бермейді.
Осы деңгейге жетуді маңызды санап, осыған байланысты зерттеулер жүргізген ғалымдар: Ю.К. Бабанский, С. И. Архангельский және т.б. Отандық зерттеушілер: М. А. Құдайқұлов, И. Н. Нұғманов және т.б. Мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуы оның кәсіби мәдениетінің дамуына жол ашады деп танып, зерттеушілік мәдениетті әр қырынан қарастырған ғалымдар: -М. И. Скаткин – Зерттеу мәдениеті – педагогикалық қабілет; - . Гобукова – Зерттеу туралы білім дағдысының болуы; -Д. И. Богаева – Кәсіби шеберлік; -Н. В. Кукаров – Зерттеушілк іс-әрекет; -А. А. Молдажанова – Педагогикалық мәдениеттілік; -Г. К. Селевко – Педагогикалық технологияларды меңгеру.
Жоғарыда айтылған ғалымдардың құнды пікірлерін ескеріп және мұғалім үшін шығармашылық әрекет ете білудің маңыздылығының тәжірибедегі көрінісін бақылай келе мектеп мұғалімдері өздері отырып, тәрбиелеп, белгілі қасиеттерін дамытып отырған оқушыларының еркін ойлап, өзіндік шешімге келе алатын тұлға болып қалыптасуына тек шығармашылық әрекет ету нәтижесінде қол жеткізе алады деп ойлаймыз.
Шығармашылық іс-әрекет: ол – өзін-өзі анықтау, өзін-өзі тану, өзін-өзі басқару, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту. Осының негізінде дидактикалық жүйе қалыпты жұмыс жасаудан даму және шығармашылық күйдегі өздігінен даму жағдайына өтеді. Білім беру сапасын жетілдіруде мұғалімдердің кәсіптік деңгейін көтеру. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс.
1) Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін өзгерту, яғни басты қызмет нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.
2) Білім беру аясында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету. Метептің түпкі мақсаты мен оның негізінде туындайтын міндеттерді ұжым болып бірге қабылдау, келісу.
Бүгінгі мұғалім өрениетке аяқ басқан, жаңалыққа жақын, ақжарқын, өз ісіне де, өзіне де қаражатын аямайтын ашық қолды болмайынша шығармашылықпен жұмыс жасай алмайтыны шындық.
Барлық жағдайды біреу жасап беру керек деп күтіп отыратын заман артта қалған. Ізденіс, ынта, талап, қайырымдылық, білім шыңының бастауы. Оқытудың сапалы болуы ұстаздың білімділігі мен шеберлігінде, балаға деген ақ көңілінде, баланың ұстазына деген сүйіспеншілігінде. Мұғалімнің шығармашылық шеберліктерін шыңдауда педқоқулар, байқаулар, шығармашылық есеп, іскерлік ойындар бір сөзбен айтқанда ізденімпаздықтың берері мол.
Болашақтағы білімнің жаңа үлгісіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді, мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген кезөкелген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, шеберлігі арқасында шеше алатын мұғалім болу керек.
Шығармашылық жұмыс жасау дегеніміз міндетті түрде жаңа нәрсе ойлап табу емес екендігін түсіну, бар білімді, білікті тиімді жолдар арқылы дамыту.
Соған орай іс тәжірибелермен танысып, озығын таңдай алу, осы мақсаттарды жүзеге асыруда зерттеу дүргізу.
Оқыту мен тәрбиелеу оқушының жан-жақты дамуына бағытталып, адамгершілік құндылықтардың қалыптасуын назардан тыс қалдырмау. Жаңа технологияларды оқу үрдісіне енгізу арқылы білім сапасын және тәрбие деңгейін арттыру бағытында шығармашылық топтар құру, іс-шаралар ұйымдастыру. Адамзат қоғамын алға апаратын күш – білім.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа дағдыландыру кезінде мұғалім шығармашылығы төмендегідей мәселелерді қамтиды;
Мектептің ықпалы да, алатын ролі де зор. Өйткені мектеп – қоғадағы басты әлеуметтендіруші институт. Мектеп білім беру, тәрбиелеу, дамыту арқылы ұрпақтың адамгершілікпен әлеуметтендірілуіне қол жеткізеді. Мектеп адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибе мен мәдениетті бір ұрпақтан екіншісіне жаңарта отырып жеткізіп береді. Сондай-ақ әрбір оқушының адамдық, білімдік, тәрбиелік, қоғамдық әлеуметін қалыптастырады. ҚР мемлекттік жалпыға міндетті білім беру стандартында білім мазмұны бойынша былай дейді: тұлғаның жан-жақты дамуына және түйінді құзіреттіліктерінің қалыптасуына негіз болып табылатын әрбір білім беру деңгейі бойынша білім беру жүйесі.
«Ұстаз», ата-ана, мектеп – үшеуі де баланың білімді болуына тікелей ықпалы бар. Мектеп базасы бұл күнде жаппай компьютермен жабдықталғанын мойындау керек және интернетке қосылу мүмкіндіктеріне де ие болды. Алайда интерактивті тақта секілді күрделі техниканың жетіспеушілігін де растаймыз. Жаңа заманға лайық оқушыны қалыптастыруда ұстаз, ата-ана, мектеп – үшеуінің де ролі зор болуы тиіс.
Әл-Фараби айтқандай «Біріншіден, балаға білім емес, рухани қазына керек. Рухани қазынасы мол бала білімді өзі іздеп табады» дегендей, ата-ана да үйден кітап оқуға ықпал жасау керек.
  • 0
 қаралды: 1522
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Қаңтар 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама