авторы: Merlan (27 наурыз, 19:03 жарияланды)
Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қос сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Қос сөздердің екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру.Сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға үйрету.
Дамытушылығы: Сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелілігі : Бір-біріне көмекке әрқашанда дайын болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу,оқулықпен жұмыс, ойын жаттығулары
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, слайд
Сабақтың барысы:
1 .Ұйымдастыру.
Қазақ тілі сабағын,
Зер салып біз тыңдаймыз.
Жаттығуларды орындап,
Сабақты біз бастаймыз.
2.Топқа бөлу
«Күрделі сөз » тобының ұраны : «Таудай биік талабым,
Оқып,білім аламын.»
«Біріккен сөз» тобының ұраны: «Оқы, оқы және оқы.»
3.Өтілген материалды тексеру, қайталау
-Біз өткен сабағымызда қандай сөздермен таныстық?
-Күрделі сөздермен.
-Күрделі сөздер дегеніміз не?
-Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейміз.
-Біріккен сөз дегеніміз не?
-Екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады.
«Ойлан, тап!»
1-топқа. Адам атына байланысты бес біріккен сөз
2-топқа.Жер-су аттарына байланысты бес біріккен сөз.
4. Жаңа сабақ.
Ертеде «Сөзстан » деген ел болыпты.Сол елде 100-ге келген, көпті көрген, ақылы дариядай «Күрделі сөз» деген ақсақал өмір сүріпті.Сол ақсақалдың Біріккен сөз, Тіркескен сөз, Қысқарған сөз, Қос сөз деген төрт ұлы болыпты. Біріккен сөз ынтымақта, бірлікте, татулықта өмір сүріпті. Қайда барса да ажырамай,бірге жүреді екен. Ал Тіркескен сөздердің балалары әлжуаз, нәзік болғандықтан ата-аналары оларды қастарынан қалдырмай тіркестіріп алып жүреді екен.Қысқарған сөздердің балаларының көп болғанымен қоймай, олардың аттары ұзақ айтылатын болған. Оларды аталары жаттай алмай әрбір сөздің бас әріптерін алып ,жаңадан ат қойыпты.Ал Қос сөздер бала-шағаларымен қосарланып, ертеңгіліктерге де, жарыстарға да қос-қостан барады екен. Олар еңбекқор, білімді, өте тату-тәтті өмір сүріпті.
Бүгінгі сабағымызда біздер де еңбектеніп, тату-тәтті, ұйымшылдықпен өткізейік.
1-топ. «Күрделі сөз» тобы
2-топ. «Біріккен сөз» тобы.
Ендеше, екі топ бір-біріңе сәттілік тілеңдер!
1-тапсырма.
Ат, айғырлар, биелер,
Шалғыннан жүні жылтылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары – төмен үйрек – қаз
Ұшып тұрса сымпылдап
- Бұл қай ақынның өлеңі?
- Қазақтың бас ақыны, кемеңгерАбай атамыздың өлеңі.
- Өлеңде күрделі сөздердің қай түрлері бар?
- Қос сөздер.
- Олай болса, бүгінгі сабағымыз күрделі сөздердің бірі қос сөздермен танысамыз.
Сонымен, қос сөз дегеніміз екі сөздің қосарланып айтылуы екен. Қос сөздің арасына дефис қойылып жазылады.
Қос сөздердің жасалуы
1.Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады. Мысалы: айғыз-айғыз, көре-көре
2.Екі түрлі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз деп атайды. Мысалы: ыдыс-аяқ, киім-кешек, бет-ауыз
3.Қос сөздер түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылу арқылы да жасалады. Мысалы:оп-оңай, әп-әдемі, ап-ащы
2-тапсырма.Оқулықтағы 2-жаттығуды орында
«Күрделі сөз « тобына 1,2 сөйлемді көшіріп жазып, қос сөзді табу.
«Біріккен сөз «тобына 3,4 сөйлемді көшіріп жазып, қос сөзді табу.
3-тапсырма
«Сәйкестендіру» стратегиясы. «Менің жұбым» ойыны.
Жып шашын
Жора төмен
Жауын мұны
Жоғары ұят
Ар жолдас
Оны жылы
4-тапсырма. «Ойлан тап» стратегиясы.
Қора........................қой жатыр.
Қарын...........................май жатыр.
Түйе...........................жүк жатыр.
Ауыл......................ел жатыр.
Мақал-мәтел жарысы.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Көре-көре көсем боласың,
Сөйлей-сөйлей шешен боласың.
5-тапсырма. Өлең шумағын толықтыр.
«Күрделі сөз»тобына
Алтын,сары, қызыл,көк...
.......................жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
«Біріккен сөз»тобына
Пісіп қапты әңгелек,
Доптай болып дөңгелеп.
..................боп сабағы,
Иісі мұрын жарады.
Шығармашылық жұмыс. Қос сөздерді қосу.
Аспан ашық. Гауһардың екі беті қызыл, жағасы қырау. Мараттың өзі кішкентай болғанымен, сөмкесі ауыр.
6-тапсырма. Семантикалық кесте
Күрделі сөздер Біріккен сөздер Қос сөздер Тіркескен сөздер Қысқарған сөздер
Торы ала
Жан-жануар
Жезқазған
Аяқ киім
См
Егеуқұйрық

Сарт-сұрт
ҰБТ
Әр топ стикерлер арқылы тақтаға қос сөздерді жазады
«Күрделі сөз» тобы: Гүлдер қандай? Қып-қызыл
Киім қандай? Жып -жылы
Жазу қандай?Әп-әдемі
Тұз қандай? Ап-ащы
«Біріккен сөз»тобы: Аспан қандай? Ап-ашық
Торт қандай? Тәп-тәтті
Жаз қандай? Жып- жылы
Бөлме қандай? Тап-таза
5.Үйге тапсырма.
6.Оқушыларды бағалау, мадақтау
  • 0
 қаралды: 727
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Сәуір 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама