авторы: Merlan (27 наурыз, 19:03 жарияланды)
Тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Мақсаты:
Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;
Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа,адамгершілікке,шыншылдыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет - нақылдар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Кіріспе
Адам баласы өзінің жан дүниесін адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерімен нығайтып,шынайы өмір сүре білуі керек.
Сара Алпысқызы Назарбаева
Мұғалім:Қымбатты оқушылар,бар назарымызды тақтаға аударайық,адамгершілік,мейірімділік сөзіне ой жүгіртейік.Адамгершілік деген не?Адамгершілік қандай қасиеттерден тұрады?Алдымыздағы параққа өз ойымызбен адамгершілік ұғымына жататын қасиеттерді толтырайық.
Достық,
Кішіпейілділік,
Шыншылдық,
Бауырмалдық,
Сенімділік,
Сыйластық,
Адалдық,
Жауапкершілік
Міне,оқушылар,бүгінгі сабақтың тақырыбын аштық.Сонымен сабақтың тақырыбы:»Адамгершілік-асыл қасиет»
Адамгершілігі мол,мейірімді адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады.Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын,жан сұлулығын,парасаттылығынт көрсетеді.Біз бүгінгі сабағымызда адам бойындағы жақсы,жаман қасиеттер туралы әңгімелесеміз.
Балалар,мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді.Мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.
«Қазақтың қанатты сөзі-тәрбие көзі»демекші қандай ұлы адамдардың қанатты сөздерін білеміз?
1.Айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді.
Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе. Ы.Алтынсарин
2.Жамандықты ұмыт,жақсылыққа ұмтыл. (Қазақ мақалы)
3.Көңіл аудар даналардың сөзіне:
«Адал жанды өнеге тұт өзіңе». ( Ж.Баласағұн)
4.Үлкенді ізетте,
Кішіні құрметте. (Б.Момышұлы)
5.Мейірімділік жолы-жарық күн. (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)
6.Жақсыға барсаң жазылып қайтарсың,
Жаманға барсаң жабығып қайтарсың. (Қазақ мақалы)
7.Біз өз бойымыздағы адамгершілікті дамытуға тиіспіз.Өйтпесек адамдардың ілтипатынан айрылып қалуымыз мүмкін.
8.Жігіт адамға үш нәрсе кесір болады.1..еріншектік
2..ұйқышылдық. 3.тіл алмау.Содан сақтан. (Әйтеке би0
10Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі жаттығудың рөлі зор. ( Демократ)
11.Осыншама әдептілікті кімнен үйрендіңіз деп сұрағанда Лұқпан Хакім.Әдепсізден үйрендім депті. .

Бұл бала қай бала?
Қарашы,үстіне,өзіне,
Бір кіршік түсті ме көзіңе,
Тап-таза, ақ қаздай, мұнтаздай.
«Жарайсың ,балақай»
Дейміз біз мадақтай.
Бұл бала қай бала? (Әдепті)

Бұл бала қай бала?
Қарашы үстіне,өзіне
Түсті не көзіңе?
Бет-ауыз кір айғыз,
Киімі кір,сатпақ
«Ұят-ай балақай»
Дейміз біз мазақтай,
Бұл бала қай бала? (Әдепсіз)
- Бүгін біз әдептілік, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ!
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек..
-Мына суретте кім?
-Абай Құнанбаев.
-Абай кім?
-Ұлы ақын,ағартушы
-Кімнің қолында тәрбиеленген?
-Әжесі Зеренің қолында тәрбиеленді.
-Абай не жазды?
-Өлең,жырлар жазған.
-Ол неге шақырды?
-Өнерге,білімге,адал еңбек етуге
-Жақсы қасиет пен жаман қасиетке байланысты қандай өлеңін білеміз?
-Ендеше «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім жатқа айтады?
«Бес нәрседен қашық бол»
1-оқушы:
Ісіңе жұрт сүйінер,
Бала болсаң әдепті.
Дос- жараның күйінер,
Таста жаман әдетті. Қарақат
2-оқушы:
Түйіп зерде ойыңа,
Жастайыңнан ұғып қал.
Үйлеспейтін бойыңа,
Қандай жаман қылық бар?
«Бес нәрседен қашық бол»
Деген Абай атамыз
Әдепсізге машық сол,
Бес жаманды атаңыз. Асемгүл
3-оқушы:
«Өсек,өтірік,мақтаншақ,
Еріншек,бекер мал шашпақ»
Сақтандырған атамыз,
Бес жаман іс, аңғарсақ. Сержан
4-оқушы:
Бұл бөлімді пысықтап,
Талай нәрсе үйрендік.
Әдепсізді «ұшықтап»
Жамандықтан жирендік. Нұрназ
5-оқушы:
Тәрбиенің асқары-
Абай атам табынған.
Әдептілік бастауы
Бес асыл боп табылған,
Көптің ойын бірлетіп,
Әдеп жайын қозғасын.
Бастайық сол үлгі етіп
Бес асылдан сөз басын. Жанбибі
6-оқушы:Қанағат
Ындының мен ашқарақ,
Құнығудың қандайын
Жөнге салам бастан-ақ,
Тыйып ұстап әрдайым.
Асылға сап ой қылып
Тыңда,теже,мен десең.
Қарыныңды тойдырып
Сусын болам шөлдесең. Алмат
7-оқушы:Рақым
Шарапаттан тұратын
Мен боламын Рақым.
Тек жақсылық жолында
Салтанатын құратын.
Адамзаттың жаны асыл
Күтіп шаттық,жаңа сыр,
Болып жүрем әрқашан
Жоқ-жітікке жанашыр. Ершат
8-оқушы: Терең ой
Қыран қанат құстаймын
Талабыңды ұштаймын.
Зерделіге достаймын,
Дарындыны қостаймын.
Ақылы азға қонбаймын-
Сол ғой менің зор қайғым.
Саңылауы бар,түйсігі
Торғай екеш торғайдың Нұрбол
9-оқушы: Талап
Таудай болса талабың,
Бағың болып жанамын
Мен бар жерде болмайды
Алынбас еш қамалың,
Тұрсам келіп бабыма,
Тоят аңсар шағыма
Көктей өтіп арманның
Қондырармын тағына! Әділет
10-оқушы:Еңбек
Жасампаз түрді түлетіп
Жаңғыртқан қайта мың рет,
Шөлейтті жерді гүл етіп
Жайқалтқан мен бір құдірет!
Сондықтан ойлап ертеңді
Сүйіп өс,маған табын да.
Еңбекпен өмір өркен-ді,
Еңбекпен келер бағың да. Нұрберген
11-оқушы:
Қанағат,Рақым, Терең ой,
Талап,Еңбек өркен-ді.
Бәрі саған керек қой,
Ұлы өмірің-ертеңгі.
Бес асыл іс-бұл арлы
Әлді болған ғасырдан.
Қастер тұтып бұларды,
Ардақтап өс жасыңнан. Асемгүл
12-оқушы:
Бес жаманнан қашық бол,
Армандайық алысты.
Бес асылға асық боп,
Қамшылайық намысты! Алмат
13-оқушы:
Есте ұстап, аруақты
Өсиетін атаңның,
Көбейтейік әр уақытта
Әдептілер қатарын. Нұрбол
14-оқушы:
Жақсы болу- өзіңнен,
Жаман болу-өзіңнен
Өзіңді өзің ая да.
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла. Альбина
Мақал сөздің мәйегі.
Адалдық ардың ісі.
Адалдық жүрген жерде , адамдық жүреді
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
Жақсы сөз көңіліңді өсіреді,
Жаман сөз өміріңді өшіреді.
Көрініс: «Әдептілік»
Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай?- деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
- Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па?- деген екен.
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?».
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
-Өтірік ..................................(айтуға болмайды)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
-Кісіге.....................................(жамандық ойламау керек)
«Менің бойымдағы қасиеттерім»тақырыбына әр оқушы өз бойындағы жақсы,жаман қасиеттерді жазады.
Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын түсіндіру.
Сынып сағатын қорытындылау:
- Балалар, біз бүгінгі сынып сағатында адамгершілік, әдептілік, сыпайылық жайлы пікірлер айтып, өз ойларымызды ортаға салдық Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтып үйреніп, кішілерді қамқорлай білейік
Ж-жігерлі Ж-жалқау
А-адал А-арам
Қ-қайырымды М-мейірімсіз
С-сыпайы А-арсыз
Ы-ынтымақты Н-надан
«Егер сені ешкім қадір тұтпаса,мұның себебі өзіңде екенін ұмытпа»
Болашақта мен қандай болуым керек ?
-Кішіпейіл,мейірімді,өзгелерге сыйлы,әдепті,адамгершілігі зор,мәдениетті,салт-дәстүрді білетін.....
Ән:»Ақ көгершін»
  • 0
 қаралды: 2081
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    мам 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама