авторы: Merlan (17 наурыз, 18:03 жарияланды)
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі.
Сабақтың мақсаты:а) Білімділік мақсаты: Өсімдіктердің көбею тәсілдерімен таныстыру, өсімдіктердің көбеюінің пайдасын ұғындыру. Өсімдіктердің жер астындағы бөліктері арқылы көбеюі түрлерімен таныстыру және өсімдік жайлы жалпы білім - біліктерін қайталау, пысықтау.
ә) Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды тақырыпты өздігінен оқып, түйін сөзді таба білуге машықтандыру. Құрғақ жемістер мен шырынды жемістерді айыра білу.
б) Тәрбиелік мақсаты: Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетін білуге және олардың қандай пайдасы бар екендігін аша келе, табиғатты сүюге, өсімдікті күтуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, картоп, пияз
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: “Сұрақ-жауап “ айдары “Топтастыру “ “Байланысын анықтау” түсіндіру.
I. Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Армысың досым, Кел, маған қосыл.
Алақанға салып алақан, Шеңберге бірге тұрайық.
Жер шарындай айналып, Бар әлемге ұқсайық.
Ортамызда күн нұры, Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық. Құшаққа оны салайық.
Осындай жақсы көңілмен, Сабағымызды бастайық.
2.Топқа бөліну. (Өсімдік мүшелері арқылы бөліну.)
-Енді топқа бөлінейік. Ол үшін менің қолымдағы қағаздарды алып, онда не жазылған оқи қойыңдар.
-Қалай ойлайсыңдар топқа қалай бөлінеміз?
-Қандай мүше атаулары жазылған?
-Ендеше топтаса қойыңдар.
-Өсімдік мүшелері бойынша топтасамыз.
1-топ тамыр
2-топ дің
3-топ жапырақ
4- топ гүл
II . «Сұрақ-жауап» айдары
-Қоршаған дүние деп нені айтамыз?
- Айналадағы табиғат және адам жасаған заттар –бұл қоршап тұрған дүние. -Табиғатқа не жатады?
-Күн, ауа, жер, су, адам, өсімдік, жануарлар-бұл табиғат
-Табиғаттағы денелер неше топқа бөлінеді?
- Табиғаттағы денелер жанды, жансыз болып 2-ге бөлінеді.
-Жанды денелерге не жатады?
-Өсімдіктер, жануарлар, адамдар- табиғаттың жанды денелері. Жанды денелер көбейеді, қоректенеді,өседі, тіршілігін тоқтады.
-Жансыз денеге не жатады?
-Күн, ауа, су, тас, тау, құм, саз- бұл табиғаттың жансыз денелері.Жансыз денелер қоректенбейді, өспейді, көбеймейді.
-Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
-Ағаштар,бұталар,шөптер.
-Қандай?
-Өсімдіктің қандай мүшелері бар?
Ағаштар,бұталар,шөптер.
-Ағаштың мүшелері: тамыры, діңі, бұтағы,жапырағы, гүлі, жемісі болады.
Бұтаның мүшелері: тамыры, бұтағы, жапырағы, гүлі, жемісі болады. Шөп тектес өсімдіктердің тамыры, сабағы,гүлі болады.
- Өсімдік тамыр арқылы топыраққа бекиді.
және тамыр өсімдікке қорек береді.
-Тамырдың қызметі?
- Өсімдік тамыр арқылы топыраққа бекиді.
және тамыр өсімдікке қорек береді.
-Сабақтың қызметі?
- Сабақ өсімдіктің барлық мүшелерін бір – бірімен жалғастырып тұрады. Ол барлық мүшеге қорек таратады. Сабақта гүлдер, бүршіктер бекиді, жемістер пайда болып, пісіп жетіледі. Сабақ тыныс алуға да қатысады.
-Жапырақтың қызметі?
-Жапырақ қорек жасайды, суды буландырады
1,2 слайд
1топ өсімдік топтары (ажырату)
2-топ өсімдік бөліктері
3-топ сәйкестендіру
4-топ сөздерді ретімен орналастыру
5-топ жемістер дәндер
3,4слайд
III. Негізгі бөлім
1 Сабақтың мақсаты хабарланады.
Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз «Өсімдіктердің көбеюі» деп аталады.
2. «Ой қозғау» Жаңа материалды меңгерту
-Сендер өсімдіктердің көбеюінің қандай түрлерін білесіңдер?
Біздің елімізде өсімдіктердің түрі өте көп.Өсімдіктердің тіршілік ету мерзімі әр түрлі.Кейбір өсімдіктер бірнеше ай,енді біреулері ұзақ уақыт тіршілік етеді.Көбею- барлық тірі табиғатқа тән қасиет.Көбею дегеніміз - әр өсімдіктің өзі сияқты ұрпақ қалдыруы.Сол өсімдіктің санын көбейту.Өсімдік тұқымнан,түйнектен,пиязшықтан көбейеді.
Сурет бойынша түсіндіру.
Көбею-----тұқымнан-----пиязшықтан-----түйнектен------сабақтан
дәнді да- -------------- пияз ------------------- картоп -------таушымылдық
қыл, гүл ---------------- сарымсақ-------------- жералмұрт ---- інжугүл
дер ---------------------- қызғалдақ ------------ теңбілгүл ------ құртқашаш
-Өсімдіктер өледі, қурайды, гүлдерді үзіп алып, жақындарымызға сыйлаймыз, малдар үшін шөптерді шауып аламыз, жемістер мен көкөністерді піскен кезде жинап аламыз,ал неге өсімдіктер жер бетінен жойылып кетпейді?
3 .Оқулықпен жұмыс
«Өсімдіктердің көбеюі» мәтінін оқып түсіну.
Мәтінді бөлік бойынша оқыту.Содан соң өсімдіктің көбеюінің бір тәсілі туралы бір оқушы өз еркімен әңгімелеп беруін сұрау.5-6 оқушының пікірін тыңдау.
4.«Зертханалық жұмыс»
Тапсырма.Топтық.
Осы өсімдіктің атауын және оның көбею тәсілдерін анықтау. Жұмысқа арналған материалдарды ыдыста таратамын: картоп,пияз,гүл.Оқушылар тұқымдарды топыраққа өз қолдарымен отырғызып оны қашан өніп шығатынына тәжірибе жасайды.
Жұмысқа берілген уақыт 3-5 минут
Тамырсабақ арқылы көбейетін өсімдіктерге арамшөптер жатады.
Мысалы: жазда сендер бау - бақшада арамшөптерді жұлсаңдар, бірақ 3 - 4 күннен кейін барсаңдар, сол жерге тағы да шөптер өсіп тұрғанын көресіңдер, өйткені олардың жер астында тамырлары қалып қояды екен.
ә) Картопты алып көзшелерін санайық, ендеше осы әр көзшеден жаңа өсімдік береді екен (кесіп көрсету).
б) Пиязды алып қарау, сыртындағы құрғақ қабыршағы және ішінде бірнеше шырынды қабаты бар (кесіп көрсету).
5. «Білгенге маржан» көрініс

Қараторғай:
- Әй мешкейлер! Сендер жарбиып жата бергенге мәзсіңдер! Ештеңе көріп, ештеңе естімейсіңдер. Ал мен болсам, жарық дүниенің жартысын шарлап келдім. Бармаған жерім жоқ: Үндістанды, Африкада, Жерорта теңізінде де болдым.

Картоп:- Сол сөз болып па? Сенен басқалар жер көрмеп пе? Мысалы менің туған жерім - Оңтүстік Америка. Бұдан 500 жыл бұрын испандықтар Оңтүстік Америкаға келіпті. Олар тамақ іздеп жүріп, мені тауып алады, саңырауқұлаққа ұқсайды екен, өзі өте дәмді деп «тартуфоли» деп атап, бір қапшықты толтырып Испанияға ала келеді, одан Италияға, содан Францияға жеттік. Ал Россияға Петр І патшаның тұсында келдік. Сөйтіп, қараторғайым, мен де саяхатшыдай жер жүзін шарладым және тағы да бір қасиетім: бойымда крахмалым бар.

Пияз:- Біле білсеңдер, ертеде әскерлер мені тұмар қылып мойнына таққан, көп қабыршақтарым талай қиындықтардан қорғауға тиіс деп ойлаған. Ертеде Римде бізді әскерлердің тамағына қосып берген. Өйткені олардың күші артады деп ойлаған. Сол кезден бастап бізді дәрі есебінде көптеген
ауруларды емдеуге қолданған, әсіресе суық тигенде мені көбірек жесеңдер ауырмайсыңдар.

ІV. Сабақты қорыту:
8Слайд
Тестпен жұмыс
1.Өсімдік неше топқа бөлінеді?
а) 1 ә) 2 б) 3
2.Табиғаттың жанды денелері
а) өсімдіктер ә)ауа б)күн
3.Табиғаттың жансыз денелері
а) адамдар ә) гүл б)су
4.Бақбақ қай топқа жатады?
а) ағаш ә) бұта б) шөптесін өсімдікке
5.Тамырдың қызметі
А) қорек береді ә) жеміс береді б) гүлдейді
6.Өсімдіктің қай мүшесі топырақтың астында жатады?
А)жапырақ; ә) тамыр; б) бұтақ

6. «Не білдің? Не нәрсе оңай болды? Не білгіңіз келеді?
Сұрақ жауап арқылы сабақты қорыту
7. Сабаққа қатысқан балалардың жауабын бағалау.
V. Үйге тапсырма:
1. Топқа тапсырма:.
І топ (тамырсабақ суретін салу)
ІІ - топ (түйнек арқылы көбею түрін салу).
ІІІ - топ (пиязшық арқылы көбею түрін салу)
2. Мәтінді оқу, мазмұндау.
  • 0
 қаралды: 1962
 пікірлер: 0
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    мам 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама