авторы: Айг.үл
11 маусым, 12:06 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Қыстаубаева Айгүл Серікқызы
Алматы қаласы
№97 ЖББМ
Рефлексия туралы рефлексиялық есеп
Рефлексия–өзіндік танымға,өз эмоциялары мен сезімдерін,жағдай-
ларын,қабілеттерін,мінез–құлқын талдауға бағытталған ойлау үдерісі . Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді:адам мұнда өзінің ішкі дүние-
сін жан – жақты қарастырады,яғни өзін – өзі зерттейді.Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады.Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес:адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып,өзінің жан дүниесіне үңіледі,өзімен-өзі әңгімелеседі,сырласады,әрекеттерін талдап,оларға баға береді,өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді,кемшілікте-
рін түзейді,оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады,болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды.Яғни,біздің өзіміздің бұрынғы,бастапқы күйден ілгері жылжып,жаңа күйге енуіміз болып табылады. Осы орайда бұрынғы І (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша оқығандағы рефлексия туралы түсінігімізді қазіргі «мектеп тренерлерін оқыту бағдарламасы» бойынша оқыған рефлексия туралы алған түсініктерімізбен салыстырып,ой елегінен өткізуіміздің өзі бір рефлексия болып табылмақ.Бірінші аптаның төртінші күні рефлексия туралы естігенде: Мен бұл туралы не білемін? ,- деп өткенге шолу жасай отырып, қазір жаңа не біледі екенбіз?,- деген ой туында-
ды.Рефлексия, оның түрлері туралы ұғыммен қаныққаннан кейін,оны алдағы уақытта өз әрекеттерімде қалай қолданамын?-деп ойландым.Бұрын мен реф-
лексияның төмендегідей түрлерін білдім:
-оқу материалының мазмұнының рефлексиясы;
-көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы;
- іс-әрекет рефлексиясы.
Рефлексияның бұл түрлерін жеке,топтық, жұптық түрде өткізуге болады.
Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді. Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет психологиялық тұрғыда адамның психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, педагогикада мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне негіз болады.Мұғалім оны оқыту үрдісінде, қолданған әдіс- тәсілдерінің барысында және іс- әрекетінің нәтижесінде байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны бойына сіңіреді.
Енді бүгінгі күнгі оқып білген рефлексия түрлеріне тоқталғым келеді.Рефлек-
сия түрлері:тілдік,жеке тұлғалық,зияткерлік,эмоциялық болып бөлінеді.
Жеке тұлғалық рефлексия ( мақсаты – жеке тұлғаның қасиеттері мен ерекшелігін тану). Рефлексияның бұл түріне байланысты «Мен» жаттығуы жүргізілді.Әркім өзінің жас кезіндегі фотосуреттері бойынша ментальды карта жасады.Өздерінің сол уақыттағы жеке тұлғалық қасиеттері мен ерекше-
ліктерін еске түсірді.Өзімнің 5-сыныпта 9-мамырда түскен фотосуретім бо-
йынша өткенге ой жібергенде, сол кездегі өміріме сабақ болған оқиға есіме түсіп,бір сәт сағынышқа бой алдырсам,бір сәт өзіме қазіргі күннің көкжиегі-
нен баға беріп өттім.Менталды картаға отбасымның сүйіспеншілігіне бөлен-
ген алаңсыз бақытты сәтім салынды.9-мамыр. Салтанатты мерекеде соғыс ардагерлерінің мойнына мектептің үздік пионерлері алқызыл галстук тағуымыз керек болатын. Атам –соғыс ардагері. Белгі берілген уақытта қолымдағы галстукты атамның мойнына тағуға жеткенімше,басқа құрбым тағып қойыпты.Мен галстукты алып,орнына қолымдағы галстукты тақтым.Атам маңдайымнан сүйіп,қоя берді.Үйге келген соң атам: «Балам,
манағы әрекетің дұрыс болмады,ол қыздың аталары соғыстан қайтпай қалған,егер аталары тірі болғанда,ол өз атасының мойнына тағар еді,-деді. Осы жаттығу барысында өзімнің сол кездегі «Мен»-ім мен қазіргі кездегі «Мен»-іме баға беріп өттім.Бұл жаттығудың өзімнің сол кездегі жеке тұлғалық ерекшеліктерім мен қасиеттерімді саралауға ықпалы зор болды.Бұл жаттығуды жеке тұлғалық рефлексияға ғана емес, эмоциялық рефлексия түріне де қолдануға болатынына көз жеткіздім.Гүлбану әріптесім «Мен» менталды картасымен ой бөліскенде сезімге беріліп,эмоциясына ерік берді.Сонымен қатар «Танысайық» коллажының жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері туралы мол мағлұмат бере алатындығына көз жеткіздік.
Кезекшілердің жүргізген «Ағаш таңдау» жаттығуы арқылы әрбір адамның жеке тұлғалық ерекшеліктері мен мінез - құлықтарын танып , білдім.
Рефлексияның екінші түрі - эмоциялық рефлексия.Бұл - адамның өзінің эмоциялық саласын тануы және зерттеуі..Рефлексия адамның ішкі өмірінің тұтастығы мен динамизміне әсер етеді,өзінің эмоциялық әлемін тұрақтандыруға және үйлестіруге ,ерік-қуатын жұмылдыруға,оны икемді басқаруға көмектеседі(В.В.Столин,К.Роджерс). Ортаға бейімделіп,өзінің эмоциясын реттей білу де өзін басқара алуға зор үлесін қоспақ.Бұған әріптестерім: «Аялдамада- жолаушы,мектепте-мұғалім,дүкенде –сатып алушы» екендігін ұғынып,өзін сол ортаға сай ұстай білу қажет екендігін көрсетті.Үйдегі эмоцияны жұмыс орнында немесе басқа да қоғамдық ортада көрсетпей,өзін-өзі реттей алу-эмоциялық рефлексияның еншісінде екен.
«Хат келді» жаттығуы бойынша адамдардың эмоциясын бақылау тапсырмалары болды.Хатта көрсетілген хабарды 4 түрлі жағдайда көрсету арқылы адамдардың өзін-өзі реттей алуы қажет екендігімен хабардар болдым.Сонымен қатар осы жаттығу барысында болашақ тренер ретінде бақылаушылық,аңғарымпаздық қабілетті дамыту қажеттігінің маңыздылығын білдім.
Рефлексияның тілдік түрі адамның өз тілінің ерекшеліктерін талдауға бағытталған. Тіл – қарым – қатынас құралы.Адамды өсіретін де,өшіретін де – тіл.Рефлексияның осы түріне байланысты екі топқа тапсырма берілді.Біз өз тобымызда ешқандай елдің тілінде баламасы жоқ «Айналайын» сөзі арқылы тақырыпты ашуға тырыстық. «Айналайын» сөзін пайдалану арқылы оқушыға немесе жас маман әріптесімізге өзіміздің тарапымыздан қолдау көрсету арқылы тапсырманы орындауға деген белсенділігін арттыруға көмектесетіндігімізді көрсеткіміз келді.Екінші топ мүшелері сөз арасында қажетсіз сөздерді,мыс: «яғни» сөзін орынсыз қолдану арқылы қажетсіз сөздерді орынсыз қолданудың тыңдаушысын жалықтырып жіберетіндігін көрсетті. «Ауызға қаламды салып сөйлеу» жаттығуы арқылы сөйлеу барысындағы дауыс ырғағының,сөйлеу мәнерінің,сөз саптауының да рөлі зор екендігін баса айтты.Бұлардың барлығын болашақ тренер ретінде есте сақтауым керектігін көңіліме түйдім.
Рефлексияның зияткерлік түрі - адамның зияткерлік қабілеттері туралы түсініктерін қалыптастыруы.Зият – жалғыз да тұрақты ішкі қасиет емес,керісінше ол қоршаған орта ықпалына бейім түрлі компоненттерден тұрады деген болжам жасауға болады.Соңғы кездері жүргізілген нейроғылыми зерттеулер біздің қысқа мерзімді «жұмыс»жадысымен қатар ұзақ мерзімді жады иесі екенімізді растады.Ұзақ мерзімді жады анағұрлым тұрақты және өмір бойы сақталуы мүмкін.Ұзақ мерзімді жадыны бағалау,ақпаратты тасымалдау және мақсатқа жету үшін оны рефлексиялық өңдеу үдерісі жұмыс жадысында іске асады.Ұзақ мерзімді жады сезіну арқылы болған оқиғалар.Адамдар аудиал,визуал,кинестат болуы мүмкін.Тренер ретінде әрбір адамның осындай ерекшеліктерін ескеру қажет екендігін тапсырмалар барысында ұғындым . Сонымен қатар рефлексия түрлеріне рефлексия жасау барысында тілдік рефлексияның басқа рефлексия түрлерімен тығыз байланысын аңғардым. Анна ханым ұсынған кері байланыстың 4 түріне салып,дәлелдеме келтіретін болсам:жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін оның сөйлеген сөзі арқылы айқындауға болады . Сөйлеген сөзі арқылы адамның сол уақыттағы эмоциясын да бақылай аламыз.Адамның зияткерлік рефлексиясы да оның сөзінен көрініс береді.Осы орайда тілдік рефлексияның рефлексияның қай түріне болмасын ықпалы зор демекпін..Бұл ойымды «Эриксонның гипнозын» мысал ете отырып, «жақсы сөз адам жанын семіртеді» - деген мақалмен жалғастырамын.Өзгерістер қашан да болады демекші болашақта тренер ретінде үнемі өзгерістер алаңында боламын деп ойлаймын,өйткені олардан ешкім қашып құтылмақ емес.
Мен тренерлік қызметімде рефлексияны қалай пайдаланамын?
Мұғалімдерге қалай үйретемін?
Рефлексия сыни ойлау арқылы жүзеге асырылады,өйткені мұнда дайын жауап жоқ,оны іздеу керек,іздену қажет,жобалау, жоспарлау керек,болжам жасап,жаңалық ашу керек.Рефлексия күмәндану мен терең ойлануды қажет етеді,онда өз әрекеттеріңді,ойларыңды,ұстанымдарыңды жан-жақты қарастыру керек, өзіңе «Мен кіммін?», «Не істеп жатырмын?» ,«Осы әрекеттерімнің мақсаты қандай?», «Бұл маған не береді?», «Мен мұны қалай қолданамын?», «Маған мұны қалай өзгертуге болады?» ,«Енді не істеймін?» -деген сұрақтар қойып,оларға жауап табуға ұмтылу қажет.
Рефлексивті мұғалім мен рефлексивті тренер дегеніміз кім?- сұрағына
«өзіндік тәжірибе,өзін-өзі тану мен өздігімен үйрену туралы ойланатын адам»,- деп жауап беремін.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 146
7 маусым, 11:06 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Даренова Гулдана Нурболатовна
БҚО,Орал қаласы,Ветелки ауылы
№29 негізгі жалпы білім беретін мектеп
Тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Сендегі кішкентай жүректің бір ғана бөлшегімін»
Мақсаты: дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге, мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 89
7 маусым, 11:06 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Даренова Гулдана Нурболатовна
БҚО,Орал қаласы,Ветелки ауылы
№29 негізгі жалпы білім беретін мектеп

Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Ынтымақ – достық кепілі»
Мақсаты:1. халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.
2. оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;
3. мақал-мәтелдер, сөздік қорын молайту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру;
Көрнекілігі:достық тақырыбына арналған нақыл сөздер, қабырға газеттері, шарлар, слайд.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 101
6 маусым, 13:06 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Даренова Гулдана Нурболатовна
БҚО,Орал қаласы, Ветелки ауылы
№29 негізгі жалпы білім беретін мектеп

Информатика пәні
Сабақтың жоспары
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор программасын іске
қосу. Калькулятормен жұмыс жасау
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 83
6 маусым, 13:06 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Даренова Гулдана Нурболатовна
БҚО,Орал қаласы,Ветелки ауылы
№29 негізгі жалпы білім беретін мектеп

тәрбие сағаты
«Ана мен бала»
Мақсаты: Ата-ана, мұғалім және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Жанұядағы ана мен бала арасындағы махаббатты күшейту.
Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын бағалай отырып отбасындағы ұлттық тәрбие элементтері арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту.
Өзара көмекке, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: аналар сайысы
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 104
6 маусым, 13:06 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Даренова Гулдана Нурболатовна
БҚО,Орал қаласы, Ветелки ауылы
№29 негізгі жалпы білім беретін мектеп

тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мерекеңмен ,аяулы анашым!
Мақсаты: Оқушылар бойына 8 наурыз мейрамымен құттықтап, аналарды
құрметтеу, қастерлеу сезімін дамыту. Оқушыларды мейірімділікке,
аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Анасын сүю
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 57
6 маусым, 13:06 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Аты-жөні:Даренова Гулдана Нурболатовна
Облысы: Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы, Ветелки ауылы
Мектеп атауы: №29 негізгі жылпы білім беретін мектеп

тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғыс айту – парызым!»
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер,сандықша, шарлар және т.б.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 63
авторы: ARSEN
4 маусым, 02:06 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Джугунысова Айнур Дощановна,
Ақтөбе қаласы, "№47 орта мектеп ,
тарих пәні мұғалімі


Бұл баяндамада нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында мектеп мұғалімдерінің ақпараттық құзырлылығын қалыптастыру және ақпараттық білімді педагогтарды меңгеру мәселесі қарастырылған.
Құзырлылық нормаларын және деңгейлері мен компоненттері арасындағы матрицалық жүйесі бойынша жұмыс жасалған.
В этом докладе рассмотрены проблемы, направленные на формирование информационной компетентности учителей образовательных школ и освоение педагогами информационных навыков.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 76

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Маусым 2017    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама