Жарнама

авторы: zhuldyzzh
29 сәуір, 19:04 жарияланды
Категориясы: Сабақтар қоры
Жақыпбай Жұлдыз Маралқызы
Қарағанды қаласы, №16 жалпы білім беретін орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Дүкен мектептің жанында
2 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырып бойынша білімдерін кеңейту, меңгерген сөздерін әр түрлі жағдайда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: жаңа сөздермен оқушылардың сөздік қорын молайту, жазбаша тапсырмаларды дұрыс орындату, сауатты орындау дағдыларын, оқушылардың дүниетанымын, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жұптық, топтық жұмыс, мәтінмен жұмыс, суретпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 205
авторы: madinka
29 сәуір, 14:04 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Қалбекова Мадина Ертугановна
Алматы облысы Жамбыл ауданы
Абай атындағы гимназия мектебі Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: М.Қалдыбаев"Үлек"
Сабақтың мақсаты:
1. Мәтіннің мазмұнын түсіндіру, меңгерту. М. Қалдыбаевтың өмірімен таныстыру. Түйе туралы білетін білімдерін кеңейту.
2.Оқушылардың ойлау дағдысын дамыту,сөздік қорларын арттыру, танымдық қабілеттерін байыту.
3.Ұжым ішінде белсенділікке, төрт түлік малды құрметтеуге, бір-бірін тыңдап, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 268
авторы: zhanka_93
29 сәуір, 09:04 жарияланды
Категориясы: Сабақтар қоры
Женсхан Жанар Павлодар облысы,
Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп,
математика пәнінің мұғалімі

5-сынып Математика

Сабақтың тақырыбы: Аралас сандарды қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Аралас сандарды қосу және азайту ережесін білу, есептер шығарып меңгеру.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 332
авторы: nurgul87
27 сәуір, 13:04 жарияланды
Категориясы: Сабақтар қоры
Харесова Люся Хитарқызы
Бейнелеу өнері пәні мұғалімі
БҚО Орал қаласы Жәнібек ауданы Ғ.Абдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

Пәні: Бейнелеу өнері
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: «Өрнек түстері мен бояулары»
Мақсаты: Оқушыларға бояу мен түстердің символдық мәні туралы түсінік беру.
Ою - өрнектегі түс пен реңдерімен таныстыру.
Бояу түстеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 315
авторы: ayazhan2017
27 сәуір, 09:04 жарияланды
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылы,
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектеп-балабақшасының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сыдихова Аяжан Жаксыгалиевна

Шараның мақсаты: жазушы, публицист,аудармашы- Саттар Ерубаевтың туғанына 100 толуына орай қаламгер шығармашылығын, өмір жолын кеңінен насихаттау;
Күтілетін нәтиже:
А) Жазушы шығармашылығын, өмір жолын оқып, біледі.
Ә) «Менің құрдастарым» романы желісімен танысады.
Б) Романға сатылай талдау жасай алады.

Сабақтың өту формасы: оқырмандар ойталқысы

Сабаққа қажетті көрнекіліктер: кітап көрмесі, слайд

Шараның өту барысы:
Ұйымдастыру: Саттар Ерубаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру. (слайд)
Өмір жолы: Саттар Асқарұлы Ерубаев- қазақ әдебиетінің аспанына жарқ етіп көтеріліп, бірақ лезде жалт етіп ағып түскен жұлдыздарының бірі, өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай арманда кеткен жас талант Саттар Ерубаев қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданында 1914 жылы дүниеге келген. Ауыл балалары сияқты молданың солқылдаған көк шыбығына көнбестен Саттар Түркістандағы бастауыш мектепке асып кетеді. Мұны бітірген соң жетіжылдық орыс мектебінде оқып, оны үздік аяқтап шығады. Саттар Ерубаевтың бар болғаны 23 жыл ғұмыр сүрген. Оның қалыптасуына әкесі Асқардың, анасы Бапаның үлкен әсері болған.
Шығармашылығы:
• Қарағанды жұмысшы табының қалыптасуы жайындағы «Үш шахтер туралы баллада», «Меруерт алқа» балладаларының, «Бақыт», «Өмір көркемдігі» новеллаларының авторы.
• «Менің құрдастарым» романында (1939 жылы жарияланған 1957 жылы орыс тіліне аударған) Қазақстанның көмір орталығы Қарағандыны құрушы жастардың тұрмысы мен еңбегін суреттейді. Қарағандының бір көшесіне Ерубаевтың есімі берілген.
• Қазақстан өлкелік партия комитетінің «Қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты редакторының орынбасары болып табылады.
• 1930 жылдары Саттардың белсенді комсомол мүшесі және зейінді жас екені ескеріліп, жоғары оқу орындарына даярланатын Алматыдағы дайындық курсына жіберіледі. Сол жылы ол Қазақстан оқу комиссариатының арнайы жолдамасымен Ленинград тарих, философия және лингвистикасына оқуға түседі.
• 1933 жылы институтты үздік бағамен бітіріп шығады.
• Аспирантураға қабылданады.
• Бірақ қазақстан өлкелік комсомол комитеті арнайы жеделхат жолдап, Ерубаевты шұғыл түрде Қазақстанға шақыртады. Осыған байланысты Саттар оқуын қалдырып, елге оралады.
• 1933-1934 жылдары «Ленинская смена» газет әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі.
• 1934 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің «Қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты редаторының орынбасары болып қызмет атқарады.
Кітапханашы: Кітап көрмесімен таныстыру
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 217
авторы: ayazhan2017
27 сәуір, 09:04 жарияланды
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылы,
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектеп-балабақшасының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сыдихова Аяжан Жаксыгалиевна



Сабақтың мақсаты: Білімділік- Шығарманы меңгерте отырып,Б.Майлин туралы білімдерін
тереңдету,жазушы шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық- Шығармадағы кейіпкерлерді талдай білуге төселдіре
отырып,түйінді ой айтуға,өзіндік пікір қалыптастыруға жетелей,жазушының жанр
шеберлігіне жеткен биіктігін таныту.
Тәрбиелік- хиқаяттың тәрбиелік жақтарын таба отырып,шығармашылық
ізденіске,елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімді жүйелеу,қорытындылау.
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СКТ,сұрақ-жауап,баяндау, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар.
Сабақтың жүрісі:1.Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, сабаққа дайындығын бақылау
2.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген тапсырма слайдтармен көрсетіледі.
Үй жұмысы(1-слайд)
-Проза дегеніміз не?
-хикаят дегеніміз не?
- хикаят кімнің атынан баяндалады? Берілген сұрақтар бойынша оқушы жауабы тыңдалады.
3.Түсіну.Сатылай кешенді талдау жасай отырып,оқушы өз дүниетанымын байытады. (2-слайд)
Б.Майлин «Түйебай» әңгімесі
1.Авторы – Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған.
2.Тақырыбы-
3.Эпикалық жанр түрі-
4.Идеясы-
5.Кейіпкерлер бейнесі:
Жағымды кейіпкерлер-
Жағымсыз кейіпкерлер-
4.Зерделеу.Бейімбет-ұлы суреткер (3-слайд)
Шығарманың композициялық құрылымына әр оқушы талдау жасайды.
Оқиғаның басталуы Әсем пейзаж.Обашық. «Тарғыл өгіз сойған»- «Шұғаның белгісі»қалай атанады?
Дамуы «Сықырлауықтан сығалаған сұлу сезім».Әбдірахманды Шұғаның тұңғыш көруі.
Өрбуі Адамдар тағдырына негізделген.«Махаббаттың маздаған отына су шашу»
Шиеленісуі Екеуінің махаббаты
Шарықтау шегі Ауру Шұға


  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 290
авторы: ayazhan2017
27 сәуір, 09:04 жарияланды
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылы,
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектеп-балабақшасының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сыдихова Аяжан Жаксыгалиевна


Мақсаты Поэманың идеясын түсіндіре отырып, идеялық- тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру;
Күтілетін нәтижелер

А) Поэманың идеясын аша алады;
Б) Поэмадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасай алады.
В) Тарихи тұлға Ескендір мен әдеби қаһарман Ескендірді салыстыра алады.
Керекті жабдықтар

Флипчарт, бағалау критерийлері, дәйексөздер
Пәнаралық байланыс Тарих пәні
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе


10 мин

Оқушылармен амандасу; сабаққа дайындықтарын тексеру;
Табыс критерийін дайындау
Үй тапсырмасына дайын.
Қысқаша мазмұн жаза алады.
Салыстыру жасай алады.
Заттық ассоциация жасай алады.
РАФТ стратегиясын орындай алады.
Үй тапсырмасын тексеру үшін
«Ыстық орындыққа» шақырамыз.
Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қоюы керек. Мұғаліммен амандасады









Үй тапсырмасын тапсыруға шығады. Сұрақтарға жауап береді.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 267
авторы: ayazhan2017
27 сәуір, 09:04 жарияланды

Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылы,
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектеп-балабақшасының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сыдихова Аяжан Жаксыгалиевна


Сабақтың мақсаты: білімділік- оқушылардың жай сөйлем туралы білімдерін кеңейту, жай сөйлем түрлерін ажырата білуге, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге үйрету.
Дамытушылық- жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, ой- өрісін, тіл байлығын молайту, шығармашылыққа баулу, белсенділіктерін арттыру, сөздік қорларын байыту.
Тәрбиелік- оқушыларды еңбексүйгіштікке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, сауатты, таза жазуға, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, тапсырмалар. сызбалар, үлестірмелі карточкалар, қима қағаздар т.б
Сабақтың типі: Білімді жүйелеу, қорытындылау.
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО, сұрақ-жауап, түсіндіру, тест, талдау, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын түгендеу. Оқушылардың сабаққа назарын аудару. Сабақ бастауға жағдай жасау. Сыныпты үш топқа бөлеміз.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың тақырыбы, түрі , әдісі , өтілу барысы түсіндіріледі. Сынып оқушыларын бағалау топ басшысына тапсырылады. Бағалау парақшасы беріледі. Топтық бағалау топ мүшелері аралығында өтеді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатындағы сұрақтар:
Жай сөйлем құрылысына қарай неше түрге бөлінеді?
104- жаттығу: Үй тапсырмасын сұрау, бағалау, пысықтау,қорыту.
ІІ. «Кім жүйрік?» Ауызша үш топтың әрқайсысына 4 сұрақтан қойылады.
Сұрақтар:
І топқа:
1. Сөйлем дегеніміз не? Мысал.
2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
3. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не? Мысал.
4. Тұрлаусыз мүше, түрлері.
ІІ топқа:
1. Жақты сөйлем, мысал.
2. Атаулы сөйлем, мысал
3.Сұраулы сөйлем дегеніміз не? Мысал.
4. Оқшау сөз, түрлері, тыныс белгісі, мысал.
ІІІ топқа:
1. Жай сөйлем, түрлері.
2. Жақсыз сөйлем, мысал.
3. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір
4. Тұрлаулы мүше, түрлері.
ІІІ «Талдау- табыс кілті» 98- жаттығу
Тапсырма: Сөйлем мүшесіне талда. Сөз құрамына талда.
1.Асық ойыны- қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны.
2. Қарлығаштар, қара торғайлар ұяларын үй маңынан салып шығарады.
3. Оның үйге қайтадан барғысы келді.
4.Туған жердің табиғатын ауызбен айтып жеткізе алмайсың.
5.Олар орманға қарай асығыс аттанды.
6.Егіс даласына шығатын техниканың сапасын жасарту үшін бірталай жұмыс істелді.




  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 236
авторы: ayazhan2017
27 сәуір, 08:04 жарияланды
Категориясы: Тәрбие сағаты
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылы,
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектеп-балабақшасының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сыдихова Аяжан Жаксыгалиевна

Мақсаты: Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу; байланыс
және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Көрнекілігі: қағаз,қалам, карточка,доп
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1. «Танысу» жаттығуы
Жаттығу барысы:
Жұргізуші: Ең алдымен таныспас бұрын жартылай екіге бөлініп шеңбер жасалған орындыққа отырайық. Қолымдағы допты оқушыға беріп есімдерін ататқыза отырып өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтады.
Аяжан–.аяулы анамын
2. Өміршендік ережесі.
Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып,
Өміршеңдік ережелерін айтайық.
1. Жігер деген-Мен
2. Күш деген-Мен
3. Махаббат деген-Мен
4. Кешірім деген-Мен
5. Құдірет деген-Мен
6. Жасөспірім деген-Мен
7.Жастық шақ деген-Мен
8. Денсаулық деген-Мен
9. Адалдық деген-Мен
10. Жарқындылық деген-Мен
11. Бар ғажайып деген-Мен
Хормен:Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 319
авторы: ayazhan2017
27 сәуір, 08:04 жарияланды
Категориясы: Тарих
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылы,
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектеп-балабақшасының
тарих пәнінің мұғалімі Таева Лунар Нұрхайырқызы

Сабақтың мақсаты:
 Сталиндік казармалық социализм, зиялы қауымды жаппай қудалау,Алаш қозғалысының қайраткерлеріне қарсы қуғын-сүргінді баяндау ;
 Мәтінмен жұмыс жасау тәсілдерін жетілдіру,саяси қайраткерлердің қызметіне талдау жасау және баға беру арқылы оқушылардың ой-өрісін жетілдіру , шығармашылығы шыңдалған, белсенді тұлға қалыптастыру;
 Тарихи тағылымнан сабақ алып, өз болашағына батыл қадам жасайтын,туған жерін,елін сүйетін саналы ұрпақ тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас

Сабақта қолданған әдістер:жұптық және өзіндік жұмыс

Пән аралық байланыс:Дүние жүзі тарихы,қазақ әдебиеті
Көрнекілік: кесте, сызба
Ұйымдастыру кезеңі
Ой қозғау
Оқушылар «Еске алу» дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып,зейіндерін тақырыпқа аудару.





Үй тапсырмасын сұрау
1.Жылнамалар сызбасы ( жұптарға үлестірме үйлестіріледі)
1917;1918;1920;1925;1936;1937;1924;1926;1928;1933;1936;1937:1946;1947;
1921;
2.swot талдау кестесімен жұмыс.

күшті әлсіз
мүмкіндіктері шешім

  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 579

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Сәуір 2016    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама