авторы: Абдуллина
28 желтоқсан, 14:12 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Ақтөбе қаласы Ғ.Ақтаев атиындағы
№ 6 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі
Бөлекшора Нұргүл Қалыбайқызы

Класы: 1 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Есеп. Салыстыру.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға 2-6 сандарын қосу және азайтудың кестелік жағдайларындағы есептеу дағдыларына машықтандыру, айырмалық салыстыруға және қосындыны табуға берілген есептерді шығару.
2.Оқушылардың ақыл - ой қабілетін, өз беттерінше жұмыс жасай алуын, математикалық ойлауын дамыту.
3.Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ақыл-ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 2348
авторы: Абдуллина
28 желтоқсан, 14:12 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Ақтөбе қаласы Шалқар ауданы Ә.Жангелдин атындағы
орта мектептің өзiн-өзiтану
пәнінің мұғалімі Умбеталина Айгерім

Тақырып:Менің ұстаздарым
Құндылық:Дұрыс әрекет Қасиеттер:Ұстаздарды бағалауға,сыйлап құрметтеу.
Сабақ мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-оқушыларға мұғалімнің, ата-ананың, үлкендердің, кітаптың өмірдегі ұстаздары екендігін түсіндіру;
-мұғалім еңбегіне сүйіспеншілігін, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру;
-ұстаздарды бағалауға, сыйлап–құрметтеуге тәрбиелеу; Ресурстар:(құралдар, мәлiмет тер)интербелсенді тақта,плакаттар, слайдтар,смайликтар
Сабақ барысы:
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 893
авторы: Абдуллина
28 желтоқсан, 14:12 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Ақтөбе қаласы Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Мустафина Бибісара Жаналыққызы
Класы: 8 а
Сабақ тақырыбы: Квадраттық функция анықтамасы. y=ах2 +n, y=а(х –m)2 функциялары
Сабақ мақсаты : а) Квадраттық функция ұғымымен оның дербес түрлерімен танысу. Белгілі графиктердің көмегімен квадраттық функция графигін салуды үйрену. ә)Оқушылардың ойлау, салыстыру, қортындылай білу қабілетін дамыту.
б) Зейінділікке, білімқұмарлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес (топтық сабақ)
Сабақ әдісі: С.Т.О. стратегииялары (ассоциация, Вен диаграммасы).
Сабақ көрнектілігі: y=х2, y=2х2, y=3х2 функцияларының графиктер трафареттері, әртүрлі борлар
Сабақ барысы: 1) Қызығушылығын ояту.
Сұрақтары: 1) Функция дегеніміз не?
2) Қандай функцияларды білеміз?
Енді біздер «квадрат функция» ұғымымен танысамыз.
3) Мағынасын ашу.
Оқушылар сіздерге «Квадраттық функция» тақырыбы бойынша жұмыс жасау тапсырылды. Демек өз қалауымыз бойынша мысалдарды таңдап алайық.
у=х²+2 функциясының графигін салу
у=2х² пайдаланып , у=2х²+3 функциясының графигін салу
у= 2х2 пайдаланып, у= 2х2-5 функциясының графигін салу
у=2х² пайдаланып, у=2(х-1)² функциясының графигін салу
4) Ойтолғаныс
у=х² функциясының көмегімен төмендегі функциялардың графигін қалай салу:
а) у=(х-3)² б) у=(х+2)² в) у=-(х-1)² г) у=-(х+1)²
а) у=х²+2 Б) у=х²-4 в) у=-х²+3 г) у=-х²-4
y= -½x2 және y= -½(x- 4)2
y = (x + 4)2 функциясының графигін қалай саламыз?
5) Кітаппен жұмыс: № 247, № 248, № 249
6)Сабақты бекіту: 1. Функцияны түрлендіру не үшін қажет? 2. Квадрат үшмүше, квадраттық функция ұқсастығы, айырмашылығы?
7) Бағалау
8) Үйге тапсырма:
№ 253 (2 , 4)
№ 254 (2 , 4)
№ 249 (3, 4)
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 4190
авторы: Абдуллина
28 желтоқсан, 14:12 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
І. Үргенішбаев атындағы орта мектептің
6 «ә» класс жетекшісі: Ізбасханов Алмас Хамзаұлы дене щынықтыру пәні

Тәрбие сағатының тақырыбы:16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні «Тәуелсіздік тәу етер жалғыз киең»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрермендерге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Тәрбие сағатының көрнекіліктері: Мемлекеттік рәміздер, тақырыпқа байланысты жазылған плакаттар, «Тәуелсіз Қазақстан» бұрышы.
Тәрбие сағатының барысы:
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 884
авторы: Абдуллина
28 желтоқсан, 14:12 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Ақтөбе қаласы
№ 52 негізгі мектебінің
бастауыш кластар мұғалімі
Сагизбаева Зауреш

Математика 2 класс
Тақырыбы: 15+28; 43-15 түріндегі қосу және азайту
Мақсаты: Разрядтан аттамай қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерімен таныстыру.
Міндеттері:
А) білімділік:15+28; 43-15 түріндегі қосу және азайту меңгерту;
Ә) тәрбиелік:ұқыптылыққа, жинақылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Б) дамытушылық: Логикалық ой-өрістерін, есептеу машықтарын, алған
білімдерін қолдану дағдыларын дамыту.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 2606
авторы: Жаным
27 желтоқсан, 08:12 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірінші санатты мұғалімі
Султангереева Гулайым Орынгалиевна

Түсінік хат
Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнер. Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған.
Оқушыларды шешендік өнерге баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, 7 сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.
Бұл бағдарлама 7сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай алынған.
7 сынып оқушылары әдебиет пәніне негіздей отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Би-шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады.
«Шешендік өнер» деген атпен құрастырылған бағдарлама бірыңғай шешендердің айтысын немесе билердің дауын бейнелемейді, сонымен бірге халық даналығынан туған асыл ойларды, өсиет-насихат сөздерді, өткір мысқыл, әзіл, тапқырлық сындарды, т.б. қамтиды. Мұнда жыраулардың,би-шешендердің шешендік нақыл, тапқырлық сөздермен қатар ақындық терме, толғаулар да аз емес. Құнттап қараған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.
Бұл курс 34 сағатқа негізделген ,аптасына-1 сағат

Курстың мақсаты:
*Оқушылар шешендік өнерді,соның ішінде қазақ халқының дәстүрін бойына сіңіру арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру
*Әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту
*Ақыл-ойы мен ұлттың сана-сезімін дамытуға ықпал ету
*Кітап оқуға деген ынтасын арттыру.
*Өз бетімен жұмыстану арқылы шығармашылыққа шыңдау
Курстың міндеттері:
*.Антикалық дәуірден бастап, Рим,орыс,қазақ дәстүрінің қалыптасасу тарихы туралы әңгімелеу
*Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;
*Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі шешендік сөздерді анықтау
*.Би-шешендердің даналық сөздерінің мәнін түсінуге үйрету
*.Шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
*.Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;
*.Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу;
*.Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.
  • 100
 пікірлер: 0
 қаралды: 2265
авторы: Жаным
27 желтоқсан, 08:12 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім
і [/left]
Түсінік хат
Егеменді ел азаматын тәрбиелеудегі тіл мамандарының бірден бір алдына қойған міндеті – оқушыны тіл мәдениетіне байланысты теориялық білім бере отырып, оны өмірде орынды қолдана білуге баулу болып табылады.
Тіл мәдениетін қалыптастырудың жолы – тілдің халықтық қасиетін ауыз әдебиеті үлгілері, көркем әдебиеті арқылы бала бойынша сіңіру. Оқыған шығармасы бойынша ойын көркем етіп жеткізуге білу де-тіл мәдениетін меңгерудің бірден бір шарты. Әрбір оқушы өз халқының,ана тілінің мұрагері болуға тиісті. Осы орайда 7-ші сыныптағы «Қазақ тілі» оқулығының авторлары тіл мәдениетіне байланысты мәтіндер мен жаттығуларды өте орынды алғандығын атап өткен жөн.
Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген. Ғылым-білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін - өнердің өнері, «Өнер алды - қызыл тіл» деп бағалаған. Асылы, жақсы сөзді жанына азық ете білген, атқан оққа тоқталмаса да жүйелі сөзге бас иген, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен теңестірген бір халық болса, ол қазақ халқы болар.
Жаңадан «тіл мәдениеті», «сөйлеу мәдениеті» деген күрделі ұғым-түсініктер пайда болды, кейін оның арнасы кеңейіп, өзіндік бір мақсаты бар жеке ғылымға айналды. «Тіл мәдениеті» дегеніміз мағыналық өрісі кең дүние.
Қысқасы, санай берсек, сөздің беретін ұғымы өте кең. Сондықтан «тіл мәдениеті» дегенді - «сөйлеу мәдениеті», «сөз мәдениеті» деп те айта береміз. Сөз - тілдің қолданыстағы көрінісі болса, «тіл мәдениеті» тілдің жеке элементтерін, тұлға-тәсілдерін, оның тәжірибе елегінен өтіп қалыптасқан, қоғам тарапынан қабылданған заңдылықтарына сәйкес дұрыс пайдалану туралы білім саласы. «Тіл мәдениеті» - тілдің фонетиканың нормаларын бұлжытпай сақтау ғана емес, айтайын деген ойымызды тыңдаушыға жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп-тегіс жұмыр келген», әсерлі ұғымды дәл жеткізу жайын қамтиды.
Тіл мәдениеті - тілдік нормаларының, тіл тәсілдерінің жетіп, ширап даму дәрежесі. Тіл мәдениеті негізінен сөзді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді. Сөйлеу коммуникативтік қызмет атқарумен қатар, адамның ішкі өмірінің рухани байлығын жарыққа шығарып, жан сарайын танытады
Тіл мәдениетін меңгерудің ендігі бір жолы-пәнаралық байланысы, әдебиеттен өтілетін көркем шығармаларын да пайдалануға болады.
Мақсаты:
Сөйлеу, тіл мәдениеті машықтарын меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған, мәдениетті сөйлеуге бейімделген оқушыны тәрбиелеу және қазақ тілі сабақтарында ақпараттық,тілдік қарым – қатынасты дамытып, өзінің ана тілі-қазақ тілін сапалы меңгерген тұлға қалыптастыру.
Міндеті:
Сөз адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, байыптылығын, ақыл-парасатын көрсететінін ұғындыру
Сөйлеу мәдениетіне қай уақытта болса да ерекше мән бергенін, қай халық болса да қатты бағалағанын түсіндіру
Сөйлеу мәдениеті сөйлеуші адамның ішкі жан дүниесінің тазалығына да, сөз өнеріне де қатыстылығын ескере білу
Сөзге шешен адам мәдениетті әрі шебер сөйлей білу керек екеніне түсінік беру. Мәдениетті, ой-өрісі жоғары, өмірге сенімді, адал адамдардың сөйлеу тілі де жоғары болуға тиістілігін аңғарту
Тіл - адамның ішкі жан дүниесінің айнасы екенін ұғындыру.
Күтілетін нәтиже:

* 7 – сынып оқулығы бойынша берілетін лексикалық тақырыптар бойынша білімдерін дамыту.
*Тіл мәдениетін меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған оқушы
*Ұлттық мәдениетін құрметтей білетін, рухани адамгершілігі мол, отансүйгіш азаматы.
Білім – білік дағдылары

- Лексикалық нормаларды білу.
- Жалпы халыққа бірдей жиі қолданылатын сөздері тануы;
- Қосымшаларды таңдап, талғай жалғай білуі;
- Сөйлем мүшелерін орнымен қолдана алуы;
- Сөз тіркесінің өзіне тән белгілерін білуі;
- Сөздердің байланысу тәсілдерін білуі;
- Сөздердің байланысу түрлерінің (қиысу, матасу, меңгеру қабысу, жанасу) бір-бірінен ерекшелігін білуі.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 2956
авторы: Жаным
27 желтоқсан, 08:12 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Түсінік хат

Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»-дейді.
Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін қазақ әдебиетін сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі қазақ әдебиетін оқытуды «өлкетану» бағыты арқылы бекітетін болсақ, оқушының көркем шығармаға санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Қазақстанның мектептерінде «өлкетану» бағыты бойынша әдебиет пәнін енгізіп оқыту – еліміздің ,әсіресе, өз өлкеміздің жергілікті ақындарын тануға негіз қалар еді. Мектепте әдеби- өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды әдебиет сабақтарында пайдалану өте маңызды.
Қазақстанның барлық өңірлерінде өз ақындары жетерлік, сол себепті «Өлкетану» бағытында әдебиет сабағында оқушылардың өз облысының жергілікті ақындары туралы өзіндік ғылыми ізденістері мен шығармашылығына негізделуі қажет ретінде курста Қ.Мырзалиевтің «Алмас жерде қалмас» , «Балауса» 1,2 томдары мен А.Бақтыгерееваның »Ақ шағала», »Сүмбіле» атты жыр жинақтарын пайдаландым.
Өз облысының жергілікті ақындарының,соның ішінде Қадыр Мырзалиев пен Ақұштап Бақтыгереева сынды ақындардың өмірі мен шығармашығын оқытып үйрету оқушыларды азаматтық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді деп сенемін.


Курс бөлімі:

А) Ақындық ірілік,шығармашылық дара (БҚО-ның жергілікті ақындары туралы)

Ә) Қазақ поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан ақын- Қ.Мырзалиев

Б)Сыршыл,шынайы да шұрайлы жыр иесі-А. Бақтыгереева.


Бағдарлама оқу үрдісінде жылына 34 сағат, аптасына 1сағат.

Курстың негізгі тұжырымдамасы:
1. Мектепте әдеби -өлкетану жұмысын жүргізу.
2. Өз жерінің жергілікті ақындарының, Қ.Мырзалиев пен А. Бақтыгереева өмірі мен шығармашылығымен танысу ,олардың көркем шығармаларын оқыту.
3. Оқушы бойына адамгершілік қасиетті қалыптастыру.
4. Оқушыны өзіндік іс-әрекет жасауға үйрету, оның интеллектісін дамыту

Курстың мақсаты:
Әдебиет сабақтарында инновация әдістерін пайдалану арқылы Батыс Қазақстанның жергілікті ақындарының шығармашылығымен танысу, оқушының зиялы қауым-ақынға деген құрмет, ақындық құдіретіне деген сананы қалыптастыру.

Курстың міндеттері:
-оқушының әдеби біліктері мен дағдыларын жетілдіру
-оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісінің сапасын арттыру
-өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу және жетелеу

Курстың құзыреттілігі:
Ақынның шығармаларымен тереңірек танысып, өлеңдері мен жазбалардың тақырыбы мен олардың идеялық мұратын шығармаларына сүйене отырып ашу.
Коммуникативтік:
Оқушыларды шығармалардың идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру

Атқарылатын жұмыс түрлері:
1. Батыс Қазақстан ақындарының шығармашылығын зерттеу жұмыстарын жүргізу
2. Ақындар туралы материалдар жинақтау
3. Батыс Қазақстанның жергілікті ақындарының мұражайларына жорық ұйымдастыру
4. Ақындар туралы әдеби кештерін ұйымдастыру
5. Шығармашылық конференция, пікір-талас ұйымдастыру
6. Қабырға газеттерін шығару, стендтер дайындау

Күтілетін нәтиже:
1. Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.
2. Оқушылардың жергілікті ақындарына деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.
3. Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.
[left][/left]
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 737
авторы: Кәмшат
22 желтоқсан, 15:12 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Павлодар қаласы, Ертіс ауданы, Қызылжар ауылы,
Қызылжар ЖОББ мектебінде физика және математика пәнінің мұғалімі
Тәшібаева Кәмшат Еркінжасқызы , II санат,
Кембридж бағдарламасы бойынша III деңгей


Пәні: физика
Сынып: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Энергия. Денелерің потенциалдық және кинетикалық энергиялары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: энергия ұғымының жұмысқа тәуелділігін көрсету арқылы шамалар арасындағы байланыстың мағынасын ашу;
Тәрбиелік: шамалар арасындағы байланысты көрсету арқылы оқушыларды байқампаздыққа және логикалық ойлауға тәрбиелеу:
Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: бағалау парағы,интерактивті тақта, кесте – плакаттар, электронды оқулықтан сызба, суреттер, демонстрациялар
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сәйкестендіру тесті, есептер шығару, формулалар кестесі
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 3028
авторы: Merlan
21 желтоқсан, 20:12 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Атырау қаласы
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық
колледжінің педагогика және
жеке пәндер әдістемесінің оқытушысы
Қоңырова Жұмагүл Оңайбайқызы

Зал әсем безендірілген ,баяу музыка әуені естіліп тұрады.
Тәрбиелік шара тақырыбы: «Қазақстан - гүлстан»
1- Жүргізуші :Өзіңдікі елің де
Өзіңдіуі жерің де
Тәуелсіздік төріңде
Өзіңдікі –туың да
От пен ауа,суың да
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!!
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 770

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2014    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама