авторы: Абдуллина
27 тамыз, 10:08 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Сакипова Шынар Серікқалиқызы
Ақтөбе қаласы №30 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына кішіпейілділік, қарапайымдылық, сабырлылық,инабаттылық, т.б әдептіліктің негіздерін
сіңіре отырып, әдепке жатпайтын әдеттерден аулақ
болуға баулу.
Дамытушылық: Халқымыздың ұрпақ тәрбиесінде ғасырлар бойы
қолданып к еле жатқан мақал-мәтелдерін,
ырым, тыйым, ұлағатты сөздерінің,киелі сандарының
мағынасын түсіндіре отырып тәрбиелеу.
Тәрбиелілігі: Сөйлей білуге, орынды, қисынды сөйлеуге,сөздің астарын
ұғына білуге үйрету.Адамгершіліктің жақсы қасиеттерін
бойларына сіңіріп, әдепті, иманды, ізгілікті бойларына
жинаған білімді, ұйымшыл класс ұжымын
қалыптастыру.Еңбексүйгіштікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 2346
авторы: aioka
26 тамыз, 09:08 жарияланды
Категориясы: Сабақтар қоры
БҚО, Казталов ауданы, Тереңкөл ОЖББ мектебінің
математика пәні мұғалімі
Арыстангалиева Айгерім Құрманғазықызы

Тақырыбы: Математика аруы - 2014
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімге талпынуын, ойлау қабілетін дамыту
Дамытушылық:Математикаға қызығушылығын арттыру, белсенліліктерін дамыту
Тәрбиелік: Есте сақтау, қиыншылықты жеңуге, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сайыс барысы:
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 1394
авторы: aioka
26 тамыз, 09:08 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
БҚО, Казталов ауданы, Тереңкөл ОЖББ мектебінің
математика пәні мұғалімі
Арыстангалиева Айгерім Құрманғазықызы

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.
Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі білім беру ордаларында мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор .
12 жылдық білім беру тұжырымдамасында орта білім берудің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдынды тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс- әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті, іздемпаздықты қалыптастыру, жүйелі қортынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 2216
авторы: Ай
22 тамыз, 04:08 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Күйкен орта мектебі
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Матниязова Айнур Талгатовна

Күні: Қазақ әдебиеті 9- сынып
Сабақтың тақырыбы Бата, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлең туралы 3-сабақ
Сілтеме Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 9- сынып оқулығы
Жалпы мақсаты Тұрмыс –салт жырларының түрлерін меңгеру.Салт-дәстүрді қастерлеу,дәріптеу.
Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу,оқушылардың тіл байлығын арттыру,тапқырлыққа баулу.
Оқыту нәтижесі СТО-ға үйрете отырып, мәнерлеп оқуға, оны талқылауға үйрету
Топпен бірлесе жұмыс жасай біледі, тақырыпты аша алады, ережеге бағынады, бір-бірін тыңдай біледі. Тұрмыс – салт жырларының негізгі түрлерін ажырата алады. Өз ойларын еркін жеткізе алады.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 12320
авторы: Ай
22 тамыз, 04:08 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Күйкен орта мектебі
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Матниязова Айнур Талгатовна

үні: Қазақ әдебиеті 7- сынып
Сабақтың тақырыбы Лиро –эпостық жырлар. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры туралы
Сілтеме Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы
Жалпы мақсаты Лиро-эпостық жырлар туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау; білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
Оқыту нәтижесі СТО-ға үйрете отырып, мәнерлеп оқуға, оны талқылауға үйрету
Топпен бірлесе жұмыс жасай біледі, тақырыпты аша алады, ережеге бағынады, бір-бірін тыңдай біледі
Оқыту формасы Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 13145
авторы: Абдуллина
14 тамыз, 06:08 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Кенжебаева Аинагул Оспановна
Ақтөбе қаласы №30 орта мектептің
жоғарғы санатты география пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Табиғат зоналары
Сабақтың мақсаты: Африка материгінің табиғат зоналары, олардың орналасу заңдылықтары, ерекшеліктері, халық шаруашылығындағы және табиғаттағы маңызын ашу.
Білім беруші міндеті: Материк табиғатының ерекшелігі, органикалық дүниесінің табиғат жағдайына бейімделуі, халқының белгілі климат жағдайындағы тұрмысы, ауылшаруашылық дақылдарын өсіру мүмкіндігі туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік міндеті: Табиғатты сүюге, қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу, эстетикалық және экологиялық мәдениеттілікке баулу, мамандық таңдауға баулу.
Дамытушылық міндеті: Ой - өрістерін, салыстармалы ойлауды, картамен жұмыс істей білуді, оқулыққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру, жан - жақтылығын дамыту.
Сабақтың типі: алған білімдерін жинақтау, ойын сабағы.
Сабақ әдістері: Оқып - үйрену ойыны, оқу - пікірталас, тірек сызбалар, проблемалық ой тастау, ой қозғау, картамен жұмыс
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 1843
авторы: айсу
7 тамыз, 10:08 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Дүниетану 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жер бедері
Сабақтың мақсаты:Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру.Тіл байлығын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру,ойын толық жүйелі жеткізуге дағдыландыру.Отанын сүюге,табиғатына жанашыр болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу
Түрі:аралас сабақ
Көрнекілігі:суреттер ,слайдтар,карта.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу,түгендеу.Назарын сабаққа аудару
1-бөлім. «Қайталау-білім анасы»
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
«Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі» мазмұнын сұрау
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту
«Кім тапқыр?» ойыны
Шарты:Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп артында жасырынған суретті табу
1.Жер беті адамның қандай әрекетінен өзгереді?
2.Террикондар деген не?
3.Оба деген не?
4.Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады?
5.Қазақстанның жер көлемі қанша?
Суреттер: жазық,тау,өзен
2-бөлім.Білімге құштарлық
IV.Жаңа сабақ
Қазақстан туралы жалпы мәлімет беру (кесте бойынша)
Жер көлемі 2.7млн км
Көрші елдері Солтүстік және солтүстік-батысында Ресеймен,оңтүстікте Қырғызстанмен,Өзбекстанмен.Түркменстанмен,шығыста Қытаймен шектеседі
Ең биік нүктесі (м) Хантәңірі (6995)
Ең төмен нүктесі (м) Қарақия ойысы (-132)
Табиғат зонасы Орманды дала (3%), дала (26%),шөлейт (14%),шөп (44%), биік белдеу(13%)
Қазақстанның жер бедері
Жер бедері дегеніміз не?
Жер бедері дегеніміз - пішіні мен көлемі ,жаратылысы мен жасы,биіктігі жөнінен айырмашылық жасайтын жер бетінің сипаты.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 5698
авторы: айсу
7 тамыз, 10:08 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Жетібай селосы
№3орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Амантаева Айсұлу

Ашық тәрбие сабақ 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Тілім менің –тірлігімнің айғағы»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіріп,ана тілі туралы өлеңдер,нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,шешендік сөздер айту арқылы сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту.Ана тілін сүюге,ардақтай білуге тәрбиелеу,өз ойын толық жеткізе алатын білімді,саналы,салауатты,жан-жақты рухани бай жеке тұлға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тіл туралы ақындардың,ҚР Президентінің қанатты сөздері,Тәуелсіздік монументінің суреттері,слайд,мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру
Кіріспе сөз
1-жүргізуші: Армысыздар,осы кештің қонақтары,
Халқымның ашық болсын атар таңы.
«Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты кешімізде
Беделін көтерейік тарихтағы.
2-жүргізуші
Сәлем бердік кешіміздің көрермені,
Қазақтың ол анық қой,өнер кені.
Тілге арналған кешімізге қош келдіңіз,
Алдарыңда болашақтың өрендері.
1-жүргізуші:Еуразияның қақ ортасында орналасып,талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған,тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы,қазақ жері,қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші....
2-жүргізуші:Біз қазақ деген мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 2179
авторы: айсу
7 тамыз, 10:08 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Жетібай селосы
№3орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Амантаева Айсұлу


Сайыс сабақ 3-сынып
Тақырыбы: «Табиғатты аялайық»
Мақсаты: дүниетану пәнінен алған білімдерін тексеру,оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,табиғатты қорғауда жауапкершілікті қалыптастыру,табиғатқа деген мейірім мен ықыласын,табиғат байлықтары мен жан-жануар,өсімдіктерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Түрі:сайыс сабақ
Формасы:топтық
Көрнекілігі:слайдтар,суреттер.
Барысы
Мұғалім: Табиғат- тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,тіншіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі,жер бетіне көрік берген сәні.Табиғат,Жер –Ана,атамекен,туған жер деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас,әрі тағдырлас.
Табиғат!Осы бір жүрекке жылы,көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама мазмұн,терең мағына,ұлағатты мол ұғым,тұжырымы кең,ой жатыр десеңізші!
Табиғат-адам бойында адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз,тәлімі мол тәрбиеші.Ендеше,ұлы табиғатымыздың құрметіне бүгінгі білімділер сайысын өткізейік.Сайысқа 5 топ қатысады.
1-топ «Жұлдыз» тобы (3 а сынып)
2-топ «Күн әлемі» тобы (3 ә сынып)
3-топ «Қыран» тобы (3 б сынып)
4-топ «Бәйтерек» тобы (3 в сынып)
5-топ «Қарлығаш» тобы (3 г сынып)
Сайыс шарттары:
1.Таныстыру (топтың аты,ұраны)
2.Бәйге (дүниетану пәні бойынша сұрақтар)
3.Нақыл сөз-білгенге ақыл сөз (әр топ табиғат,туған жер туралы мақал-мәтелдерді жазады 1 минут)
4.Есте сақта
5.Полиглот
6.Керектісін тап
7.Пантамимо
Әділ – қазылар алқасымен таныстыру
Сонымен сайысымызды бастайық
1-кезең.Таныстыру
Әр топ өздерін таныстырады.Жоғары ұпай 5 балл.
2-кезең. Бәйге
Шарты:интерактивті тақтада 10,20,30,40, ұпайдан тұратын ұяшықтар болады.Әр топ қалаған ұяшықтарын таңдап,ондағы сұрақтарға жауап береді.Топ 3 рет ұяшық таңдайды.Ұпай ұяшық санына байланысты.
10.Адам денесі неше бөліктен тұрады?(4 бөліктен:бас,мойын,кеуде,қол және аяқ)
10.Адам денесін қозғалысқа келтіретін мүшені ата.(қаңқа)
10.Адамда неше жұп қабырға болады?(12)
10.Қан айналымы дегеніміз не?(Қанның ағзаны аралап қозғалуын қан айналым дейді.)
20.Жүрекке келетін ең ірі қан тамыры не деп аталады? (қолқа)
20.Жүрекке баратын қан тамыр не деп аталады? (вена немесе көк тамыр)
20.Ас қорыту мүшелерін ата (ауыз қуысы,жұтқыншақ,өңеш,қарын,ішек)
20.Масштаб деген не? (Белгілі бір заттың өлшемін кішірейтіп бейнелегенде қолданылатын санды масштаб дейді)
30.Географиялық карта деген не? (жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп түсірілген бейнесін географиялық карта дейді)
30.Жел дегеніміз не?(жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды)
30.Желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал не деп аталады?(желбағар)
30.Түтіліп,үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайтын бұлт түрін ата (будақ бұлт)
40.Физикалық карта дегеніміз не? (өзен ,көл және жер бедері бейнеленген картаны физикалық карта деп атайды)
40.Қан кеткен адамға қан беретін адамды кім деп атайды? (донор)
40.Тыныс алу мүшелерін ата (мұрын қуысы,кеңірдек,кеңірдекше , өкпе)
3-кезең.Нақыл сөз- білгенге ақыл сөз
Шарты:әр топ табиғат,туған жер туралы мақал-мәтелдерді жазады.Бұл сайысқа 1минут уақыт беріледі.Осы уақыт ішінде көп мақал жазған топ жеңімпаз аталады.Әр топтан бір оқушы ғана жазады.
4-кезең.Есте сақта
Шарты.тақтада дүниетану пәніне қатысты бірнеше ұғым,заттардың суреттері шығады.Суретке мұқият қарап алу үшін 1 минут уақыт беріледі.1 минуттан соң суреттер өшіріледі де,оқушылардың есте сақтап қалған суреттердің атын жазуларын сұраймын.Ең көп суретті есте сақтап қалған топ жеңімпаз атанады.
Суреттер:глобус,карта,компас,тау,өсімдік,қасқыр,түлкі,қоян,көмір,бұлт,күн,адам,мұрын,көз,аяқ,қол.
5-кезең.Полиглот ойыны
Шарты:Жұмбақтардың шешуін қазақ және орыс тілдерінде айту.Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
1.Суға батпайды,
Отқа жанбайды.(мұз-лед)
2.Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен.(су-вода)
3.Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұр таратқан.(күн-солнце)
4.Тікен,тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.(шырша-елка)
5.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады. (күн-солнце)
6.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.(қар-снег)
7.Сылдыр сұйық су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады.(сүт-молоко)
8.Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды.(күз-осень)
9.Отыз екі мықты,
Қаз-қатар боп шықты.
Он алтысы асты,
Он алтысы үсті.(тіс-зуб)
10.Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде,
Бірін-бірі көрмейді.(көз-глаза)
6-кезең.Керектісін тап
Шарты.Әр топқа әріптер тізбегі беріледі.Сол тізбектен сөздерді тауып алу керек.Әр тізбектен үш сөзден шығады.Әр топ сыныпқа 2 тізбектен.Бұл бөлімде қанша сөз тапса,сонша ұпай алады.
1-топ.
1.Тплогүленсқойұехкөзаэт
2.Афмайжднанштвсүтырв
2-топ
1.Трдқалачыеуарпафеменз
2.Тсбалықючспілжхкерікпв
3-топ
1.Кенбтрөзенврпзайсанджт
2.Ткгүлжрэқазтзкмөзенюб
4-топ.
1.ЯЮтжағавфтасцбкөшеэжм
2.Ждопгхнжолнвкенютпю
5-топ.
1.Ицықазақтбршешентборысдж
2.Фыбақшаврэағашюдкесефх

7-кезең Пантомимо
Шарты.Сөздерді ым-ишара арқылы көрсету.Жоғары ұпай 5 балмен бағаланады.
Сөздер:Етікші,сайқымазақ,тігінші,спортшы,аспазшы

Қорытынды
Мұғалім:Өзіміздің анамыздай аялаған туған жердің табиғатына сүйіспеншілікпен қамқорлық жасап,қорғау-әрқайсысымыздың азаматтық абзал борышымыз және парасатты парызымыз.
Қазақстан-туған жерім,киелім,
Қасиетіңді қастерлеп,басымды да иемін.
Табиғаттың тұнып тұрған қазына,
Соның бәрін аялаймын,сүйемін.
Марапаттау
Осымен сайысымыз аяқталды.Құрметті әділ-қазылар алқасы топтардың жалпы ұпайларын шығарып,жеңімпаз топты атасаңыздар.Топтар марапатталады.Жеңген топты құттықтаймыз.Сайысымыз аяқталды келіп тамашалағаныңызға көп рахмет.Сау болыңыздар!
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 1396
авторы: Merlan
5 тамыз, 07:08 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Атырау қаласы Балықшы кенті
Айгөлек шипажай балабақшасының
тәрбиешісі Баетова Шұғыла Ғалымқызы

Балаңыздың үй тапсырмасын өзіңіз орындамаңыз, оған үйге берілген тапсырманың бәрін өзі орындауға міндетті екенін түсіндіріңіз.

Балалар ақыл айтқанды ұната бермейді. Сондықтан мектепеке бара-жатқан
ұл-қыздарыңыздың маңдайынан иіскеп «5» алып келуіне тілектестік білдіріңіз.

Баламен қарым-қатынаста қаталдау болуға қорықпаңыз,сонда ғана бала өз орнын анықтауға үйренеді.

Баланы тәрбиелеуде күш көрсетуге жол берілсе,бала оған дағыдыланып кетеді, ал ұсыныстар мен бастамаларыңызды әңгімелесе отырып түсіндіргеніңіз дұрысрақ.

Баланың өз жасынан кіші сезуіне жол бермеңіздер, одан бала жылауық,аяңкез болады.

Бөтен кісілер көзінше баланы тәрбиелеуге тырыспаңыздар.Одан бала өршелене түседі. Одан гөрі қалыпты жағдайда көзбе көз жасалған ескертудің әсері мол.

Баланың да қателесуіне құқығы бар.Солардан қортынды жасауға,тәжірибе жинауға мүмкіндік беріңіздер.

Баланың адалдығына күмән келтіре бермеңіздер,онда бала өтірік айтуға үйренеді.

Бала эксперимет жасауға құмар,сол арқылы өмірді ұғынады,онымен әрдайым санасыңыздар .

Баланың ашық сұрақтарынан жалтармаңыздар,онда балада жауапты басқа жақтан,басқа жолмен алатын болады.

Баладан талап етпесең бұрын өзіңізге көз жүгіртіңіз,бала ата-ананың айнасы екенін ұмытпаңыз.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 783

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Тамыз 2014    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама