авторы: Merlan
29 наурыз, 01:03 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Тұрлаулы мүшелер

БҚО Орал қаласы №40 ЖОББ мектебінің
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі
С.С.Жаксымбетова


Сабақтың тақырыбы:Тұрлаулы мүшелер
Сабақтың мақсаты: а/тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізін құрайтынын түсіндіру;
ә/бастауыш пен баяндауышқа сұрақ қоя білуді үйрету;
б/Сөйлемді сауатты құра білуге дағдыландыру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: топтастыру, бес жолды өлең, венн.диаграмма, ДЖиКСО
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар,кестелер,топшалар
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, әдебиеттік оқу
Күтілетін нәтиже: тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізін құрайтынын түсінулері
Сабақтың өтілу барысы:
І.Қызығушылықты ояту
Ойын “Тез ойла”
1. Басты байлық- 6. Көру мүшесі-
2. Ұя салмайтын құс- 7. 100 жыл-
3. Қажымұқан кім? 8. Үш би-
4. Күй орындаушы адам- 9. Жеті күн-
5. Абылайдың шын аты- 10.Қой баласы-
Оқушыларды топшамалар арқылы 3 топқа бөліп алу.
Сабақтың толық нұсқасын мына жерден көшіріп алуға болады: Сіз біздің серверден файлдарды жүктей алмайсыз
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 1885
авторы: Merlan
29 наурыз, 01:03 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
БҚО Орал қаласы №40 ЖОББ мектебінің
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі
С.С.Жаксымбетова

Сабақтың тақырыбы: Н.Серәлиев «Өтірік өрге баспайды»
Сабақтың мақсаты: а) Мәтіннің идеясын ашу, әдебиеттік теория ұғымын
қалыптастыру;
ә) Оқушыларды өз бетінше жұмыстандыра отырып,
шығармашылыққа баулу;
б) Өтірік айтпауға, алдамауға, шыншыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: бес жолды өлең, автор орындығы, «қызықты жазу» стратегиясы, консептуалдық кесте, түртіп алу, топтық тергеу, тест жұмысы.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, топшамалар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, қазақ тілі.
Күтілетін нәтиже: Мәтіннің идеясын аша білулері, әдебиеттік теория ұғымының қалыптасуы, өз беттерінше жұмыстана отырып шығармашылыққа дағдыланулары.
Сабақтың өтілу барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Сабақтың толық нұсқасын мына жерден көшіріп алуға болады: Сіз біздің серверден файлдарды жүктей алмайсыз
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 5772
авторы: Merlan
29 наурыз, 01:03 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Он алтыншы желтоқсан. Т.Молдағалиев

Орал қаласы, №40 ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Саматова Лаура Саматқызы

Сабақтың тақырыбы: Он алтыншы желтоқсан. Т.Молдағалиев
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуіне баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үнтаспа.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: кубизм, топтастыру, эссе
Сабақтың барысы.
I. Қызығушылықты ояту
Мұғалім Балалар (хормен)
- Әрбір адам? – Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ? – Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің? – Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің? – Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
II. Өтілген материалдарды қайталау, пысықтау.
Үй тапсырмасын сұрау.
- Балалар, бүгінгі қазақ әдебиеті сабағы ерекше. Өйткені, сендердің білімдеріңді, біліктеріңді
бағалауға ұстаз апайларымыз келіп отыр
Кубиз әдісі арқылы үй тапсырмасы қорытындыланады.
- Қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілі.
- Осы қыс мезгілінің айларын атайықшы?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Олай болса, осы желтоқсан айында болатын ерекше мерекелердің бірін білу үшін біз қазір сөзжұмбақ шешеміз.
Т
Ә
У
Е
Л
С
І
З
Д
І
К
III. Мағынаны тану
1. Рәміз.
2. Қазақтың ханы.
3. Жыл басы.
4. Киелі сан.
5. Бұрынғы астана.
6. Ресей халқы.
7. Алып жануар.
8. Қасиетті ай.
9. Мұз айдыны.
10. Жыртқыш құс.
11. Қазақстан қаласы.
- Сөзжұмбақтан ерекше торкөзден қандай сөз шықты?
- Тәуелсіздік.
- «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Топтастыру әдісі .
- Ал, біздің еліміз тәуелсіздікті қашан алды?
(жауап алу)
- Ендеше, оқушылар
16 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған күн.
- Биыл біз тәуелсіздіктің неше жылын тойлаймыз? (21жыл).
- Тәуелсіздікті қашан алдық?
- 1991 жылы 16 желтоқсанда.
- Міне, балалар тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.
- Осы біздің тәуелсіздігімізге, егемендігімізге көптеген ақын, жазушы ағаларымыз, аталарымыз өлеңдер арнаған екен.
- Олай болса, біз бүгін Т. Молдағалиев атамыздың «Он алтыншы желтоқсан» деген өлеңімен танысамыз.
Дәптермен жұмыс
Т.Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы обл.Еңбекшіқазақ ауд.Жарсу совхозында дүниеге келді.Т.Молдағалиев көптеген ән мәтіндерінің авторы .ҚР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген .Халықаралық Физули сыйлығының лауреаты.Қазақтың біртуар ақыны 2011жылы қазанның 10 күні дүниеден озды.
- Ендеше, балалар, біз Т. Молдағалиев атамыздың «16 желтоқсан» өлеңімен танысамыз.
Сұрақтарға жауап аламын .
1. Өлең неліктен 16 желтоқсан деп аталады?
2. Бұл қандай мереке?
Басқада ағаларымыз «Желтоқсан» оқиғасына арнап әуені мен өлеңдер арнаған екен. Солардың бірі «Желтоқсан желі» әнін біз қазір үнтаспадан тыңдайық, Әбирбек Тінәлиевтің орындауында.
Үн таспадан тыңдау
- Міне, балалар жаңа біз әнді тыңдап отырып, видеосынан болған оқиғаларды да көрдік. Ағаларымыз бен апаларымыздың алаңға шыққанын, одан кейінгі қиыншылықтарын көрдік.
- Осы тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін білдік. Тәуелсіздік, егемендік жолында қазақ жастары шеруге шықты.
Олар: Қайрат Рұсқұлбеков
Ербол Спатаев
Сабира Мұхамбетжаноыва болды.
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан
Тарихы оның тым әріден басталған
Бостандықтан құтқарам деп елімді
Талай боздақ қара жерді жастанған – демекші, біздің көптеген аға – апаларымыз желтоқсан оқиғасының құрбандары болды.
- Біздің осы аға-апаларымыз желтоқсанда ерлігімен, өжеттігімен, батылдығымен, батырлығымен көзге түсті.
V. Ой толғаныс
«Менің елім» тақырыбына эссе жазу.
- Біз бүгінгі сабағымыздыда не үйрендік? Не білдік?
Сандардың сырын айтсақ, артынан бүгінгі сабағымыздың қорытынды, түйінді сөз шығады.
VI. Бағалау.
Өрнектерді шығару арқылы оқушылар өз бағаларын біледі.
VІI. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 2734
авторы: Merlan
29 наурыз, 01:03 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Орал қаласы, №40 ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Саматова Лаура Саматқызы

Сабақтың тақырыбы: Домбыра. М.Әлімбаев
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға М.Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығымен, «Домбыра» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің А.Жұбановқа арнауы туралы мағлұмат беру;
- Сөздік қорын молайту, эстетикалық қызығушылығын дамыту, есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру;
- Өнер адамдарын құрматтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «БжС» технологиясының «Ауызша – 1» картасы, түсіндіру.
Көрнекілігі: М.Әлімбаевтың, А.Жұбановтың портреті, домбыра.
Сабақ барысцы: І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық тренинг
Сынып лидеріне сөз беріледі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Әділхан Қастеев кім?
2. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы кім?
3. Неше жасында жетім қалды?
4. Балалық шағында немен айналысты?
5. Ә.Қастеевтің анасы кім?
6. Ол ненің шебері болған?
7. Ә.Қастеевтің өнер сүйіп өсуіне кім әсер етті?
8. Тастан, ағаштан жан-жануарлардың мүсінін қашан жасады?
9. Ол қандай суретші?
10. Қайда оқыды?
11. Қазақ халқының тұрмысын бейнелейтін қандай суреттері бар?
12. Табиғаттың әсем көріністерін бейнелейтін қандай суреттері бар?
13. Суретшінің есімімен аталған мәдени орынды ата
14. Басқа қандай суретшілерді білесің?
15. Оралда қай суретшінің мұражайы, мектебі бар?
16. Суретші болу үшін нені білу керек?
17. Мүсін дегеніміз не?
18. Мүсінді неден жасауға болады?
19. Ә.Қастеевтің өнер сүйіп өсуіне кім әсер етті?
20. Неше жасында жетім қалды?
ІІІ. Жаңа сабақ
Жұмбақ
Ұзын мойын,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп. (Домбыра)

Мұғалімнің түсіндіруі
Оқулықпен жұмыс
Тірек сөздер: домбыра, бұлбұл құс, күй, ішек, бағалы, перне, мұра. (1 минут жаттап, 1 минут ішінде жазу)
Өлеңді оқу (3 мин)

Қарама-қарсы сұрақтар:
1. Мұзафар Әлімбаев кім?
2. Оның қандай шығармаларын білесің?
3. Ахмет Жұбанов кім?
4. Домбыра қандай аспап?
5. Домбыра қандай бөлшектерден тұрады?
6. Домбыраның үні қандай?
7. Өлеңде домбыра туралы қалай жырланған?
8. Өлеңнің А.Жұбановқа арналу себебі неде?
9. Домбыра аспабының қазақ халқы үшін мәні қандай?
10. Ақын домбыраны неге адамның жанымен теңейді?
11. «Домбыра ата көзі, баба мұрасы» деген жолдарды түсіндіріп көр.
12. Домбырада не орындалады?
13. Күйші деген кім?
14. Қандай күйшілерді білесің?
15. Өлеңде күй сазын нелер де ұққан?
16. Неліктен кейбір адамдар домбыраны қомсынады?
17. Басқа қандай ұлттық музыкалық аспаптарды білесің?
18. Өзгелердің күйін тартатындарды қолындағы аспабына қарай қалай атайды?
19. Домбыра аспабының қазақ халқы үшін мәні қандай?
20. Домбырада не орындалады?

Сергіту сәті
«Домбырасыз ән қайда?»
Сын тұрғысынан сұрақтар:
1. Мұзафар Әлімбаев халық жазушысы+
2. Оның «Шәкірт балаларға», «ғылым таппай мақтанба» деген шығармалары бар-
3. А.Жұбанов — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер+
4. Алғаш қазақ оркесторын құрушы+
5. Домбыра ұлттық музыкалық аспап. +
6. Домбыра бөлшектерден тұрмайды.-
7. Домбыраның үні қызыл-
8. Өлеңде домбыра туралы ештеңе жырланбаған-
9. Өлең А.Жұбановқа арналған+
10. Домбыра аспабының қазақ халқы үшін мәні жоқ-
11. Ақын домбыраны адам жанымен теңейді+
12. Домбырады би орындалады-
13. Күйші деген өз жанынан шығаратын адам+
14. Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова- күйшілер-
15. Өлеңде саз үнін бұлбұл құстар да ұққан+
16. Кейбір адамдар домбыраны қомсынады+
17. Баян, гитара, пионина ұлттық музыкалық аспаптар-
18. Сырнаймен күй тартқан адамды қобызшы деп атайды-
19. Домбыра ата-бабамыздан келе жатқан мұра+
20. Бұлбұл жыртқыш құс -
Тақырыптық сөздік қор (5 минут ішәінде тірек сөздерді пайдалана отырып, тақырып бойынша анықтама немесе түсінгенін жазады)
Бағалау
ІV. Қорытындылау
Күй тыңдау.
Домбыра турал өлең тыңдау.
Үйге тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 2753
авторы: Merlan
29 наурыз, 01:03 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Нүкте, кесінді. Ұзындықты әр түрлі өлшемдермен өлшеу.

БҚО Орал қаласы №40 ЖОББМ
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі
Алипкалиева Зухра Мадиевна

Сабақтың тақырыбы: Нүкте, кесінді. Ұзындықты әр түрлі өлшемдермен өлшеу.
Мақсаты: а/ Оқушылардың нүкте, кесінді туралы түсініктерін қалыптастыру.
Геометриялық фигуралардың атауларынымен таныстыру.
ә/ Сантиметрмен таныстыруға кесінділердің
ұзындықтарын салыстыруды үйренуге дайындау.
б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар, кесте, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.
-психологиялық көңіл-күй.
II.Тірек білімдерін жетілдіру.
1. «Не өзгерді», «сана және айт», «неше рет», «дыбыс қай жақтан шықты?» ойындары.
2. Геометриялық фигураларды көрсету, өздеріңе белгілі фигураларды тап және ата.
III.Жаңа сабақ:
1.Мұғалім карточкаға жазылған «Сызық, кесінді, нүкте» сөздерін оқиды.
- бұл сөздердің барлығы сендерге кішкентай жаңалықтар ашуға көмектеседі. Сендер нүкте және кесіндімен танысасыңдар. Өткен сабақта танысқан сызық түрлерін естеріңе түсіріңдер. Оларды атңдар. Қайшыны алып түзу сызықтың бір бөлігін екі жағынан кесіп алдыңдар дейік. Енді кесінді пайда болды. Кесінді екі жағынан нүктемен шектелген. Яғни, оның басы мен ұшы бар. Сызықты біз екі жағынан шексіз соза береміз. Т.с.с.
2.Оқулықпен жұмыс.
№1. «сызық пен кесіндінің қандай айырмашылығы, қандай ұқсастығы бар? Сызықтарды өлшеуге бола ма? Кесіндіні ше?» деген сұрақтар қою.
№2. Бізге өлшеу үшін қандай да бір өлшем керек. Алия қызыл өлшемді алып кесіндіні өлшеді. Оның өлшемін кесіндіге неше рет сиғызуға болады. Балалардың назарын бірдей кесіндіні түрлі өлшеммен өлшеген кезде, әр түрлі шама шығатынына аудару.
№3. Оқулықтағы өлшемді алып кесіндәіні өлшейді.
№4. Ойлау қабылетін дамытуға жаттығулар.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымен жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен боп өседі.
3.Дәптермен жұмыс:
№1. Алдын ала дайындалған өлшемдерді пайдаланып жұмыстар жүргізу. №2,3 Геометриялық фигуралардың атауларын бекіту.
ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.
V.Мадақтау.
-Сабақ аяқталды.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 6736
авторы: Merlan
29 наурыз, 01:03 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
БҚО Орал қаласы №40 ЖОББМ
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі
Алипкалиева Зухра Мадиевна


Пәні:Дүниетану.
Сабақтың тақырыбы: Оқушының жеке гигиенасы.

Сабақтығ мақсаты: а ) Оқушылар гигиена жайлы мағұлмат бере отырып,гигиеналық заттар жайлы, тазалық туралы білімдерін кеңейту.
ә ) Оқушыларды ұқыпты, жинақты болуға, таза да әдемі болуға
тәрбиелеу.
б ) Балалардың ақыл – ой ұшқырлығын, сөздік қорын, зейінін
дамыту.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, талдау – жинақтау.
Көрнекілік: Суреттер, сабын, айна, тарақ, жұмбақтар.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып іші тап – таза
Дайын дәптер тақтада
Білім алып ортада
Отырамыз партада
II а ) Үй тапсырмасын тексеру
Оқушының күн тәртібі.
Ә)Өткенді қайталау.
1. Табиғат неше топқа бөлінеді?
2. Адамдар балықты зерттеп не жасады?
3. Жыл мезгілдерін ата?
4. Иіс сезу мұшесі?
5. Жаңа жылды қашан қарсы аламыз?
6. Адамның қанын соратын жәндік?
7. Өсімдіктің қай мүшесі топырақтың астында болады?
8. Қыс айларын ата
9. Төрт түлік малды ата
10. Қыс мезгілі қандай болады?
11. Ұя салмайтын құс..
12. Жұмбақтың шешуін тап...
13. “Отбасы” деп кімдерді атаймыз?
14. Аюдың үйін қалай атаймыз?
15. “Орман дәрігері” деп нені айтамыз?
16. Қыста қоянның түсі қандай болады?
17. Қысы – жазы жап – жасыл болып тұратын ағаш?
18. Көкжиек тұстарын ата...
19. Тікенекті аң...
20. Құстың денесі немен жабылған?
21. Н. Әбішұлы кім?
22. Өлеңде қай мезгіл айтылған?
Ұшан – теңіз қалың қар,
Жерді басып жатады.
Мұздай демі бет қарып,
Аяз аузын ашады.
III Жаңа сабақ
а) Жұмбақпен жұмыс
Ертеңмен күнде сен. Шомылған баланы
Қолыңды сүйкесең, Аймалап алады
Кеіп кір, ласың, Сүртеді жанын да
Тап – таза боласың Бұл не?
( сабын ) ( орамал )
Қарап тұрсаң өзіңе Аузы жоқ, көзі жоқ,
Сурет түсер көзіңе Тілі жоқ, сөзі жоқ
Ол суретің ұқайды Бірақ та, тісі бар.
Дал қазіргі өзіңе Басыңмен ісі бар.
( айна )
- Бұлар нелер.
- Бұлар жеке тазалық заттар.
- Ендеше жаңа сабағымыз Оқушының жеке тазалық заттары
ә) Оқулықпен жұмыс.
б) Мектеп дәрігеріне сөз беру
в) Сергіту сәті.
г) Дәптермен жұмыс.
Жеке тазалық заттарды белгілеу.
IV Сабақты бекіту, қорыту.
а) Сыни сұрақтар
1. Шашты тарақпен тараймыз.
2. Тісті тек кеште жуамыз .
3. Орамал бәрімізге ортақ .
4. Шашты тіс пастасымен жуамыз .
5. Тарақ жеке болу керек .
6. Қолды 1 рет жуамыз .
7. Жеке басының гигиенасын үйде сақтаймыз .
8. Жеке басының гигиенасын мектепте сақтаймыз .
9. Жеке зат деп тарақ. сабын, шампунды айтамыз .
10. Моншаға күн сайын барамыз .
11. Жеке бас гигиенасы өз отбасында сақталсын.
12. Жеке бас тазалығын сақтаған адам аурушаң болады.
13. Әр түрлі ауруларды алдын – алу үшін ең алдымен тазалық керек .
14. Ойыншық, кітап, сурет, машина оқушының жеке гигиеналық заты болып табылады.
15. Тіс пастасымен, тіс щеткасы әр оқушыда жеке болу керек .
16. Сабынмен үнемі қолды жуу керек.
17. Шампуньмен шашты жуамыз .
18. Тазалықты сақтай алатын оқушы ұқыпты, оқушы деп айтамыз .
ә) Пайдалы кеңес.
Оқушылар бір – біріне кеңес беру.
б) Тазалық жайлы өлеңдер айту.
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 13386
авторы: Merlan
28 наурыз, 19:03 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері

БҚО, Орал қаласы,№40 ОЖББМ
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Жайманова Жазира Бакыткайровна


Пәні: бейнелеу өнері, 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегі туралы түсінік беру, бейнелеу өнеріндегі ертегілер кейіпкерлері туралы жалпы мағлұмат беру, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.
Дамытушылық: Ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту ,оқушылардың танымдық қасиетін дамыту, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу, есте сақтау, ойдан құрастыру қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, кезеңдер бойынша суретті тез әрі оңай салуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері салынған суреттері, ертегі кітаптар,нақыл сөздер.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, сайыс сабақ, топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс: сауат ашу
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту. Психологияллық дайындық
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу, құрал-жабдықтарын тексеру. Барлығының назарын сабаққа аударту
Өнерді таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен үйрендім.
Әбілхан Қастеев
ІІ. Мағынаны ашу.
Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегі –жақсылық пен жамандықты жеңіп,соңы жақсылықпен аяқталатын ойдан шығарылған хикая.Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқада халық қиялы тудырған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады.
Қазақ ертегілері сан алуан оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Ертегі кейіпкерлеріне арнап сурет салу - ең қызықты тақырып.
Әрбір бала ертегіні қызықтап оқиды, әңгімелеп береді және сол туралы сурет салуға құштар. Сурет салу кезінде ертегі баланың дүниетанымын, ақыл-ойын, шығармашылығын арттырады. Есімізге түсірейікші ертегі қалай басталады.
Әжем менің көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды.
Еліктіріп,ертек бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды.
«Айта берсе екен» деп,
Отырамыз «Ұйқыға әлі ерте» деп.
2011 жылы Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Azia animation» компаниясы «Алдар көсе туралы ертегілер» атты анимациялық топтаманы жарыққа шығарды. Онда 85 мультфильм, 50 ертегі, «Бізді қоршаған әлем атты» суретті аудио-cөздік қамтылған. Жоба продюсері – Игорь Краус пен авторы – Артур Краус.
III.Негізгі бөлім
Бұл шараға 3 топ мүшелері қатынасады.
1-топ «Балдәурен»
2-топ «Балдырған»
3-топ «Болашақ»
1.Таныстыру.
- Топ мүшелері өздерін таныстырады.
2.Кішкентайынан жатқа білетін ертегісін баяндап беру,айту.
1-топ «Балдәурен»- Алдаркөсе туралы
2-топ «Балдырған»- Түлкі туралы
3-топ «Болашақ»- Жеті лақ
ІV. Машықтық жұмыс.
Сурет дәптермен жұмыс. (Сармандық жұмыс)
Дәптерлеріндегі суретті бояу және өздері білетін ,жақсы көретін ертегі кейіпкерлерін бейнелеу,сурет салу.
«Ертегілер» әні орындалып тұрады.
Шығармашылық тапсырма
3. «Достық» тақырыбына ертегі құрастыру.
Әр топ өз бетінше ертегі құрастырып 10 минуттан соң құрастырған ертегісін әңгімелеп айтады.
Шарты:1.Ертегінің басы болуы керек.
2.Негізгі бөлімі.
3.Ертегінің соңын жақсылықпен аяқтау. (мұратына жету)
V.Сабақты қорытындылау.
-Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Сабақ несімен ұнады?
-Ертегі дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
VІІ.Бағалау. Үйге тапсырма беру.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 16295
авторы: Merlan
28 наурыз, 19:03 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
БҚО, Орал қаласы,№40 ОЖББМ
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Жайманова Жазира Бакыткайровна


Тәрбие сағаты 1 сынып
Тәрбиелік шараның тақырыбы: «Тапппадым саған теңеу, асыл анам!»

Сабақтың мақсаты: Аналарды, әжелерді, қыздарды халықаралық 8- наурыз мерекесімен құттықтау; жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту. Баланың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту; анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әсем безендірілген зал, суреттер, газеттер шарлар.
Сабақтың барысы:
Мерекелік көңіл-күйді білдіру мақсатымен.
«Гүлдер» презентациясын музыкамен қосу.
Мұғалім сөзі:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
Ана - барлық өмірдің бастауы Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам. Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы аналар!
1-оқушы Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі - аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.

2-оқушы Біз ғана емес,
Қадыр тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар қасиетті аналар!

3-оқушыДүниедегі әр адамзат баласы,
Болсын мейлі ол бір елдің данасы,
Мәңгілікке қарыздар боп біреуге
Өтеді екен, ол - өзінің Анасы.
Ән айту «Айналайын ақ мамам» (баянның сүйемелдемеуімен айтады)

4-оқушыМамам менің ақ мамам
Гүлді маған баптаған
Жырды маған жаттаған
Мен ұйықтамай жатпаған.

5-оқушыШалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз.

6-оқушы Ардақты анам, асылым
Теңдігіңді жырлаймын.
Жырымның ең асылын
Мерекеңе сыйлаймын.

7-оқушыБақытты ғой шынында
Анасы мен балалар.
Құтты болсын мереке
Бәрі: Аман болсын аналар!

8-оқушыМерекеңмен құттықтап,
Қуанамыз құлпырып.
Анаға арнап ән салып,
Берейік сыйлық ұсынып.

Ойын:
Бәрекелді! Ал балалар, аналарыңа тағы қандай жыр арнайсыңдар!
9-оқушыАна деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.

10-оқушыАйтсаң болды тіл алам,
Әйбат анам, пәп анам.
Сен керексің қайда да,
Айналайын ақ анам.

Мұғалім:Бишілерде өнер көп
Билейді биді мәнерлеп.
Қыздар биін көріңдер,
Өнерге баға беріңдер.
Енді ортаға қыз балалардың тама биін қарсы алайық. Би «Қуыршақтар »

«Мен анамды қаншалықты білемін?» байқауының сұрақтары:
Шарты: Сұрақтарға анасы мен баласы қатар жауап беріп отырады.
1.Анаң қандай түсті киімдерді ұнатады?
2. Жақсы көретін тағамы не?
3.Ұнататын гүлі қандай?
4.Бос кезде немен шұғылданғанды ұнатады?
5.Ұнатпайтын ісі қандай?
6.Ұнататын әншісі кім?
7.Анаңның көзінің түсі қандай?
8.Анаңның көретін телесериалдары?
9.Анаңның еркелеткенде жиі айтатын сөзі қандай?

11-оқушы Жамандықтан жирентіп,
Жақсылыққа бастаған.
Ұзақ болсын ғұмырың,
Асыл анам – жақсы адам.

12-оқушыТаусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем менің өйткені,
Өте жақсы көреді.

Оқуды да ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да аялап,
Мерекесін тойлаймыз.
Мерекеде көктемгі
Құттықтаймыз сіздерді.
Қыздарға арналған өлең шумақтары айтылады. Ұлдар құттықтайды.

Айдана біздің – арайлы
Ақырын сөйлеп қарайды
Үндемей жүріп басып оз,
Таң қалдырып талайды.

Сыныптың Асылай үздігі,
Алғыр, зерек, білімді.
Көмектесіп ұстазға,
Үнемі алда жүреді.

Тазалықты сүйетін,
Сабағын да білетін
Бота көзді Саяжан
Ұзақ болсын өмірің.

Себепсіз қалмас сабақтан,
Көреміз сені тек алдан.
Өсе бер жайнап Диана
Ақылың бойға жарасқан.

Жалқауға жақын қосылмай,
Жақсыдан достық үзбеген,
Жанерке жарқыным,
Қарқындап өссін дарының!

Мінезі жарқын күн дер ем,
Мін дегенді білмеген,
Білімге құмар, Қарақат
Жайрандаған жарқын жан

Алуа сезімді,
Құттықтаймыз өзіңді!
Бармағынан бал тамған.
Балдай тәтті Самалды

Ерте тұрып ерінбегей,
Жалқаулыққа берілмей,
Еңбек еттің, Айым
Еліміздің еріндей.

Кіші қамын ойлаған,
Кісі жанын сыйлаған,
Өнері мен ісімен
Өзгелерге танылған, Аруна мейрамыңмен!

Бақытты болсын әр күнің!
Зерделі де, зейінді,
Зерек , кішіпейілді
Айдана мерекеңмен!

Дөңгелене билейді
Әнде айтып береді.
Кең маңдайлы Гүлден
Әдемі еді қандайды
Ән: «Ақ мамам»
Мереке ойындармен жалғасады:
1. Топтарға бөліп, әр топтан бір ана шығады, өзін айнаға қарап мақтайды.
2. Көзін байлап өз баласын мұрнына табады.
3. Балалардың көзін байлап аналарды қолынан табады.
4. Балаларға арналған сұрақтар «Сен білесің бе?»
- Нағашы деген кім?
- Нағашы атаңның аты кім?
- Нағашы апаңның аты кім?
- Анаң қандай түсті жақсы көреді?
- Анаң саған не берді?
- Ананың көңілі балада
Баланың көңілі ....
- Бақыт деген сен үшін не?

Өлеңді жалғастыр:
Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің, ...... (жалғастыр)
«Құлыншағым, күнім дейтін.» Ф. Оңғарсынова
- Дүниеде не тәтті? – Ананың сүті ( Жиренше шешеннің сұрақтары)
- Ал жұмсақта не жұмсақ?-Ананың қолы
Қорытындылау.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Б.Ж. Аскароваға беріледі.
Көп балалы аналарды алғыс хатпен марапаттау.
Ата-аналарға сөз беріледі.
Шығарылған «Балалы үй – базар » атты газеттердің үздігін анықтап марапатау.

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Осымен мерекелік іс-шарамыз аяқталды.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 2435
авторы: Merlan
28 наурыз, 18:03 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Екі таңбалы санды қосу және айзайту. Пысықтау.

Орал қаласы, №40 ЖОББМ
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Байдильдина Венира Айбулатовна


Пәні: математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы:Екі таңбалы санды қосу және айзайту. Пысықтау.
Сабақтың мақсаты:а)Екі таңбалы сандарды баған түрінде қосып, азайту
тәсілдерін,есептерді сандық деректермен толтыру,
периметрді табуға берілген тапсырмаларды орындауға,
білім-біліктерін жетілдіре түсу.
ә)Оқушылардың таным қабілеттерін,зейіндерін белсенді-
ліктерін дамыту.Сабаққа қызығушылығын арттыру.
б)Оқытудың өмірмен байланысын нығайту.ұжымда бір-
лесе бірге жұмыс істеуге тәрбиелеу,өз бетінше жұмыс
жасауға төселдіру.
Сабақтың түрі:пысықтау сабақ
Сабақтың әдісі:жеке, өзіндік,ұжымдық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі:сиқырлы сандықша,тапсырма,Нұрлы күн,интерактивті тақта,магнитафон.
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу,музыка.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
1.Психологиялық дайындық.

Сабақтың толық нұсқасы: Сіз біздің серверден файлдарды жүктей алмайсыз
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 1490
авторы: Merlan
28 наурыз, 18:03 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Орал қаласы, №40 ЖОББМ
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Байдильдина Венира Айбулатовна


Пәні: Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз К мен Г
Сабақтың мақсаты:а) Оқушыларға к мен гдыбыстарының қалай айтылаты-
ны,қай буындарда жазылатыны,к әрпінен кейін да-
уысты дыбыс келсе, өзгеретіні туралы түсіндіру.
ә) Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың
танымдық,шығармашылық қабілеттерін байқау,дамыту.
б)Оқушыларға адамгершілік ақыл-ой тәрбиесін беру.
Көркем сауатты жазуға үйрету.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру.
Көрнекілігі:суреттер,топшама
Сабақтың барысы:
I.Қызығушылықты ояту
Поэзия минуты
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені.
Болашағым,бақытым,дара тілім.
-Міне,балалар қазір,кемеңгер ғұлама ақындарымыздың туған тілі,біздің тіліміз-қазақ тілі сабағы.
Үй тапсырмасын тексеру
4-жаттығу 72 бет
Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр.Қ дыбысына аяқталатын сөздерге дыбыстық талдау жасау.Осы сөздерге дауысты дыбысты жалғап айт.4 оқушыдан сұрау.
II.Мағынаны тану
Шеңберге тұрғызу.Бір-біріне жүрек беріп,тілек айту.
-Ал,балалар біз бір-бірімізге тілегімізді білдірдік.
-Мынау не ?
-Жүрек.
-Неше буынды сөз?
-Қандай дыбыспен аяқталған?
-К қандай дыбыс?
-Осы сөздің соңына дауысты дыбыс қосып айтайық.
- Жүрек-жүрегі
-Қандай өзгерісті байқадыңдар?
-К дыбысына яқталатын сөздерге кім мысал келтіреді?
3-5 оқушыға мысал айтқызу.
Қорытынды жасайық.
Г әрпі сөз соңында жазылмайды.К дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе,к дыбысы г дыбысына айналады.
-Өз білімімізді әрі қарай жетілдіру үшін, орнымызға отырайық.
-Балалар, сабақтағы мақсатымыз не ?
-Білім алу.
-Міндетіміз:еңбектену.5-ке қолды жеткізу.
Дәптермен жұмыс
Күннің жады.Тақырыбы:Дауыссыз к мен г
Көркем жазу минуты
Кк Кк Кк
Көбелек-көбелегі,көкек-көкегі,көрік-көрігі.
Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу. (ауызша) Сөздерді оқып,мағынасын түсіндір.К дыбысы қай буындарда кездесіп тұр? Г дыбысы ше? К,г қандай дыбыстар.
2-жаттығу.(тақтаға) Санамақты жатқа оқы.К дыбысына яқталған сөздерге і дыбысын қосып жаз.Саусақтардың атын біліп ал.Оларды тағы қалай атайды?
(2 оқушы орындайды) Үйрек-үйрегі,терек-терегі,шүмек-шүмегі,бөбек-бөбегі.
Сергіту сәті
Қатағ,ұяң,үнді.
Жұмбақ шешу.
Иесі оның сәби,
Әрі төсек,
Әрі үй Шешуі:бесік
І дыбысын қосып айт.
3-жаттығу.(өзіндік жұмыс) Суреттегі заттардың атын жаз.Сөздерге і дыбысын қосып айт.Сөз соңындағы к дыбысы қандай дыбысқа айналды?
Көршілес жұмыстарын тексеру.(өздеріне бағалату.)
4-жаттығу. Сөздердің аяғына у әрпін қосып жаз.Сөздерді үлгіде көрсетілгіндей түрлендіріп оқы.(3 қатардан ,3 оқушы орындайды.)
Үлгі:
1.Төк-төгу,төгілді,төгеді.
2.Ек-егу,егілді,егеді.
3.Тік-тігу,тігілді,тігеді.
4.Бүк-бүгу,бүгіледі,бүгеді.
5.Сөк-сөгу,сөгілді,сөгеді.
III.Ой толғаныс
1-қатар Анаграмма К
1.Кісінің аты.
2.Ұя салмайтын құс.
3.Жаңғыш пайдалы қазба.
4.Тағам түрі.
5.... білім бұлағы.
6.Жер қазатын құрал.
7.Қыста ұйықтайтын жануар.
8.Спорт түрі.
9.Жәрдем жасау.
10.Машина,автобус,трамвайдың жалпы атауы.
Жауабы:Күлән,көкек,көмір,кеспе,кітап,күрек,кірпі,күрес,көмек,көлік.
2- қатар «Көлік» сөзіне 5 жолды тұжырымдама жасау.
1.Бір зат есім.Көлік
2.Екі сын есім.Ақ,жеңіл
3.Үш етістік.Жүреді,зулайды,тұрады.
4.Төрт сөзді сөйлем.Біздің үйде көлік бар.
5.Бір синоним.Машина
3 -қатар
«Көбелек» тақырыбына эссе жазу.
-Сонымен балалар ,біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
Дауыссыз к мен г
К мен г туралы қандай дыбыстар?
Өз ойларын айтқызу.
IV.Бағалау
V.Үйге тапсырма 5-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жаз.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 3293

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Наурыз 2013    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама