авторы: ramuk_b
30 шілде, 15:07 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға

Қазақ халқының ұлттық киімі

 

 

 

Сыныбы: 6
Пәні: Бейнелеу
Пән мұғалімі: Абдимусаева К.А
Шымкент қаласының №79 орта мектебі

Файл: презентация түрінде.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 3860
авторы: ramuk_b
23 шілде, 23:07 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Ғабит Мүсірепов (1902-1985жж.)

Ғабит Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңа жол» ауылында шаруа отбасында туған. Бала кезінде ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таниды. Ол кездегі ауыл ақсақалдарының бір әдеті – кешке жақын дөң басына, немесе көкорай шалғын көк майса үстіне киізді жайғызып тастап, неше түрлі қисса, жырды қызыға тыңдайтын болған. «Әдебиетпен алғаш жақын танысуым осы еді» - дейтін жазушы балалық шағын есіне түсіріп отырып. Зерек бала «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Ләлі-Мәжнүн», «Көроғлы», «Сал-сал», «Зарқұм», «Шәкір-Шәкірат», «Шахмаран» сықылды інжу-маржан жырларды сүйсіне оқып, талай бетін жаттап та алады.
  • 0
 пікірлер: 0
 қаралды: 2363
авторы: ramuk_b
4 шілде, 22:07 жарияланды
Категориясы: Сабақтар қоры
Қазақ сувенирлік символикалары №1

Бұл бумадан қазақ сувенирлік ою-өрнектерді таба аласыздар. Сәттілік тілеймін!
 пікірлер: 0
 қаралды: 1864
авторы: ramuk_b
4 шілде, 21:07 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Сәбит Мұқанов (1900-1973 жж.)

Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері.
Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы. Ол кездегі қазақ ауылындағы жалғыз оқу – молда оқуы болған. Жас Сәбит осы молдадан оқып, арабша хат таниды. Ел арасына көп тараған қисса-поэмаларды оқитындай сауаты ашылды. әуелде өлең-жырға, ертегі-әңгімеге әуес бала там-тұмдап әдебиет үлгілерін тауып оқи бастайды. Ол кездегі азын-аулақ қазақ кітаптарында ескі өзбек, немесе татар тілдері араласып келетін. Бұған себеп кітап бастыру ісі көбіне ескіше, дін оқуына қанық молда, немесе қазақ тіліне шорқақ, білмейтін татар оқығандарының қолында болатын. Талантты жастың қолына осындай әрқилы кітаптардың ішінен татардың классик ақыны Ғабдолла Тоқайдың, Абайдың кітаптары түседі. Бұл – қараңғыда нұр жауғанмен бірдей еді. Өйткені поэзиядан түсінігі молайған Сәбитке нағыз керегі де осындай шыншыл, түсінікті поэзия болатын. Абай мен Тоқайдың мағынасы терең, нәрі мол, әрі сұлу өлеңдері көкейіне қонып, Сәбиттің кейін ақындық, жазушылық жолға түсуіне көп әсер етеді.
 пікірлер: 0
 қаралды: 3273
авторы: ramuk_b
4 шілде, 21:07 жарияланды
Категориясы: Ұстаздарға
Жамбыл Жабаев (1846-1945жж.)

Жамбыл қазіргі Жамбыл облысында, шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туған. Әкесі Жапа кедей шаруа болған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Ол кездегі оқудың үйрететіні – көбіне діни насихат, ұрып-соғу, дүрелеу болатын. Бірақ молданың мұндай қорлығына шыдай алмай, Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ақындық өнерді сүйеді, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.
 пікірлер: 0
 қаралды: 2703

Сайтқа кіру

Сауалнама

"НҰРЛЫ БІЛІМ" республикалық ұстаздардың сабақтар топтамасының жинағын журнал түрінде шығарған тиімді деп ойлайсыздар ма?

Күнтізбе

«    Шілде 2011    »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Кім сайтта

Пікірлер

Copyright © Білімділер порталы & 2015

Жарнама